Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №8

2016 жылғы 31 қазан мен 5 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бәсекелестікті қорғау мәселелері мен «Нұрлы жер» бағдарламасының жобасын талқылау жөнінде кеңес, сондай-ақ, инвесторларды тарту мәселелері бойынша Үкімет кеңесінің отырысын өткізді.

Сейсенбі күні Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысында ҚР көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мәселелері, сонымен қатар, геология саласы мен жер қойнауын пайдалануды дамыту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Бішкекте болып, онда ШЫҰ мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Сапар аясында Б. Сағынтаев Қырғызстан Президенті А. Атамбаевтың ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларымен кездесуіне қатысты, сондай-ақ Қырғызстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Сооронбай Жээнбековпен, Ауғанстан Ислам Республикасы Атқарушы билігінің басшысы Абдулла Абдулламен екіжақты кездесулер өткізді.

Бейсенбі күні кешке Б. Сағынтаев ресми іссапармен Астанаға келген ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті.

Жұма күні Бақытжан Сағынтаев АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын, сонымен қатар, жұмыспен қамту мен жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқылау бойынша кеңес өткізді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу