2020-2025 жж. арналған ИИДМБ-да индустрияландырудың алдыңғы екі бесжылдығының жүйелік проблемалары ескерілетін болады — Ж. Қасымбек

ҚР Үкіметінің отырысы барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбек 2019 жылғы 15 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру шаралары туралы баяндады.

«Қазіргі уақытта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустрияландырудың екінші бесжылдығына талдау жүргізуде, экономика секторларына мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларының тиімділігі, іс-шаралар жоспарларының іске асырылу тиімділігі, оның ішінде оларды толық қаржыландырмау мәселелері қарастырылып жатыр. Талдау нәтижелері 2020–2025 жылдарға арналған әзірленіп жатқан Индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасында ескерілетін болады», — деді Ж. Қасымбек.

Тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау, су, спорт және т.б. нысандар салуға 100-ден астам модельдік жоба әзірленді.

2016–2018 жылдар аралығында әкімдіктер типтік жобалар бойынша 238 нысан салды. Осы үлгілік жобаларды қолдану кезінде ЖСҚ әзірлеу құны орта есеппен 55%-ға, әзірлеу мерзімі 5-6 айға қысқарады.

Өткен жылы қазақстандық қамту үлесін арттыру үшін нормативтік-құқықтық актілерге барлық қажетті өзгерістер енгізілді. Отандық тауар өндірушілердің электрондық тізілімі жасалды, жобалық-сметалық құжаттамада орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде материалдардың шығу тегін міндетті түрде көрсету бойынша талаптар енгізілді. Қабылданған нәтижелер бойынша бюджеттік жобаларда отандық материалдардың үлесін 2022 жылға қарай 90%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Ж. Қасымбек Түркістан облысындағы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары туралы да ақпарат беріп өтті.

«Бүгінде Арыс қаласын қалпына келтіру үшін барлық күштер жұмылдырылып, 250 құрылыс компаниясы, арнайы техника және 10 мыңнан астам жұмысшы жұмыс істеуде. Нысандарды қаржыландыру мәселелері шешілді. Қалпына келтіру жұмыстары жедел қарқынмен жүргізілуде, аяқтау белгіленген мерзімде жоспарланып отыр», — деді вице-премьер.

Бизнестің  міндеттерін ескере отырып, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несиелендіруді ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы базасында Жобалық кеңсенің жұмысында 1 трлн астам сомаға 1500-ден астам тг бизнес жобасы бар. Оның ішінде 50 млрд теңгеге 104 жоба мақұлданды, 179 жоба банктерде қарастырылуда.

Бәсекеге қабілетті толассыз тариф қалыптастыру және автоматтандырылған цифрлық қызмет бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

«ҚХР және Оңтүстік Шығыс Азиядан Еуропаға электронды сауда және транзиттік пошталық сәлемдемелер нарығының өсуі арқылы өсімді қамтамасыз ету жоспарлануда», — деді Ж. Қасымбек.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасына 2019 жылдың қазан айында өзгертулер енгізіледі,  оның ішінде Аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығы мен айқындылығын қамтамасыз ету, Аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің өзара міндеттемелерінің жиынтығын айқындау, өңдеу зауыттарын жаңғыртуға/қайта құруға трансұлттық корпорацияларды тарту, жер ресурстарын ұтымды пайдалану шараларын қабылдау.

Жер кадастры үдерістерін цифрландыруды көздейтін жаңа ақпараттық жүйе Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры әзірленуде.

Ж. Қасымбек ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру мораторийі мәселелері жұртшылықпен талқыланып, 2019 жылдың соңына қарай бұл мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ұсынылатынын айтты.

АӨК саласына ірі шетелдік инвесторларды тартуға ерекше көңіл бөлінді.

Қазіргі уақытта Аграрлық-өнеркәсіптік кешенінде  шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 3 миллиард доллардан асатын шамамен 30 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдау шаралары қолданылады: инвестициялық субсидиялар және пайыздық субсидиялар. Ауыл шаруашылық өндірушілер үшін арнайы салық режимдері ескерілген.

Ж. Қасымбек халықаралық стандарттарды ескере отырып, жаңа Экологиялық кодекс жобасы әзірленгенін айтты. «Ластаушы төлейді» қағидаты бойынша жоғары ақшалай өтемақы өндіріп алуға негізделген қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік күшейтілетін болады.

Бұзушы экологиялық залалды заттай нысанда жоюға, яғни қоршаған ортаның бұзылған компоненттерін қалыпқа келтіруге міндетті. Жаңа экокодексті Парламентке ағымдағы жылдың желтоқсан айында енгізу жоспарланып отыр.

Цифрландыру саласында негізгі күш-жігер «электрондық үкімет» порталының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мен оңтайландыруға, ақпараттық жүйелерді жедел интеграциялауға, сондай-ақ электрондық қызметтерді алу бойынша түсіндіру жұмыстарына шоғырландырылатын болады.

Ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөніндегі жұмыстарды жеңілдету және жеделдету үшін Министрлік Эстонияның тәжірибесі бойынша «Smart Bridge» бірыңғай интеграциялық платформасын құру бойынша жұмыс жүргізуде, ол ағымдағы жылдың желтоқсанында іске қосылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу