2020 жылы Қазақстанда мұнай компанияларының жаңартылатын энергия бойынша алғашқы жобалары пайда болады

Бүгінгі таңда Қазақстанда толық қуаттылығы 930 мегаватт болатын 81 жаңартылатын энергетика нысаны жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы 5 ЖЭК нысаны іске қосылады. Бұл туралы PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында ҚР ЭМ Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанова айтып берді.

Оның айтуынша, инвесторлар мен есеп-қаржы орталығы арасында жасалған келісімшарттар 3 мың мегаваттқа жақындады. Қазақстан үшін бұл айтарлықтай көлем. Осы 3 мың мегаватт біртіндеп салынып, еліміздің энергетикалық теңгеріміне енгізілетін болады.

Бұған қоса, А. Соспанова 2019 жылы Қазақстанда нысандар белсенді түрде пайдалануға беріліп жатқанын атап өтті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша елімізде бекітілген қуаттылығы 960 мегаватты құрайтын 86 нысан болады. Алдын ала бағалаулар бойынша, бұл жобалар елімізге $1 млрд жуық тартуы тиіс. 

«Бұл инвестициялар жұмыс орындарын құрып, салық төлеп, «жасыл» энергияны өндіруге мүмкіндік береді.  Бұдан өзге, әрине, бұл инвестициялардың тиімділігі – жаңа саланың құрылуы және біздің қазақстандық мамандардың оқытылуы. Мұнда Kegoc жүйелік операторы да, желілік ұйымдар да тартылған», — деді А. Соспанова. 

Таяуда ғана Қарағанды облысында қуаттылығы 50 мегаватт болатын күн станциясы пайдалануға берілді. Бұл жобаға инвестиция салған неміс инвесторы Қазақстандағы жаңартылатын энергетика жобаларын бұрыннан дамытып келеді. 

Сондай-ақ, А. Соспанованың айтуынша, республикада басқа елдердің инвесторлары белсенді жұмыс істейді. Бұдан өзге, ол қазіргі заманға сай есте қаларлық үрдісті атап өтті, — мұнай алыптары жаңартылатын энергетика жобаларын дамыта бастады.  

«Shell, Eni, Total, Iren сияқты мұнай компаниялары жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды дамытуда және келесі жылы Қазақстанда мұнай компанияларының алғашқы жобалары жұмыс істейтін болады. Біз үшін бұл Қазақстанда мұнай-газ саласында 20 жылдық тәжірибесі бар тұрақты инвесторлардың жаңартылатын энергия көздеріне келуінің жақсы белгісі. Бұл өте жақсы. Біз Қазақстанды, біздің заңнамамызды жақсы білетін осындай инвесторлардың тізімі Қазақстан туралы жақсы біліп келеді және жаңаратын энергия көздеріне үлестерін қосатын болады деп үміттенеміз», — деді ҚР Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанова.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу