Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкімет отырысы: ШОБ-ты қолдау және ауылдарды дамыту тәсілдері әзірленіп, жаңа заңдар тізімі нақтыланды

Сәрсенбі, 06 Қараша 2019, 18:07:18

6 қарашада Үкіметтің кезекті отырысында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары қаралып, 2025 жылға дейінгі Жол картасы аясында бизнесті қолдаудың жаңа тәсілдері мақұлданды. Күн тәртібіне сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру мәселелері, сондай-ақ Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспары шығарылды. Үкімет кулуарларында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өзекті тақырыптар бойынша сұрақтарға жауаптар алды. 

«Бизнестің жол картасы ‒ 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары 

Бірінші мәселені қарау кезінде ҚР Премьер-Министрі А. Маминге шағын және орта бизнестің еліміздің ЖІӨ-дегі үлесі 2015 жылғы 28,4%-ға дейін өскені туралы баяндалды. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 24,9%-ға тең болған. 

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 400 мыңға ұлғайып, 1,3 млн құрады, ал жұмыспен қамтылғандардың саны 300 мыңға өсіп, 3,3 млн адамды құрады. Бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша 16 мыңнан астам ШОБ субъектілері қаржыландырылды, 100 мыңнан астам кәсіпкер оқытылды, 15,5 трлн теңгеге өнім өндірілді, 1 трлн теңге шамасында салық төленді.

Үкімет басшысы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өтті.2010 жылдан бастап оны іске асырудың нәтижесінде 342 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, 94 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

 

БЖК-2025 бағдарламасында қандай жаңашылдық ұсынылады?

Өз кезегінде, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасында мақсаттар мен міндеттер сақталды, қолдау құралдары жетілдірілді. Мәселен, айналым қаражатын несиелеу көлемі 60 млн теңгеден 360 млн теңгеге дейін ұлғаяды, Бағдарламаның келесі кезеңін іске асыруға 421 млрд теңге қарастырылған, бұл өткен бес жылдық кезеңге қарағанда 1,5 есеге артық. 

Жаңа мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде күтіледі: 

  •  Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін кем дегенде 35%-ға жеткізу; 
  •  Жалпы ішкі өнімдегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 13,4%-ға жеткізу; 

  •  Бағдарлама қатысушыларынан салық түсімдерінің БЖК-2020 іске асырудың қорытынды деңгейінен кемінде 2 есеге артуы; 

  •  Бағдарлама қатысушыларының 30 мың жаңа жұмыс орындарын құруы. 

Осылайша, 2025 жылы экономиканың үштен бірінен астамы шағын және орта бизнеске тиесілі болады, ал 2050 жылға қарай шағын және орта бизнес Жалпы ішкі өнімінің жартысын құрайды.

Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігіне осы жылдың қараша айының соңына дейін «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының қабылдануын қамтамасыз етуді, 2019 жылдың соңына дейін қажетті нормативтік құқықтық актілердің қабылдануын қамтамасыз етуді, «Атамекен» ҰКП және «Даму» АҚ-мен бірлесіп, кәсіпкерлер арасында жаңа Бағдарламаның тәсілдері мен мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

 

Өмір сүру сапасын арттыру: «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша ауылдар қалай жаңғыртылады 

«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру жөніндегі екінші мәселені қарау кезінде ҚР Премьер-Министріне қазіргі уақытта 6 443 ауылда 7,7 млн адам, яғни ел халқының 42%-ы тұратыны баяндалды. Ауылдың жартысынан астамында жолдарды жөндеу қажет, инженерлік желілері қатты тозған, көптеген ауылдарда білім беру және денсаулық сақтау нысандары жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ауылды дамыту үшін кешенді тәсіл қолдануды ұсынды. Осы мақсатта бірінші кезекте қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы есебінен ауыл инфрақұрылымын жаңғырту жүргізілетін болады, сонымен бірге Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек» және басқа да қолданыстағы бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау жүзеге асырылады. Ол үшін бірінші кезекте ауыл инфрақұрылымы жаңғыртылатын болады, ауылдардағы кәсіпкерлікке қолдау көрсетіледі. 

Қазіргі уақытта даму әлеуеті бар 3 477 ауыл іріктеп алынды, оның ішінде – 1 150 тіректі және 200 шекара маңындағы ауылдар енгізілген 2 327 спутниктік ауылдар. Аталған ауылдарда 6,6 млн адам немесе ауыл халқының 85%-ы тұрады, оларды дамыту басымды түрде болады. 

Жобаны жүзеге асыру үшін 900 млрд теңге қажет, бұл қаржыға 250 ауылда 1641 жобаны іске асыру жоспарлануда. 2027 жылға дейін ауылдық жерлерді дамытуға бағытталған басқа мемлекеттік бағдарламалармен бірге «Ауыл – Ел бесігі» жобасын қаржыландырудың жалпы көлемі 2 трлн теңгеден асады, ал жобалар саны 30 мыңнан астам. 

Премьер-Министр А. Мамин Жобаны іске асыру аясында 7 жыл ішінде ауылдардың барлық инфрақұрылымын жаңарту, 7 мың шақырымнан астам жолды және ауылішілік көшелерді салу және жөндеу тіршілікті қамтамасыз ететін инженерлік желілерді салу, сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін реконструкциялау және салу, сонымен қатар 130 мың жаңа жұмыс орындарын құру арқылы 7 млн-ға жуық ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту күтіліп отырғанын атап өтті.

Үкімет басшысы «Ауыл – Ел бесігі» жобасын қаржыландыруды ұлғайту туралы ұсыныстарды енгізуді, жылдар бойынша топтастырып және қажетті қаржыландыру көлемімен тірек және спутниктік ауылдық елді мекендердің тізімін қайта қарауды, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін 2020-2026 жылдарға арналған жаңартылған «Ауыл – ел бесігі» жобасын дайындауды тапсырды.

Шығындардың 70%-ы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады. Өңірлердің әкімдіктеріне шығындардың қалған 30%-ын бірлесіп қаржыландыру көздерін анықтау тапсырылды. Сонымен қатар, жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен тыс қаражат тарту, қажетті құжаттаманы дайындау және әрбір тірек және спутниктік ауылдық елді мекен үшін Экономиканы дамыту жоспарларын әзірлеу қажет.


2020 жылы Үкімет қандай заң жобаларын әзірлейді? 

 Үшінші мәселе бойынша Үкімет басшысына Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарының жобасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың стратегиялық нұсқаулары мен Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын ескере отырып әзірленгені баяндалды. Құжат әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт саласын, арнайы тауарларды бақылау, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары, визуалдық ақпарат және т. б. салаларды одан әрі дамытуға бағытталған 16 заң жобасын әзірлеуді қарастырады. Жоспар жобасында көзделген 16 заң жобасының ішінен Парламентке 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында – 4, ал екінші жартыжылдығында – 12 заң жобасын енгізу жоспарлануда.

Алдағы жылы 2 жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр. Бұл «Ерекше тауарларды бақылау туралы» және «Өсімдік әлемі туралы» заң жобалары. ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, жоспарланған заң жобалары тұрғындар үшін маңызды салаларда құқықтық қатынастарды жетілдіруге бағытталған. 

«Әділет министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, енгізіліп жатқан заң жобаларының сапасына ерекше назар аудару керек», — деді А. Мамин.

Министрлер кабинеті мақұлдаған Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарының жобасы Мемлекет басшысына келісуге жіберіледі. 

Үкімет кулуарларында ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов 37 толық аптадан аз мерзімде туған сәбилерге көмек көрсету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. 

«Шала туған нәрестелерге қатысты жағдай әрдайым әркезде қиын, әлемнің басқа елдерінде де солай. Өйткені шала туған сәбилер - ауыр даму патологиясы бар балалар, әдетте, олардың сырқаттану қаупі зор. Сондықтан шала туған сәбилерге сапалы көмек көрсету үшін біз қазір үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп осы қызметті нығайту бойынша бағдарламаны пысықтап жатырмыз, оның ішінде барлық өңірлерде шала туған сәбилерге көмек көрсету бойынша катамнез орталығын дамыту да бағдарламасы да бар», — деді Е. Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі тапсырманың берілгенін, қазір арнайы көмек көрсету әдістемесі бекітілу сатысында екенін айтты. Сонымен қатар, тиісті орталықтар құрылатын медицина ұйымдарына қойылатын талаптар әзірленуде.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тоқыма өнеркәсібінің дамуы туралы айтты және Қазақстанда шығарылған киімнің сапасының тиісті деңгейде екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда қазір шетелдік бәсекелестерінен кем түспейтін сапалы киім шығарылып жатыр. 

«Бізде жақсы дизайнерлер мен отандық өнім шығарушылар өте көп. Мен Қазақстанның оңтүстігінде жұмыс істедім, сонда киімнің сапасына таң қалдым. Алдымен, мен оның бағасына қайран қалдым. Шымкентте конвейер костюмін сатып алдым. Мұнда бірнеше кәсіпорын киім тігеді, бағалары да әр түрлі. Бәрі киімнің матасына, астарына және тігіншісіне байланысты. Қазақстанда шығарылатын өнімдер өте сапалы», — деді Б. Атамқұлов.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
04 Сәуір 2020, 16:39
Электронды үкімет порталының жұмысы қазір тұрақты - А. Жұмағалиев
04 Сәуір 2020, 15:17
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларға импорттық баж салығы жойылды
03 Сәуір 2020, 13:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №160 Қаулысы
03 Сәуір 2020, 13:17
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді
02 Сәуір 2020, 20:40
Растаушы құжаттарды тапсырмай төлемді кейінге шегеру - төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?
02 Сәуір 2020, 15:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №153 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №147 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №126 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №124 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №123 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №122 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:52
Қазақстан Республикасы Үкіметініңі 2020 жылғы 16 наурыздағы №116 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №115 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 11:51
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру 7 мың жобаны қамтиды — ҚР ЕХӘҚМ 
02 Сәуір 2020, 10:42
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыруға жұмсалатын шығындар 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады — ҚР Қаржы министрлігі 
02 Сәуір 2020, 10:20
Үкімет азаматтар мен бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қабылдады
02 Сәуір 2020, 10:13
ШОБ биылғы 1 қазанға дейін салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады — ҚР ҰЭМ
01 Сәуір 2020, 20:17
Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады 
01 Сәуір 2020, 10:32
2 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
22 Наурыз 2020, 13:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53
21 Наурыз 2020, 16:09
Қ. Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
21 Наурыз 2020, 14:50
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
21 Наурыз 2020, 12:34
Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:06
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 08:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
21 Наурыз 2020, 08:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы
20 Наурыз 2020, 17:52
А. Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен және ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
20 Наурыз 2020, 12:00
Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді — Е. Тоғжанов
20 Наурыз 2020, 11:53
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
20 Наурыз 2020, 11:29
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.