Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкіметтің жедел әрекет етуі және әлеуметтік міндеттемелерді орындау, немесе Министрлер кабинетінің кезекті отырысында не талқыланды

Сейсенбі, 10 Наурыз 2020, 20:57:43

2020 жылғы 10 наурызда Үкіметтің кезекті отырысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің, ҚР еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың және ҚР қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Биылғы қаңтар-ақпан айларында ҚР ЖІӨ өсімі 3,3% құрады

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов екі айдың қорытындысы бойынша экономиканың жай-күйі туралы баяндады. Оның айтуынша, әлемдік тауар нарықтарында мұнай мен металл бағасының айтарлықтай төмендеуі байқалады.

Биылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша мұнай бағасы бір барреліне $34 құрады. Бұл жыл басымен салыстырғанда екі есе арзан. Оған қоса күн ішінде мұнай бағасы бір барреліне $31 дейін төмендегені байқалды. Металдар бағасы да төмендеуді көрсетті.

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, сыртқы конъюнктураны және сыртқы жағдайларды назарға ала отырып, дамудың сценарийлік болжамдары мен тиісті шаралар топтамасы әзірленді. Бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету бойынша тәсілдер қалыптастырылды. Бұл ретте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыру толық көлемде орындалатын болады.

«Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары жұмыс істеуде. Еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг жүргізілуде. Инвестициялық жобалар пулы іске асырылуда. Аталған шаралар макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталған», — деді ұлттық экономика министрі. 

Осы жылғы қаңтар-ақпанда жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,3%-ды құрады. Бұл оң көрсеткіш құрылыс, өнеркәсіп және сауда көлемдерінің ұлғаюымен қамтамасыз етілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 11,6%-ға өсті. Жылдық инфляция 6%-ды құрап, нысаналы дәліздің шегінде қалыптасты. Қаңтар-ақпанда экономиканың базалық салаларында оң серпін сақталды. Осы жылғы қаңтар-ақпанда экономикаға 1,5 трлн теңге инвестицияланды. Құрылыс секторында өсу 11,9%-ды құрады. Жыл басынан бері 1,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығында шығарылым 2,2%-ға өсті.

Жалпы, ұлттық экономика министрінің айтуынша, биылғы екі айдың қорытындысы бойынша оң қарқын сақталуда.

Осы жылдың ақпан айында инфляция 0,6%-ды құрады — жылдық мәнде 6%-ға дейін өсті

Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев биылғы ақпанның көп бөлігінде теңге шетел валютасының әкелінуі, экспорттаушылардың валюталық түсімді сатуы және бюджетке кепілдік берілген трансферттер үшін Ұлттық қордың валюталық активтерін конвертациялау аясында нығая түскенін хабарлады.

Осы жылғы 24 ақпанда коронавирустың әлемдік экономикаға таралу әсерінің күшеюі аясында жағдай күрт өзгерді.

2020 жылғы 6 наурызда ОПЕК+ отырысының қатысушылары мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәміленің талаптары туралы келісе алмады. Ресей өндіруді төмендету ұсынысын қолдамады. Осыған байланысты Сауд Арабиясы ағымдағы жылғы 8 наурызда әлемнің барлық өңірлері үшін өз мұнайының бағасын төмендету және мұнай өндіруді тәулігіне ағымдағы 9,7 млн баррельден 12 млн баррельге дейін ұлғайтуға дайын екендігі туралы шешімін хабарлады. Бұл мұнайдың әлемдік бағаларын айтарлықтай төмендетуге алып келді.

9 наурызда Brent маркалы мұнай әлемдік нарықтарда бір баррель үшін $31-36,5 шегінде саудаланды, алдыңғы күнмен салыстырғанда төмендеу 30%-тен асты.

Биылғы қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік бюджет кірістері 97,3%-ға орындалды

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік бюджеттің кірістері есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 97,3%-ға, олардың ішінде республикалық кірістер – 83%-ға, жергілікті бюджеттер – 145,3%-ға орындалғанын мәлімдеді. Республикалық бюджет кірістерінің толық орындалмауына сыртқы факторлар әсер етті.

Біріншіден, 2019 жылдың соңында ҚХР-да пайда болған коронавирус індетіне қатысты жағдай импортқа ҚҚС түсіміне кері әсер етуде.

Атап айтқанда, осы жылдың ақпан айында 2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда Қытайдан келген импорт 11%-ға төмендеді, ал оның нақты көлемі 20%-ға төмендеді.

Соның салдарынан Қытайдан тауар импортынан кеден баждары мен салықтарының түсуі 12%-ға азайды.

Жалпы, осы жылдың 2 айында автокөлік санының 24%-ға және ҚХР-дан темір жол көлігінің 14%-ға төмендеуі байқалады.

Бұдан өзге, осы жылдың ақпан айында ЕАЭО елдерінен тауарларды импорттайтын автокөлік құралдары санының 20%-ға төмендеуі тіркелді.

Екіншіден, сыртқы нарықтарда бағаның төмендеуі.

Жалпы, сыртқы фактордың теріс әсеріне қарамастан 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚҚС бойынша өсу қарқынын 110,5%-ға қамтамасыз етуге қол жеткізілді.

Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 559 млрд теңгені құрап, 174 млрд теңгеге артығымен орындалды. Барлық өңірлерде кіріс жоспары артығымен орындалды.

Мемлекеттік бюджет шығыстары 96,5%-ға, республикалық бюджет — 97,1%-ға, жергілікті бюджет 96,9%-ға орындалды.

Республикалық бюджет шығындары 2 трлн 102 млрд теңгені, жергілікті бюджет шығындары 721 млрд теңгені құрады.

Ә. Смайылов сыртқы факторларға байланысты қалыптасқан экономикалық жағдайларда мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Алдымен республикалық бюджеттің шығыстары оңтайландырылатын болады. Оңтайландыру бағыттары анықталған.

Біріншіден, бұл қымбат жиһаз бен көлік сатып алу, семинарлар, форумдар және басқа да имидждік іс-шаралар өткізу.

Аталған шығыстар бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік органдардың, өңірлердің және квазисектор субъектілерінің қадамдық іс-қимылдарымен жол картасы бекітілді.

Екіншіден, ағымдағы жағдайлар үшін басым емес шығыстар, неғұрлым кейінге қалдыруға болатын жобалар мен іс-шаралар, сондай-ақ кейінге қалдыру шарттары бар, бюджетке енгізілгендерді қоса алғандағы жаңа жобалар.

Сонымен қатар барлық әлеуметтік міндеттердің толық орындалуы қамтамасыз етіледі.

Бұдан өзге, инфляция дәлізінің қайта қарастырылуын ескере отырып – зейнетақы, жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмектерді индексациялау бойынша шаралар қабылданады. 

Сондай-ақ, теңге бағамына байланысты бірқатар шығындарды индекстеу талап етіледі. Бұл үкіметтік борышқа қызмет көрсету, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, Қазақстан азаматтарын шетелде емдеу, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту және т. б.

Үшіншіден, бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету аясындағы тағы бір бағыт — квазимемлекеттік сектор компанияларының дивидендтік саясатын қайта қарау.

Қорытындылай келе, Ә. Смайылов әрекет етудің барлық шараларын іске асыруды қамтамасыз ету үшін сәуір айында республикалық бюджетті нақтылау жобасын дайындау ұсынылғанын атап өтті.

Биыл жұмыспен қамту шараларымен 735 мың адамды қамту жоспарлануда

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың сатып алу қабілетін сақтау мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтарынан инфляция деңгейін ескере отырып барлық әлеуметтік төлемдер 5%-ға өскенін, оның ішінде зейнетақы мөлшері 7%-ға, яғни инфляциядан 2%-ға ілгерілеп арттырылғанын айтты.

Осы жылы жұмыспен қамту шараларымен 735 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Бағдарламада дағдарысқа ден қою бойынша барлық шаралар көзделген, олар: жұмыссыздарды, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді қоса, қайта оқыту, жеңілдетілген несиелер мен микро бизнесті дамыту үшін гранттар беру, субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру.

Осы шараларды іске асыруға мемлекеттік бюджеттен ағымдағы жылға 123 млрд теңге көзделген.

2020 жылы 15 млн м2 пайдалануға беру жоспарлануда

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев сыртқы экономикалық конъюнктураның өзгерістерін ескере отырып, қазіргі таңда өнеркәсіптегі жағдайды тұрақтандыру үшін Үкімет мыналарға бағытталған шұғыл шаралар пакетін қабылдағанын айтты: 

  • жұмыс орындарын сақтау;
  • ішкі нарыққа бағытталған жаңа өндірістерді дамыту (импортты алмастыру);
  • қазіргі сауда ағындарын сақтау үшін баламалы өткізу нарықтарын іздестіру.

Сонымен қатар «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясында отандық кәсіпорындарды тауарларды жеткізу, жұмыстар мен қызметтерді ұсынуға барынша тартуға баса назар аударылады, бұл құрылыс материалдарын өндіру, металлургия, химия және басқа да жақын секторларда кәсіпорындардың жүктемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

2020 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында келесі жұмыстар көзделген:

  • тұрғын үйді пайдалануға беру — 15 млн шаршы м;
  • жолдарды жөндеу және салу — 2,6 мың шақырым республикалық маңыздағы, 4,3 мың шақырым жергілікті желі. 

Аталған шараларды іске асыру есебінен отандық жеткізілімдер үлесін 95% дейін ұлғайту көзделген.

Үкімет ұлттық экономикаға теріс сыртқы конъюнктурадан әсерлерді азайту жөнінде шаралар әзірледі

 

Баяндамашыларды тыңдаған соң, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысы жедел әрекет ету республикалық штабын құрғанын атап өтті. Тиісті штабтар барлық өңірлерде құрылған. Үкімет жағдайды одан әрі дамытудың бірнеше нұсқаларын пысықтады, олардың әрқайсысы қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген. Ұлттық экономикаға теріс сыртқы конъюнктурадан әсерлерді азайтуға бағытталған бірқатар шаралар әзірленді.

«Аталған шаралардың негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатының сақталуын қамтамасыз ету. Азаматтарымыздың ешқайсысы қиын жағдайда қалмайды», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша нарықтарда тауар интервенцияларын өткізу үшін тұрақтандыру қорларының тиімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Біз отандық кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне сұранысты ынталандыру бойынша қолда бар барлық ішкі резервтерді іске қосуымыз керек», — деп Премьер-Министр, импортты алмастыруды күшейту жөніндегі нақты шаралармен жоспар әзірлеуді тапсырды.

Премьер-Министр «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға, ұлттық басқарушы холдингтерге және Үкіметке есеп беретін басқа да ұйымдарға валюта нарығындағы өз операцияларын Ұлттық Банкпен келісуді тапсырды.

Қаржы министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір апта мерзімде басым емес инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімін ауыстыра отырып, бюджеттік шығыстардың басымдықтарын қайта қарау жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытылы әлеуметтік төлемдерді толық көлемде қамтамасыз етуге және жұмыспен қамтудың жаңа Жол картасын әзірлеуге тапсырма берді, оның аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

«Біздің ортақ міндетіміз – әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыспен қамту. Әрекет етіп тұрған жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше назар аудару қажет. Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалатынын атап өткім келеді. Барлық зейнетақы мен жәрдемақы уақытылы әрі толық көлемде төленеді», — деп түйіндеді А. Мамин.

Кулуарда энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бензин бағасын одан әрі реттеу туралы айтып берді. Оның айтуынша, бензин бағасы нарықты түзейтін болады. Бүгінде барлық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай тиелген, мұнай өнімдерінің қажетті мөлшері бар.

«Алаңдаудың қажеті жоқ. Бірнеше жылдан бері бензин бағасы сұраныспен және ұсыныспен реттеледі. Министрліктердің міндеттеріне мұнайдың қажетті мөлшерін тиеу және нарықты жанар-жағармай материалдарының қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету кіреді. Оны біз орындап жатырмыз. Бүгінгі таңда барлық мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, ешқандай іркіліс жоқ», — деді Н. Ноғаев. 

Министр бүгінгі таңда тиісті сападағы мұнайдың қажетті көлемі жеткізіліп жатқанын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті, онда журналистердің сұрақтарына экономикалық және әлеуметтік блок ведомстволарының басшылары жауап берді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов әлемде қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты тұрғындарға әлеуметтік төлем жасау қалай өзгеретіні туралы айтып берді.

«Сыртқы нарықта қалыптасқан, Қазақстанның экономикасына ықпалын тигізіп отырған жағдайға қарамастан, мемлекет ел халқының алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындайтын болады. Қазақстанда 4 млн-нан астам адам зейнетақы мен түрлі жәрдемақылар алады. Бұл мақсатқа 3,4 трлн теңге қарастырылған», — деді министр.

Сонымен қоса, ол алдағы жылдары әлеуметтік төлемдердің қысқармайтынын айтты. Министрдің айтуынша, қазақстандықтардың жалақы көлемі де азаймайтын болады. Жалақы уақытылы төленеді. Бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге қатысты, биыл ол бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Жекеменшік ұйымдар туралы айта отырып, Біржан Нұрымбетов оларды индексация мен жалақының өсірілуіне тәуелді ету қиын болатынын айтты. Бұл ретте, Үкіметтің негізгі міндеті жұмыс орындарын сақтау және ағымдағы еңбекақыны уақытылы төлеу болып қала береді.

ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, отандық өндірістегі азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлардың бағасы өзгермейтінін айтты.

«Азық-түлік тауарларының басым бөлігі отандық – елімізде өндіріледі, жергілікті ресурстармен байланысты. Сондықтан, теңгеге шаққандағы доллар бағамының өзгеруі нәтижесінде өзгерістер болмауы тиіс. Азық-түлік тауарларының бағасына әрине, басқа факторлар әсер етуі мүмкін: маусымдылығы, тауарлық кедергілер, бәсекелестіктің болмауы, сөз байласу. Бірақ ішкі ресурстардан өндірілетін өнімдер, ресурстар бойынша сыртқы бағам мен доллар бағамының ықпалы шектелуі», — деді ұлттық экономика министрі.

Азық-түліктік емес таураларға келсек, мұндай тауарларға доллар бағасы ықпалын тигізуі мүмкін. 

«Ішкі өндірісте жоқ немесе тиісті деңгейде өндірілмейтін техника, электронды техника, фармация тәрізді азық-түліктік емес тауарларға келсек, әрине, доллар бағасы оған ықпал ететін болады. Бірақ біз 2009 және 2016 жылдар мұны бастан өткердік. Біріншіден, фармация саласында келісімге келу институты бар. Бірыңғай дистрибьютор өнімдердің негізгі бөлігі бойынша келісімшарт жасасып қойды. Электроникаға келсек, әлемдік брендтер бағаның сұраныстың ішкі мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс екендігіне қатысты жергілікті құрауышты алдын-ала ескереді. Сондықтан, азық-түліктік емес тауарлар бойынша электроника саласында әдетте оның бағасы бұрынғы шегінде қалады», — деп түсіндірді министр.

Өз кезегінде ҚР қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов 2020 жылы мұнай секторынан 4 трлн 816 млрд теңге көлемінде қаржы түседі деп жоспарланғанын, мұның барлығы Ұлттық қорға бағытталатынын түсіндірді. 

«Республикалық бюджетке экспорттық кеден бажы түрінде 1 трлн 019 млрд теңге көлемінде кіріс түседі. Егер мұнай бағасы $25 төмен болған жағдайда — бұл төлемдер нөлге тең болады, яғни түсім болмайды. Мұнай секторынан түскен қалған төлемдер Ұлттық қорға бағытталады», — деп хабарлады Б. Шолпанқұлов. 

Бюджетті нақтылау тұрғысынан бүгінде шығыстарды оңтайландыру шаралары қабылданатын болады.

«Өткен жылдары мұнай бағасы барреліне $30-дан төмен түсіп, ҚР бюджеті дағдарысқа қарсы жоспардың дер кезінде қабылданғанына байланысты осы міндетті оңай әрі жедел орындап шықты. Барлық тиісті есептер дайын, біз бірінші тоқсанның қорытындысын күтеміз», — деп түйіндеді бірінші вице-министр.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.