Қазақстанда көп балалы отбасыларға пәтер беру басталды

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында Қазақстанда көп балалы отбасыларға баспана беру жұмыстары басталды.

Биыл 30 сәуірде көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Парламенті тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі заңды қабылдады.

Биыл мамыр айында жалпы елімізде 2019 жылға жоспарланған 6 мың көп балалы отбасының 1,2 мыңын баспанамен қамтамасыз ету көзделген.

Еліміздің түрлі өңірінен 249 көп балалы отбасы 1 мамыр күні — Қазақстан халқының бірлігі күні көптен күткен баспаналарына ие болды.

Жергілікті атқарушы органдардың берген мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанда 32 мың көп балалы отбасы баспана алуға кезекте тұр.

Көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша алға қойылған міндеттердің іске асырылу барысы ҚР Үкіметінің ерекше бақылауына алынған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу