5051 отбасы Арыс қаласындағы үйлеріне оралды

29 шілдеге қарай құрылысшылар Арыс қаласындағы 2707 үйді тапсырды. Тағы 2344 үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Мұнда шатыры жөнделіп, терезелері орнатылды, кейбір нысандарда косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуге қалды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде 5051 отбасы өз үйлеріне қайта оралды. 7785 құрылысшы қаланы қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Бір ай ішінде олардың қатары күн сайын бірнеше ондағаннан екі жүзге дейін толықтырылды.

Кең көлемді құрылыс жұмыстарына еліміздің барлық өңірлері, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар қатысуда. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаевтың басшылық етуімен төтенше жағдайдан кейінгі алғашқы күндерден бастап Арыс қаласын қалпына келтіру барысын қадағалап, бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу