Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Жылыту маусымына дайындық, ШОБ қолдау, мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық қамтуды арттыру: Үкіметтің кезекті отырысында қандай тапсырмалар берілді

Дүйсенбі, 23 Қыркүйек 2019, 19:48:09

23 қыркүйекте кезекті Үкімет отырысында өңірлердің алдағы күзгі-қысқы маусымға дайындығы талқыланды, сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасын іске асырудың аралық қорытындысы және мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту мәселелері қаралды. Үкімет кулуарында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері күн тәртібіндегі өзекті сұрақтарға жауап алды. 

Бірінші сұрақты қарау барысында жылыту маусымына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары М. Досмұхамбетов баяндады.

ҚР Премьер-Министріне өңірлерде 10 606 дербес қазандық немесе 99,8%, 45 908 тұрғын үй (98,1%) дайындалғаны мәлімделді. 4 943,4 км жылу желілері (99,1 %), 14 917,1 км (98,7%) сумен жабдықтау желілері жөнделді. Көмір өндіруші компаниялар 75,1 млн тонна көмір өндірді.

Әлеуметтік нысандар тұрғысынан ЖОО-лардың 100%, балабақшалардың 95%, мектептердің 99%-ы жылыту маусымына әзірлік актілерін алды. Денсаулық сақтау нысандарының жылыту маусымына орташа дайындығы 99% құрайды.

Жалпы дайындыққа қарамастан, бірқатар өңірде бекітілген жөндеу жұмыстарының кестесінен артта қалушылық бар. Осыған байланысты отырыс барысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев, Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновтың баяндамасы тыңдалды. 

Жылыту маусымына дайындық жұмысы Үкіметтің тұрақты бақылауына алынған. Бұл туралы, сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр хабарлады. 

Отырыстың бірінші сұрағын қарау қорытындысын шығара отырып, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин әкімдерге жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтап, отынды қажетті көлемде алдын ала жеткізуді тапсырды.

«Өңірлердің әкімдері екі апта ішінде белгіленген тәртіпте көмірді даярлау және өткізу пункттерінің инфрақұрылымының қазіргі жағдайын, жеткізілім кестесін, сатылатын көмірдің бағасын және сапасын тексеруі қажет, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, көмір жеткізуге арналған вагондардың қажетті көлемін қамтамасыз етсін», — деді А. Мамин.

Айта кету керек, Үкімет отырысының екінші бөлігінде өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту кешенді мәселесі қаралды. 

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бағытталған «Бастау Бизнес» жобасы белсенді түрде іске асырылып жатыр. Соның нәтижесінде азаматтар бизнесті жүргізу бойынша білім ала отырып, өз істерін ашады. Сондай-ақ, жеке қаражаттары болмаған жағдайда, аталған азаматтарға несиелер беріледі. 

Басты оператор — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы. «Бастау Бизнес» жобасын іске асырудың басты нәтижесі – үш жылда 20 мыңнан астам жаңа бизнес жобалар іске қосылды. Осы кезеңде 50 млрд теңгеге өнім мен қызмет шығарылды. 

Сондай-ақ, мәселені қарау барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров сөз сөйледі. 

Басты аралық қорытындылардың қатарында мына көрсеткіштер бар:

  • 2017-2019 жылдары 31 мыңға жуық азаматқа несие берілді;

  • өз жобаларын қорғаған 27 мың азаматтың 8,1 мыңы гранттар мен несиелер алды;

  • 1 теңге қолдау шараларына 1,8 теңгеге тауарлар шығарылып, қызметтер көрсетіледі;

  • несие алушылар 8 384 жаңа жұмыс орнын ашты.

Бағдарламаның сәтті болғанын ескере отырып, ағымдағы жылы несиелендіруді қаржыландыру көлемі 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайтылып, шамамен 83 млрд теңгені құрады. Биыл 19 мың адамға несие беру жоспарлануда, оның ішінде 16,7 мың ауылда, 2,3 мыңы – қалада.

Осы мәселенің екінші бөлімі мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесін арттыру арқылы тауарлар мен қызметтердің отандық өндірушілерін қолдау шараларына арналды.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов 2020 жылдан бастап Пилоттық режимде барлық мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушыларға тиісті деңгейде беруді көздейтін Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру енгізілетінін айтты. Әкімшілендіруді жеңілдету мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамтуды тиімді реттеуге мүмкіндік береді.

ҚР Министрлер кабинетінің отырысын қорытындылай келе, Үкімет басшысы «Бастау-Бизнес», «Жас кәсіпкер», шағын кредит беру жобаларының іске асырылу мәселелері халықтың жұмыспен қамтылуымен тығыз байланысты екенін, бұл – Елбасы мен Мемлекет басшысының алға қойған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Асқар Мамин «Бастау-Бизнес» жобасына қатысушылардың санын ұлғайтып, бизнесін ашқандар немесе кеңейткендер санын 20-дан 30%-ға дейін жеткізу мәселесін пысықтап, шағын несие және грант беру бойынша көзделген барлық жоспарлардың орындалуын жеделдетуді, жергілікті қамту бойынша бекітілген индикаторларды орындауды, заңнаманың және ндустриялық сертификат пен «СТ-КZ» сертификатының талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыруы қағидаларында шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін қарастырып, олардың бір ай мерзімде қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Министрлер мен әкімдерге қазақстандық қамту бойынша көрсеткіштердің және тиісті заңнаманың орындалуы бойынша дербес жауапкершілік артылады», — деді Премьер-Министр.

Дәстүрлі түрде отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері кулуарда ҚР Үкіметінің мүшелеріне қызығушылық танытқан сұрақтарын қояды. 

Қазір қалаға, тұрғындарға, қала маңына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ — Н. Ермекбаев Арыс қаласындағы жағдай туралы 

Үкімет кулуарларында ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласынан 60 шақырым қашықтықта арнайы жабдықталған полигон аймағында жоспарлы жару жұмыстарын жүргізу және төтенше жағдайлар салдарын жою барысында оқ-дәрі фрагментінің өздігінен жарылуына байланысты оқиғаға түсінік берді.

«Қазір Арыс қаласында болған оқиғаның салдарын жою бойынша жұмыстарды жүргізудің ең күрделі, жауапты әрі қатерлі кезеңі басталғанын түсіну керек. Бүгінгі күнге дейін әскери қызметкерлер әскери бөлім маңындағы аумақты толық дерлік тазартып, залаласыздандырды. Қазір қалаға, тұрғындарға, қала маңына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бәрін тазарттық, жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Бүгінде фрагменттер, жарықшақтар мен басқа да жарылмаған заттар көптеп жиналған қоймалар ішінде, әскери бөлім ішінде негізгі жұмыстар басталды... Тиісінше, саперлердің жұмысы қауіпті», — деп түсіндірді Н. Ермекбаев.

Оның айтуынша, әскери бөлім аумағының ішінде жеке құрамды қауіпсіздендіру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. 

«21-і күні зардап шеккен әскери қызметкерлер дереу госпитальге жеткізілді, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде... Біз олардың барлығы жуырда қатарға қосылады деп үміттенеміз», — деді министр.

 

Н. Ермекбаев атап өткендей, заңда қызметтік жұмыстарын атқару кезінде жараланғандарға материалдық өтемақы қарастырылған. 

«Тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ. Әскери бөлімнің сыртынан фрагменттер табылуы мүмкін, бірақ олардың 99%-ның жарылыс қауіпі жоқ. Соған қарамастан, біз тұрғындарға абай болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Әскери бөлім ішінде қатер әлі бар. Ол жерде жұмыс әлі көп», — деді қорғаныс министрі. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 16:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 Қаулысы
09 Қыркүйек 2020, 15:06
Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
09 Қыркүйек 2020, 12:50
ҚР Үкіметінің отырысы, 09.09.2020
09 Қыркүйек 2020, 11:59
Денсаулық сақтау министрлігі КВИ туралы: Қазақстанда емдеу мекемелерінде төсек-орындардың бос болмауы 6 есе төмендеді
09 Қыркүйек 2020, 11:31
2020 жылдың 8 айында азық-түлік өнімдері өндірісі 3,6%-ға артты — ҚР АШМ
09 Қыркүйек 2020, 11:21
Қазақстанның ішкі нарығы өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген — Н. Ноғаев
09 Қыркүйек 2020, 11:19
Қазақстанда контейнерлерді жалпы транзиттік тасымалдау көлемі 37%-ға артты — ИИДМ
09 Қыркүйек 2020, 11:02
Қабылданған шаралар еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырды – ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 
09 Қыркүйек 2020, 10:54
Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша ҚР экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталып отыр  
09 Қыркүйек 2020, 10:53
Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 10:25
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 604 қарыз берілді — Ұлттық банк
09 Қыркүйек 2020, 10:20
2020 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге кіріс түсті — Қаржы министрлігі
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.