Арыста 6,7 мың үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

5 тамызға қарай Арыс қаласында 6,7 мың тұрғын үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2,5 мың жеке тұрғын үй құрылысы және көп пәтерлі тұрғын үй нысандарында құрылысшылар косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің деректері бойынша,бүгінде 407 жеке үй және 3 көп қабатты үй толық қалпына келтірілді. 17 секторда 7 мыңнан астам құрылысшы еңбек етуде. Олардың міндеті — тұрғын үй қорының қалған нысандарын 20 тамызға дейін пайдалануға тапсыру.

Айта кетейік, 1 тамыз күні Арыс қаласында жарылыс толқынынан зардап шеккен барлық үйлердің 90%-ы қалпына келтірілді. Ауқымды құрылысқа еліміздің барлық өңірлерінен және республикалық маңызы бар қалалардан келген жұмысшылардың рекордты саны – 8 мыңға жуық маман қатысты.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу