Вице-премьер Ералы Тоғжанов Алматыдағы COVID-19-ға қатысты қазіргі ахуалмен танысты

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірлесіп қаланың 70-тен астам ауруханасы мен емханасының бас дәрігерлерінің қатысуымен бейнебайланыс режимінде ауқымды жиналыс өткізілді.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың өзекті мәселелері және мегаполисте COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Алматы сары аймақта орналасқан.  Күздің басында және ортасында төмендегеннен кейін аурудың өсуі байқалады. Осылайша, жұқтырғандардың саны 0,2%-ға дейін өсті, таралу коэффициенті тұрақты, 1-ден жоғары. Жұқтыру ошақтарының ең көп саны Бостандық, Алмалы, Әуезов және Медеу аудандарының аумағында орналасқан.

Өсудің себептері мен жұқтыру көздері - қоғамдық орындарға бару, үй, қалалық көлік, жұмыс орны бойынша ауруды жұқтырғандармен байланыс жасау, сондай-ақ шетелдерден тасымалдау. Сонымен қатар, ПТР тестілеу құнының төмендеуіне байланысты қалалықтардың өз бетінше жүгінуі бойынша жүргізілген тексерулер саны артты, бұл статистикалық деректерде де көрініс табады (пандемия басталғаннан бері Алматыда 668 мың тексеру жүргізілді, оның 294,5 мыңы - қалалықтардың өз бетінше жүгінуі бойынша).

Халық арасында ауруды жұқтыруды азайту мақсатында қала әкімшілігі шектеу режимінің сақталуына бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдады. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап 32 мониторингтік топ 518 іс-шара өткізді, оның шеңберінде 4264 объект қамтылды. 956 объектіде (23%) талаптарды бұзу фактілері анықталды. Шектеу шараларын сақтамағаны үшін 789 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оның ішінде 592-сі бетперде режимін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға қатысты. 13 материал сотқа берілді.

Сонымен бірге, Алматыда пандемияның жаңа толқынына 7011 төсек-орны бар, соның ішінде 250 реанимациялық төсек-орны бар 23 ковид клиникасы әзірленген. 3 жаңа инфекциялық стационар салынып, екі клиника реконструкцияланды. Клиникалардың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.

Медициналық қоғамдастық өкілдерімен кеңес барысында КВИ-мен ауырған пациенттерге көмек көрсетуге қатысқан медициналық ұйымдарды, қалалық онкологиялық орталықты қаржыландыру, сондай-ақ жедел жәрдем машиналарын жеткізу саласындағы мәселелер қаралды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қалада сырқаттанушылықтың өсуіне, сондай-ақ COVID-19 ПТР  диагностикасының мәселесі бойынша зертханалардың жұмысын үйлестірудің маңыздылығына назар аударды.

«Бүгін қойылған міндеттерді бүгін қаланың бас санитарлық дәрігерімен бірлесіп талдап, қажетті шаралар қабылдауды сұраймын», — деді Е. Тоғжанов. 

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов нақты тапсырмалар берді:

- қызметкерлерінің саны 15 және одан көп адамды құрайтын ұйым қызметкерлерінің 60-80%-ын қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру; 

- мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қосымша кезекші топтарды, қала мектептерінде кезекші сыныптар ашуды тоқтата тұру;

- жексенбі күндері санитарлық күнге жабыла отырып, СОО, сауда объектілерінің жұмысын сенбі күні сағат 17.00-ге дейін шектеу;

- жексенбі күндері санитарлық күн ретінде жабылумен, СОС, сауда объектілерінің жұмысын сенбі күні сағат 17.00-ге дейін шектеу;

- қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан нысандардың қызметіне сағат 7.00-ден 23.00-ге дейін, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бас санитар дәрігердің Қаулысының талаптарын сақтай отырып, отыратын орындар саны 50-ден аспаған жағдайда рұқсат ету;

- өнеркәсіптік, құрылыс, көлік кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмысқа жеткізу және тасымалдау үшін ұйымдарға қызметтік көлікті пайдалануды ұсыну;

- бас санитарлық дәрігердің Қаулысының талаптарын сақтай отырып,  ХҚКО жұмысы нжұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

- тестілік режимде жұмыс істеу кезінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып, туризм объектілерінің жұмысын жалғастыру.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу