Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР вице-премьері Бердібек Сапарбаев Семей жұртшылығымен кездесті

Жұма, 20 Қыркүйек 2019, 14:21:27

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтік делегация Семей қаласының жұртшылығымен кездесті. 

Семейліктермен өткен басқосуда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты  Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Іс-шараға облыс әкімі Даниал Ахметов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Исин, сондай-ақ үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бизнес қоғамдастықтар, шығармашылық және ғылым зиялылар өкілдері қатысты. 

Вице-премьер өз сөзінде Мемлекет басшысының саясаты халықты еңбек етуге шақырып, мемлекеттік қолдау механизмін қолдануға бастайтынын атап өтті.

«Биыл 400 мың отбасыға немесе 2 миллионға жуық қазақстандыққа  атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Алайда жәрдемақының жағдайы бар адамдарға да төленіп келгені анықталды. Ескерте кететін жайт, атаулы әлеуметтік көмек тек мұқтаж жандарға ғана көрсетілуі тиіс. Ал еңбекке жарамды адамдар жұмыс істеуі тиіс. Егер мамандығы жоқ болса, оқытып, жұмыс тауып беруге, грант пен шағын несие алуға, жеке бизнесін ашуға қолдау көрсете аламыз. Әлеуметтік қолдау қоғамды мемлекет асырайды деген ұғымға иландырмауы керек», — деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Сондай-ақ, жас буынның тәрбиесі мен отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелеріне баса тоқталды.

«Өкінішке орай, жастар арасында, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ортасында қылмыс пен зорлық-зомбылық жағдайлары өршіп барады. Сондықтан мемлекет пен қоғам бірлесе отырып осы бағытта тиімді жұмыс істеуі керек. Ата-аналар балаларына саналы тәрбие беріп, адамгершілік, моральдық қасиеттерін бойларына сіңіре өсуіне зор көңіл бөлуі тиіс», — деді ол.

Кездесу барысында тұрғындармен қоғамдық келісімді нығайту, ана мен баланы қолдау, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларындағы қызмет көрсету сапасын арттыру, мәдениет пен спортты дамыту сияқты басқа да мәселелер талқыланды.

Вице-премьер Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасында бірегей ангиографиялық құрылғымен жасақталған гибридті операция жасау бөлімінің жұмысымен танысты.

Республика бойынша бірінші болып Семейде ашылған гибридті операциялық бөлімнің ерекшелігі сонда, науқастарға бір мезгілде бірнеше ашық әдіспен және интервенциялық араласу арқылы кешенді гибридті ота жасауға мүмкіндік береді. 

Гибридті ота жасау қондырғысын орнату және ғимаратты қайта қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 2,3 млрд теңге, оның ішінде жабдықтауға 1,7 млрд теңге жұмсалды. Айта кетейік, кешен халықаралық JCI талаптарына сай, «алтын» стандарт жүйесі бойынша салынды. Орталық ашылғалы бері 263 операция жасалынды. Жалпы жыл сайын 2,9 мың операция жасау жоспары тұр.

Электротехникалық колледжде өткен жиын барысында Бердібек Сапарбаев білім саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, қызмет көрсету сапасын арттыру, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін көтеру сияқты басқа да мәселелерді көтерді.

Вице-премьердің жұмыс сапары Өскемен мен облыстың басқа аудандарында жалғасады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
23 Шілде 2020, 19:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Шілде 2020, 13:03
Кадрлар даярлау, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда шағын несиелендіруді арттыру — Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасы қалай іске асырылуда
23 Шілде 2020, 09:07
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлерде бақылауды күшейтуде
22 Шілде 2020, 18:42
Заңсыз қоқыстарды жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлу және табиғатты қорғау — ЭГТРМ Президент тапсырмасының орындалуы туралы есеп берді
22 Шілде 2020, 15:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
21 Шілде 2020, 22:49
ҚР-да COVID-19-ға қатысты жағдай тұрақталды: күн сайын ауруды жұқтырғандар азайды, емделіп шыққандардың саны артты
21 Шілде 2020, 22:03
Жамбыл облысында 1200 жаңа жұмыс орнын ашумен Қазақстан-Ресей зауыты салынады
21 Шілде 2020, 15:29
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.07.2020
21 Шілде 2020, 14:09
Өңірлер жобаларды субсидияланған статусына дейін сүймелдеу бойынша қарқынды жұмыс жүргізуі тиіс — «Атамекен» ҰКП
21 Шілде 2020, 12:19
Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру көлемі 3,3 есе ұлғайды — ҚР ИИДМ
21 Шілде 2020, 11:05
«Қарапайым заттар экономикасы» аясында жарты трлн теңгеге 2 мыңнан аса жоба мақұлданды
21 Шілде 2020, 11:04
Екі апта ішінде жедел жәрдемді шақырулар саны 23%-ға азайған — ҚР ДСМ
21 Шілде 2020, 10:54
Қазақстан эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру деңгейіне шықты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.