Видеодайджест «Аптаның айшықты оқиғалары» №2

2016 жылдың 20 қыркүйегінде Б. Сағынтаев басшылық еткен Үкіметтің жаңартылған құрамы алғашқы отырысын өткізді.

Отырыс барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының орындалуы туралы, мемлекеттік қызмет түрлерін сапалы көрсету, қысқы жылу маусымына дайындық және күзгі жиын-терін науқаны талқыланды.

Мұнай-газ және энергетика саласы бойынша Мемлекеттік комиссия отырысында және автокөлік жолдарын дамыту  жиынында экономикалық даму бойынша маңызды сұрақтар талқыланды.

Осы аптада кәсіпкерлік және банк жүйесіне қатысты өзекті мәселелер қаралды. Сондай-ақ Премьер-Министр  екінші деңгейлі банк өкілдері және «Атамекен» ҰКП қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Дүниежүзілік Банктің Орта Азия бойынша  директоры Лилия Бурунчук және Гарврд Бизнес мектебінің профессоры Рауи Абделалмен кездесті.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу