Елбасының Жарлығымен Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің жаңа құрамы туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44 бабы 3 тармағына сәйкес ҚР Президенті қаулы етеді:

Тағайындалсын:

Ерлан Әбілфаизұлы Ыдрысов – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі;

Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі;

Абаев Дәурен Әскербекұлы – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі;

Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі;

Дүйсенова Тамара Босымбекқызы – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Мұхамедиұлы Арыстанбек – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді», – делінген Жарлықта.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу