Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкімет фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдады

Сейсенбі, 06 Қазан 2020, 10:25:48

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Фармацевтика өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспары қаралды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, денсаулық сақтау министрі А. Цой, «Химфарм» АҚ директоры А. Исенова, «Dolce-pharm» ЖШС коммерциялық директоры Б. Демеуова, Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерді өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Г. Манақпаева баяндама жасады.

2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ҚР фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 34,1%-ға 81,5 млрд теңгеге дейін, инвестициялар 5,2%-ға 4,1 млрд теңгеге дейін өсті. Белгілі компаниялардың, соның ішінде ТҰК қатысуымен 41 жоба іске асырылды, олардың ішіндегі ең ірілері — антибиотиктер, алколоидтар, антисептиктер («Химфарм» АҚ, «Нобел АФФ» АҚ, «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС), сондай-ақ жеке қорғаныш құралдары мен хирургиялық мақта («Kelun Kazpharma» ЖШС, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС, «Dolce» ЖШС) өндірісі бойынша жобалар. 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алудағы отандық өндірушілердің үлесі 30%-ға дейін артты және тұрақты түрде өсіп жатыр (5 мыңнан астам атау бойынша 88 шарт жасалды).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша елдің дәрілік қауіпсіздігі меншікті фармацевтика өндірісі болған жағдайда кемінде 30% қамтамасыз етіледі, ал Қазақстан 2025 жылға қарай өз өндірісін заттай мәнде 50%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Осылайша, Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес 77,8 млрд теңгеге 30-дан астам жаңа ірі фармацевтикалық өндіріс іске қосылады, бұл дәрі-дәрмек өндірісінің көлемін 2,5 есеге (92-ден 230 млрд теңгеге дейін), экспортты 3 есеге (25-тен 75 млрд теңгеге дейін) ұлғайтуға, 2 мыңнан астам жоғары білікті мамандарды даярлауға және оларға арнап тұрақты жұмыс орындарын құруға жол ашады. 

Үкімет басшысы отандық фармацевтика өндірісі үшін, әсіресе, клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтарды ынталандыру тұрғысынан мемлекеттік қолдау шараларын ауқымды түрде кеңейтуді тапсырды.

Индустрия, денсаулық сақтау және сыртқы істер министрліктеріне дәрілер өндірісін елімізде жергіліктендіруге Big Pharma – Top 50 тізімінен әлемдік фармацевтика өндірушілерді таргеттеу бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Денсаулық сақтау министрлігіне ұзақ мерзімді келісімшарттарды іске асыру тетіктерін кеңейту, елдегі дәрілік заттардың қажеттілігін нақты жоспарлау мен айқындауды қамтамасыз ету, медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектерге сынақтар жүргізетін зертханалардың материалдық-техникалық базасын күшейту, Кешенді жоспарды іске асыруды ескере отырып, фармацевтика саласы үшін білікті кадрлар даярлау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жергілікті жерлерде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде жергілікті қамту бойынша нысаналы индикаторларды (KPI) бекіту тапсырылды.

«Фармацевтика өнеркәсібі – экономиканың өте маңызды секторы және халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің негізі», — деді А. Мамин.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қазан 2020, 12:00
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
28 Қазан 2020, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №698 Қаулысы
28 Қазан 2020, 10:54
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов өңірдің COVID-19 туындауы мүмкін екінші толқынына дайындығымен танысты
27 Қазан 2020, 21:40
Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары шейх Мансур бен Заид әл Нахаянмен кездесті
27 Қазан 2020, 20:21
Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келу: ПТР-анықтаманың болуына қатысты қандай шектеу шаралары туралы білу керек
27 Қазан 2020, 18:48
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады
27 Қазан 2020, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 27.10.2020
27 Қазан 2020, 13:36
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында шектес салаларда 100 мыңға жуық жұмыс орны құрылады — ЕХӘҚМ
27 Қазан 2020, 12:36
2025 жылға дейін 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтылады — ЭГТРМ
27 Қазан 2020, 12:06
Қазақстанда халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамту 92,6%-ға дейін жеткізілді — ҚР ИИДМ
27 Қазан 2020, 10:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қазандағы №691 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 қазандағы №686 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:33
2021 жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр — Әділет министрлігі
27 Қазан 2020, 10:28
Азамат Әмірғалиев ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды
27 Қазан 2020, 10:22
Үкімет 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын қарады
27 Қазан 2020, 10:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен АҚШ сауда министрі У. Росс Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің жұмысын бастап берді
27 Қазан 2020, 09:55
Премьер-Министр 2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын жаңартуды тапсырды
27 Қазан 2020, 09:50
Халықты таза ауыз сумен қамту мәселесі – Үкіметтің стратегиялық міндеті
26 Қазан 2020, 20:10
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады
26 Қазан 2020, 19:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
26 Қазан 2020, 19:00
Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
26 Қазан 2020, 18:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
26 Қазан 2020, 17:14
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркияның қорғаныс министрі Х. Акарды қабылдады
26 Қазан 2020, 16:10
Азық-түлік бағасы, экспорттаушыларды қолдау және электрондық сауда нарығы — Қазақстанның сауда саласының дамуы
26 Қазан 2020, 15:13
27 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.