Т. Дүйсенова: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында әзірленген Еңбек кодексі тиімділігін көрсетті

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» үшінші реформасын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмысшылардың құқықтарын қорғау шаралары туралы мәлімдеді.

Т. Дүйсенованың айтуынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру тұрғысынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірнеше бағыт бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бірінші кезекте әлеуметтік серіктестермен бірлесіп Еңбек кодексінің 2016 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген жаңа жобасы әзірленді.

«Жаңа кодекстің тұжырымдамалық негізі жұмыс беруші, жұмысшы және мемлекет арасындағы еңбек қатынастарын реттеу бойынша функцияларды жіктеу болды. Яғни, мемлекет базалық стандарттарды әзірлеу мен барлық жұмыс берушілердің кодексті орындауын қамтамасыз етуге жауапкершілік алды. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынастары жеке және ұжымдық еңбек шарттары негізінде шешілуі тиіс», - деді министр.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның 93% ірі кәсіпорындарының ұжымдық шарты бар. Сондай-ақ, осындай ұжымдық шарттар 89% орташа кәсіпорындар мен 43% шағын кәсіпорындарда бар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу