Видеодайджест «Аптаның айшықты оқиғалары» №3

2016 жылғы 27 қыркүйекте Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезекті отырысы өтті.

 

Отырыс барысында  кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту, тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы мәселелері талқыланды. 

Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның және жүйе құраушы кәсіпорындардың мәселелері бойынша өткен кеңесте 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасын өзектілендіру, экономикалық өсімді ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері қозғалды. 

Премьер-Министрдің «Атамекен» ҰКП сарапшыларымен, отандық жетекші IT- компаниялардың өкілдерімен кездесуі болды.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Сингапурдың Құрметті аға министрі, Парламент мүшесі Го Чок Тонгпен және McKinsey &Company компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу