Рустам Құсайынов «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры болып тағайындалды

Рустам Құсайынов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды. Оның құзыретіне ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері кіретін болады, деп хабарлады холдингте.   

Рустам Құсайыновтың еңбек өтілі 20 жылды құрайды, IT-технологиялар саласындағы басқарушылық тәжірибесі мол. Түрлі жылдары «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» компаниясында басқарушылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде сарапшылық кеңестің төрағасы болды. «Алтел» АҚ директорлар кеңесіне кірді. 

«Бәйтерек» холдингіне шақырылғанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде кеңесші болып жұмыс істеді. 

Рустам Құсайынов Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу