Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Теңгені нығайту және ұлттық валютадағы депозиттерді ұлғайту: Е. Досаев 2019 жылдың қорытындысы бойынша қаржы секторының жай-күйі туралы баяндады

Жұма, 24 Қаңтар 2020, 12:46:53

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Е. Досаев бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, қаржы жүйесін дамыту және қаржы ұйымдарын реттеу бойынша 2019 жылы қабылданған шаралар туралы баяндады. 

Е. Досаевтың айтуынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 5,4% құрады, бұл 4-6% нысаналы дәлізіне сәйкес келеді. 

Көбінесе нан-тоқаш өнімдері мен жарма бағасының 16,1%-ға, сондай-ақ ет және ет өнімдерінің 13,2%-ға өсуі есебінен 9,6%-ға қымбаттаған азық-түлік тауарлары инфляцияға ең көп үлес қосты. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының өсуі қалыпты болды.

Ақша-несие саясатының негізгі құралы ретінде базалық мөлшерлеме тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың кеңеюіне байланысты проинфляциялық факторлар ықпалының сақталуы аясында +/- 1 п. т. дәлізімен 9,25% деңгейінде сақталды.

«2019 жылы қоғам тарапынан жүргізіліп отырған валюталық саясатқа және ұлттық валютаның бағамына жоғары назар аударылды. Бұл ретте, өткен жыл ішінде бір АҚШ доллары үшін теңге бағамы 373-390 теңге шегіндегі 4,5%-дық тар аралықта болды. Ал 2018 жылы ол 21%-дық дәлізде болды», — деді Е. Досаев. 

2019 жылы теңге жылдың соңына қарай бір АҚШ доллары үшін 382,6 теңгеге дейін 0,4%-ға нығайды, ал 2018 жылы ол 15,6%-ға әлсіреді.

Сыртқы нарықтардағы ахуалдың тұрақсыздығына және мұнайдың орташа жылдық бағасы 2018 жылғы бір баррель үшін $71,7-дан 2019 жылы бір баррель үшін $64,2-ға дейін төмендегеніне қарамастан, жалпы халықаралық резервтер өткен жылы 2,3%-ға ұлғайып, $91 құрады. Оның ішінде алтынвалюта резервтері – $29 млрд, Ұлттық қордың активтері – $61,9 млрд болды.

Ұлттық валютадағы депозиттер 13,1%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 8,7%-ға төмендеді. Депозиттердің долларлануы 2018 жылғы желтоқсандағы 48,4%-бен салыстырғанда 2019 жылғы желтоқсанда 43,1%-ға дейін төмендеді.

«Өткен жылғы кредиттеу үрдістерінің ішінен ұзақ мерзімді кредиттер портфелінің 6,5%-ға немесе 718 млрд теңгеге оза отырып өсуін атап өтемін. Жалпы алғанда, экономикаға берілген кредиттер бір жылда 5,9%-ға ұлғайып, 2019 жылдың соңына қарай 13,9 трлн теңге болды. Олардың баға жағынан қолжетімділігі жоғарылап жатыр – бизнес үшін теңгемен берілетін кредиттер бойынша мөлшерлеме 2019 жылы орташа алғанда 12%-ға дейін төмендеді», — деді Е. Досаев.

Өткен жылы кредиттік портфельдің негізгі өсуі 26,9%-ға ұлғайған тұтынушылық кредиттеудің кеңеюіне байланысты болды. Осындай өсудің жүйелік тәуекелді іске асыруға алып келуі мүмкін екенін түсіне отырып, 2019 жылы кепілсіз тұтынушылық қарыздарға қатысты реттеу шаралары кешені қабылданған болатын. Екінші деңгейдегі банктердің капиталына қойылатын талаптар жоғарылатылды, қарыз бойынша өтеу мерзімін өткізіп алу 90 күннен асқан кезде айыппұлдар мен комиссиялар есептеуге тыйым салу енгізілді. Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен кірісі бар азаматтарға қарыздар беруге тыйым салынды. Барлық осы шаралар кредит нарығының дамуын анағұрлым теңгерімді етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Ұлттық Банк «Oliver Wyman» жетекші халықаралық консультантымен және «Big 4» аудиторлық компанияларымен бірлесіп, 2019 жылы алғаш рет ЕДБ активтерінің сапасына жүйелік деңгейде тәуелсіз бағалау жүргізді. Бағалау Еуропалық Орталық Банктің әдіснамасына сәйкес жүргізіп, 14 ірі институтқа қатысты болды, олардың үлесі активтердің 87%-ін және несие портфелінің 90%-ын құрайды.

2019 жылғы желтоқсанның соңында бағалаудың бірінші кезеңі аяқталды, шоғырландырылған деңгейде нәтижелер алынды. Қазіргі уақытта түзету шараларының жеке жоспарларын дайындауды ұйғаратын екінші кезең шеңберінде екінші деңгейдегі банктермен жұмыстар жүргізілуде.

Жүргізілген қайта ұйымдастырудан кейін 2020 жылы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шеңберінде тиімді ақша-несие және валюта саясаттарын жүргізу, заманауи төлем инфрақұрылымын құруға жағдай жасау сияқты және басқа да бірқатар міндеттерді іске асыруға негізгі күш жұмсалатын болады.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, осы жылғы І тоқсанның соңына дейін 2030 жылға дейінгі ақша-несие саясаты стратегиясының жобасын әзірлеу аяқталады.

Сондай-ақ, Ұлттық банк 2020 жылға қарай инфляцияны 4-6% нысаналы дәліздің төменгі шегіне жақын деңгейге дейін төмендету міндетін алға қойды.

Валюталық саясат саласында Ұлттық Банк еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін сақтайды. 2020 жылы Ұлттық Банк Ұлттық қордан бөлінген трансферттердің және активтерді валюта нарығында жүргізген конвертациялау көлемін тұрақты негізде жариялайтын болады.

Елбасы бастамашылық еткен «қарапайым заттар экономикасы» және «7-20-25» бағдарламаларын іске асыру жұмысы күшейтіледі. Е. Досаев атап өткендей, Ұлттық Банк өз тарапынан қолдауды қажетті көлемде көрсете бермек. 

Бұған қоса, Е. Досаев Қаржы министрлігімен мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын сапалы дамыту, оның өтімділігін арттыру, Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарын дамушы елдердің халықаралық индекстеріне қосу бойынша белсенді өзара іс-қимыл жалғасатынын атап өтті. Бұл өз кезегінде сыртқы инвесторлар тарапынан оларға сұранысты арттырады. Ұлттық Банк 1 жылға дейінгі қысқа мерзімді ноттарды шығаруды, ал Қаржы министрлігі – орта және ұзақ мерзімді облигацияларды ұсынуды қамтамасыз етеді. Бұл пайыздық мөлшерлемелер бойынша бағдар ретінде қызмет ететін объективті кірістілік қисығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Инвестициялық капиталды тарту талаптарын жақсарту үшін Ұлттық банк Қаржылық реттеу агенттігімен бірлесіп, туынды қаржы құралдарының нарығын дамыту жұмысын күшейтеді.

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мандаты аясында Ұлттық Банк жүйелі тәуекелдер мониторингін және оларды анықтауды, банк секторының тәуекелдерін бағалау әдісін және стрес-тестілеуді жетілдіруді жалғастырады. Әлсіз жерлері анықталған жағдайда Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес аясында оларды жою бойынша тиісті шаралар бірлесе отырып әзірленетін болады. 

Көлеңкелі экономиканың көлемін одан әрі азайту маңызды тапсырма болып қалады. Соңғы жылдардың нәтижелері қолма-қол ақшасыз төлемдердің едәуір өскенін көрсетеді. Тек 2019 жылы осындай төлемдердің көлемі 2 еседен артық ұлғайды. Халық күн сайын сомасы 37 млрд теңгеге 4 млн-нан астам транзакция жасайды. Бірақ, мұндай өсімнен бюджет үшін нәтиже әзірге байқалмайды.

«Біз Үкіметпен және нарық қатысушыларымен бірлесіп жүргізетін жұмыс қолма-қол ақшасыз (бөлшек) төлемдер нарығын дамытудың келесі және сапалы жаңа кезеңіне көшуді қамтамасыз етеді. Нарыққа қатысушылардың перспективалық қажеттіліктерін ескере отырып, қолданыстағы жоғары технологиялық, жалпыға қолжетімді төлем инфрақұрылымын жаңғырту және қалыптастыру жөніндегі жүйелі шаралар іске асырылатын болады», — деді Ұлттық банк төрағасы. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қараша 2020, 09:57
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №88
27 Қараша 2020, 10:12
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.