Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда — ҚР СИМ 

Сейсенбі, 04 Ақпан 2020, 11:31:30

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру шаралары қаралды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндады. 

Министр атап өткендей, ағымдағы жылдың қаңтар айында маусымдық бағаның 0,3%-ға өскені байқалды. Бұл ретте, ол өткен жылғы қаңтарға қарағанда 2 есе төмен және алдыңғы жылдардағы алғашқы айларындағы бағаның өсуімен салыстырмалы.

«Бірқатар жедел және жүйелі шаралар қабылдау үшін барлық құралдар мен мүмкіндіктер бар деп есептейміз. Біріншіден, жергілікті атқарушы органдар мен бақылаушы органдардың аумақтық бөлімшелері қолданыстағы тетіктерді барынша пайдалануы қажет. Шекті бағаны бекіту тетігін белсенді пайдалану қажет», — деді Б. Сұлтанов. 

Министрдің айтуынша, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану түбегейлі өзгерістерді талап етеді.

«Осындай баламалы құралдардың бірі жеңілдетілген қаржыландыру арқылы бағаны ұстап тұру міндеттемелерін қабылдау бойынша сауда желілерін ынталандыру тетігі болып табылады. Біз оны «айналым схемасы» деп атадық және өңірлерді оны белсенді пайдалануға бірнеше рет шақырдық. Алайда, бұл құрал, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан басқа еш жерде қолдануға алынбады. Іс жүзінде бағаны тежеудің ең ыңғайлы тетігі нарықтың бәсекелестігін қорғау жөніндегі шаралар болып отыр», — деді Б. Сұлтанов.

Монополияға қарсы орган 2019 жылы 198 хабарлама жіберді, оның ішінде 83 хабарлама сауда желілеріне жіберілді. Олардың 182-сі, оның ішінде 75-і сауда желілерімен орындалды. Бұл бағаның өсуін біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Өткен жылдың желтоқсан айында ол тек 0,1%-ға өсті. Ал алдыңғы жылдың тиісті айында бұл көрсеткіш 1,4%-ға құрады. Делдалдармен жұмыс істеу кезінде баға келісімдеріне қарсы күрес әдістері қолданылуы тиіс.

Б. Сұлтанов атап өткендей, екіншіден, ішкі нарықты отандық азық-түлікпен толықтыруды қамтамасыз ету қажет.

Сауда және интеграция министрлігі Әлеуметтік маңызды тауарларды өндірушілердің барлық қауымдастықтарымен кездесулер өткізді. Кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстанның барлық азық-түлік тауарлары бойынша өндірісті ұлғайту бойынша үлкен әлеует бар екенін көрсетті. Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Мемлекеттік бағдарламасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту үшін субсидия алушыларға бизнестің қарсы міндеттемелерін белгілеу тетігі көзделген.

Үшіншіден, тауарларды сақтау мен тұтынушыларға жеткізудің заманауи инфрақұрылымын құру қажет.

«Бұл инфрақұрылымды құру бізді тиімсіз делдалдар желісінен арылтады және қосылған құнның барлық тізбегі бойынша маржиналдықтың ашық деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді. Тиімсіз делдалдарды болдырмайтын отандық тауар өндірушілер үшін өнімді тікелей өткізу арнасы пайда болады. Өнімді сақтау және тиімді бөлу үшін қажетті жағдайлар жасалатын болады», — деді Б. Сұлтанов.

Бұдан өзге, министрлік мемлекеттік органдармен және даму институттарымен бірлесіп Қазақстанда тиімді тауар өткізу жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылғы 15 қаңтарда Премьер-Министр жанынан жаңа жобалық офис құрылды, ол апта сайын мүдделі мемлекеттік органдар мен Азия даму банкінің қатысуымен отырыстар өткізуді бастады.

«Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда. Орталықтар өндірушілердің жанында болады және тауарларды жинауды, сақтауды және бастапқы өңдеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ көтерме-тарату орталықтарының желісі құрылатын болады. Бұл көпфункционалды орталықтар өндірушілер мен сатып алушылардың кездесу орнына айналады. Заманауи көтерме базарлар жүйесі қалыптасады және тауарларды жеткізу логистикасы оңтайландырылады», — деп түсіндірді Б. Сұлтанов. 

Төртіншіден, баға мониторингі және электрондық сауданы дамыту үшін халықты тарту қажет.

«2019 жылдың желтоқсанында Қарағанды қаласында PRICE SCANNER баға мониторингі үшін мобильді қосымша іске қосылды. Бағалар туралы барлық деректер азаматтардан алынған ақпаратқа негізделген. Бұдан басқа, электрондық сауда алаңдарын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, бүгінгі күнде Оңай Базар және Happy food Astana сияқты желілер ашылды. Олар өнімді өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу тізбегін оңтайландыруға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді министр.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ведомствоның ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен толықтыру бойынша шаралар кешенін іске асырып жатқанын баяндады. 

Азық-түлік тауарларының барлық негізгі түрлері бойынша қамтамасыз ету 80% және одан да көп пайызды, ал кейбіреулері бойынша 100%-дан астамын құрайды. Бұған алма (69,5%), балық (62%), шұжық өнімдері (61,1%), ірімшік және сүзбе (58,4%), қант (54,4%) және құс еті (51,2%) кірмейді, олар бойынша импортқа тәуелділік бар. 

«Атап айтқанда, құс еті, ірімшік және сүзбе, сары май, қант, алма және шұжық өнімдері бойынша импорт алмастыру жұмыстары жүргізілетін болады. Қазірдің өзінде ұзақ мерзімді салалық бағдарламалар әзірленді. 2020 жылы қуаты 105 мың тонна 25 тауарлық сүт фермасы, 3 ет комбинаты, қуаты 73 мың тонна 8 құс фабрикасы салынатын болады, 2000 гектарға бақ отырғызу жоспарлануда, Жамбыл және Павлодар облыстарында жылына жалпы өндіріс қуаты 200 мың тонна қант өндіретін 2 қант зауыты құрылысын салу басталды және жұмыс істеп тұрған 3 қант зауыттарына жаңғырту жүргізу жоспарлануда», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

С. Омаров атап өткендей, қазіргі кезде оң өзгерістер бар. Мысалы алма бойынша соңғы жылдары өнімділік 70 ц/га-дан 74 ц/га-ға дейін артты. Сәйкесінше өндіріс көлемі 18%-ға артты. Отандық өндірістің алмамен қамтамасыз етілуі 65%-дан 69,5%-ға дейін артты.

Қант бойынша өндіріс көлемі 345 мың тоннадан 505 мың тоннаға дейін, өнімділік 285 ц/га-дан 305 ц/га-ға дейін артты. Отандық өндірістің қантпен қамтамасыз етілуі 7% - дан 14% - ға дейін артты.

Ірімшік пен сүзбе бойынша өндіріс көлемі 2019 жылы 7,5%-ға өсіп, 29,5 мың тоннаны құрады. Өзіндік өндіріс ішкі нарықтың қажеттілігін 58%-ға жабады (50,5 мың тонна).

Құс еті өндірісі 3 жылда (2016-2018 жж.) 26%-ға артып, 192 мың тоннаны құрады. 

Макарон бойынша 2019 жылы 165,3 мың тонна макарон өнімдері өндірілді (2018 жылға қарай өсім 4,3%), ішкі тұтыну 140 мың тоннаға бағаланады, бұл халықтың қажеттілігін макарон өнімдерімен толық жабады.

Азия Даму Банкінің Қазақстандағы өңірлік өкілі Джованни Каппанелли АДБ көтерме сауда нарықтарын, агро-логистикалық және көтерме-тарату орталықтарын дамыту стратегиясы бойынша егжей-тегжейлі жоспар мен жол картасын әзірлегенін хабарлады. 

Д. Каппанеллидің айтуынша, ауыл шаруашылығы көтерме сауда нарықтарын және агро-логистикалық орталықтарды құру азық-түлік тауарларына бағаның құбылмалылығын төмендетуге, фермерлердің сауданың үстеме бағасынан әділ үлес алуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, оларға үлкен кіріс әкеліп, астықтан кейінгі шығындарды қысқартуға жол ашады. 

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов Премьер-Министр Асқар Маминнің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шаралар пакеті дайындалып, іске асырылып жатқанын хабарлады. Ол өңірлер әкімдері аталған шараларды жүзеге асыруға ерекше назар аударуы тиіс екенін атап өтті. Қысқа мерзімді шаралар аясында азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуіне жол бермеу үшін ҚР АШМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азық-түлік тауарларының маңызды түрлері бойынша өндіріс, экспорт, импорт және тұтыну теңгерімін дайындауы тиіс. Осы теңгерімдер негізінде әрбір өңірдің ішкі нарығында азық-түлік тауарлары ұсыныстарының талап етілетін көлемін қамтамасыз ету қажет.


Жаңалықтар тізбегі
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
22 Наурыз 2020, 13:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53
21 Наурыз 2020, 16:09
Қ. Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
21 Наурыз 2020, 14:50
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
21 Наурыз 2020, 12:34
Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:06
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 08:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
21 Наурыз 2020, 08:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы
20 Наурыз 2020, 17:52
А. Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен және ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
20 Наурыз 2020, 12:00
Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді — Е. Тоғжанов
20 Наурыз 2020, 11:53
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
20 Наурыз 2020, 11:29
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
20 Наурыз 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді 
20 Наурыз 2020, 07:55
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі
19 Наурыз 2020, 20:56
ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу шаралары туралы брифинг өтеді
19 Наурыз 2020, 19:34
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады
19 Наурыз 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды
19 Наурыз 2020, 12:48
Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
18 Наурыз 2020, 21:17
Әлеуметтік маңызы бар өнімдерді импорттау үшін «жасыл дәліз» ашылды
18 Наурыз 2020, 18:59
Үкімет азық-түлік бағасының тұрақтылығын және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді
18 Наурыз 2020, 13:17
Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды
18 Наурыз 2020, 13:15
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді
18 Наурыз 2020, 11:22
Мемлекет басшысы Премьер-Министр, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Маминді қабылдады
17 Наурыз 2020, 20:36
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіруді және шығуды шектеу туралы
17 Наурыз 2020, 18:50
2020 жылы «Бәйтерек» холдингі 19 мыңнан аса ШОБ жобасына қолдау көрсетеді
17 Наурыз 2020, 16:10
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді
17 Наурыз 2020, 15:46
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалыны қабылдады
17 Наурыз 2020, 14:13
Р. Дәленов уақытша жабылған нысандарды қолдау шаралары туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 13:50
Баға өткен аптаның басындағы деңгейде болуы тиіс — Б. Сұлтанов сөзін қазақстандық кәсіпкерлерге бағыттады
17 Наурыз 2020, 13:41
ҚР-да жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салу енгізіледі — М. Әбілқасымова 
17 Наурыз 2020, 13:13
Әлихан Смайылов ТЖ кезеңінде бюджетті қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 12:52
Қазақстанда 200 мың жұмыс орны ашылады — Б. Нұрымбетов азаматтарды жұмыспен қамту шаралары туралы
17 Наурыз 2020, 11:36
Қазақстанда ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен толықтыру үшін қажетті жағдайлар жасалған — ҚР АШМ 
17 Наурыз 2020, 11:22
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін техникалардың дайындығы 100%-ды құрайды — ҚР АШМ
17 Наурыз 2020, 11:07
Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылады — ҚР ҰЭМ 
17 Наурыз 2020, 10:07
Үкімет көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын қарады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі