Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

«Туған жер» жобасы, музей экспонаттарының цифрлық каталогын және ұлттық электрондық кітапхана құру  — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда

Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020, 15:05:40

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалада қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттары айқындалған, онда қазақстандық қоғамның дамуының бірегей беталысы көрініс тапқан. Ұлттық деңгейдегі ауқымды жобада қамтылған шаралар мен оны іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы толығырақ Рrimeminister.kz шолуынан оқыңыздар.   

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Елбасы бастамаларын жүзеге асыру бойынша ауқымды ақпараттық-имидждік жұмыс жоспары бекітілді, өңірлік жоспарларды іске асыру мақсатында жобалық офистер құрылды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, аударма бюросының жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.

 

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылуы

Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманауи білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды.

2017 жылы осы тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды. Жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық аударма бюросы құрылды.

Жобаның мақсаты – гуманитарлық бағыттағы әлемнің ең үздік оқулықтарын қазақ тіліне аударып, елдегі барлық жоғары оқу орнына жеткізу, сол арқылы гуманитарлық білім мен ғылымның мазмұнын жаңарту. 

Аударылатын оқулықтарды іріктеу барысында 800-ден аса ұсыныс түсіп, арнайы жұмыс тобының қарауына жіберілді. Оқулықты таңдауда бірнеше талап ескеріледі:

  • әлемнің ең озық 100 университетінің оқу бағдарламасында болуы;
  • кемінде үш басылымда жарық көруі және соңғы 3 жылда басылып шығуы;
  • мазмұнының бейтарап сипатта болуы;
  • заманға сай, түрлі интерактивті қосымшаларының болуы.

Аталған талаптардың негізінде 47 оқулық аударылды. Әр оқулық 10 мың данамен басылып, еліміздегі 132 ЖОО-ға таратылды. Оқулықтардың басым бөлігі ағылшын тілінен, сонымен қатар француз және орыс тілдерінен аударылған. Бұл кітаптардың кейбірінің орыс тіліндегі нұсқасының болуына қарамастан, оқулықтың түпнұсқа тілінен тікелей аударылуына баса мән берілді. Іріктелген оқу құралдарын қазақ тіліне аударуға Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарының оқытушылары, білікті аудармашылар мен редакторлар тартылды. 

Аударма барысында арнайы мамандардың ғана емес, оқырман тарапынан келіп түскен ұсыныстар да ескеріледі. Кез келген оқырман 100kitap.kz сайтындағы кері байланыс жүйесі арқылы өзінің ой-пікірін білдіре алады. Нәтижесінде, соңғы 10 жыл бойы бестселлер қатарынан табылып жүрген Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», әлем назарын аударған Ювал Хараридің «Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы», «Homo Deus: болашақтың қысқаша тарихы», «XXI ғасырға 21 сабақ» туындылары қазақ тіліне аударылды.  

Оқулықтардың электрондық нұсқасы да әзірленіп, олар «Қазақстанның ашық университеті» – OpenU.kz платформасына жүктелген. Қазіргі таңда платформада 172 курс қамтылған, оған тіркелген қолданушылар саны 46 мыңнан, ал қазақ және орыс тілдеріндегі дәрістер саны 4000-нан асады. Бейнедәрістермен қатар, тапсырмалар мен қосымша оқу материалдары, тест сынақтары және конспектілер беріледі.  

Өткен жылы 9 мыңға жуық сөзді қамтитын «Қазақ тілінің кірме сөздерінің сөздігі» дайындалып, басылып шықты. Сонымен қатар «Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі» және «Оксфорд экономика сөздігі» жарық көрді. Сөздіктер 10 мың данамен басылып, көптеген оқу орындарына таратылды. 2020 жылы Оксфорд баспасымен бірлесіп, көлемі мың беттен асатын «Oxford Kazakh Dictionary» қазақша-ағылшынша және ағылшынша-қазақша сөздіктерді шығару жоспарлануда. 

 

«Туған жер» бағдарламасының іске асырылуы 

«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын», - деді Н. Назарбаев. Бұл бастама аясында қолға алынған жоба қазақстандықтарды туған өлкесін дамытуға тартуды, жергілікті жерлердегі әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет пен азаматтық қоғамды жұмылдыруды мақсат етеді. Ол қазіргі таңда екі бағыт бойынша жүзеге асырылуда: өлкетанулық қызмет және меценаттықты дамыту. 

2019 жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында республика деңгейінде 12 мыңнан аса іс-шара өткізілді. Осы мақсатта жалпы көлемі 62 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған болатын. Соның ішінде 14 млрд теңге мемлекеттік бюджеттен жұмсалса, қалған 48 млрд теңге демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен тартылды. Жалпы, 2017-2019 жылдары еліміз бойынша 11 173 меценат және 274 млрд теңге көлемінде қаражат тартылған. Сонымен қатар 2019 жылы 825 жаңа нысан салынды және 547 нысан жаңартылды.

Меценаттардың қолдауымен мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, мәдениет үйлері, спорт нысандары т.б. салынған және жөндеуден өткізілген.

Мәселен, қыркүйек айында Қостанай облысында меценаттардың атсалысуымен мектеп оқушыларының жаңа заманауи технологияларды еркін игеруі үшін 3 IT-технология және робототехника кабинеті жасақталды.

 Қарағанды облысы Степное ауылында мәдениет үйінің ғимараты  демеушілер есебінен жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.

 Ақмола облысында «Нұр Астық» ЖШС есебінен Мықтыкөл ауылдық мектебінің ғимараты жөндеуден өткізілді. 

Солтүстік Қазақстан облысында «Дайындық Агро» ЖШС-ның демеушілік көмегімен Дайындық ауылының жолдары 60 млн теңгеге жөндеуден өткізілді.

Ақтөбе облысының Темір ауданында «Сәт» шаруа қожалығы басшысының қолдауымен Бірлік ауылында көпір салынды. 

Алматы қаласында демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен

1200 орынға арналған мектеп, 500 адамға арналған емхана, «Жарыс Арена» кешені салынды. Орталық мәдениет және демалыс саябағын жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қызылорда облысында демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен: 

  • Шиелі ауданында спорттық-сауықтыру кешені құрылысына қолдау көрсетілді; 
  • Ақүйек және Өзгент ауылдық округтерінде медициналық амбулаториялар қолданысқа берілді;
  • Қармақшы ауданының Дауылкөл ауылдық округінде 80 орынға арналған балабақша салынды.

Маңғыстау облысында демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен 500 орынға арналған мәдениет үйі, 12 спорт кешені мен 39 балалар ойын алаңы салынды.

«Өлкетанулық қызмет» бағыты бойынша туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатымен 5-7 сыныптардың мектеп бағдарламасына «Өлкетану» оқу курсы енгізілді. Жалпы білім беретін орта мектептерде 1670 мектеп музейі , 2179 өлкетану үйірмесі жұмыс істейді. Олардың жұмысына 46,9 мың бала, 93 оқушылар сарайы, 4 жас натуралист сарайы, 18 аула клубы тартылған. 3 жыл ішінде (2017-2019 жылдары) 1 млн астам оқушы қамтылды.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының іске асырылуы

Жоба аясында өлкедегі киелі орындарды анықтау, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, олардың картасын жасау көзделген. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық музей жанынан республикалық «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы құрылды. Бүгінгі таңда Қазақстанның қасиетті жерлерін анықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Өткен жылы «Қасиетті Қазақстан» орталығының жанынан құрылған ғылыми-сараптамалық кеңес отырысы өткізілді. Нәтижесінде Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар киелі жерлерінің тізімі толықтырылып, олардың  саны 206 нысанға, ал жергілікті маңызы бар киелі жерлерінің саны 575 нысанға жетті. 

Сонымен қатар Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген, республикалық маңызы бар 23 тарихи және мәдени ескерткішке ғылыми реставрациялау жұмыстары жүргізілді. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи, Айранбай кесенелері; Аппақ ишан, Ақыртас кешендері; Ескі Түркістан, Отырар, Сауран, Сығанақ қалашықтары; Сырымбеттегі Уәлихановтар үйі т.б. бар. 

Ал «Бозоқ» музей-қорығы үшін елордадағы Есіл ауданынан 412,6 га көлеміндегі жер учаскесі бөлінді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің арасында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөніндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Биыл қорық аумағында орналасатын нысандардың (визит орталық, археологиялық парк) жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу, ал келесі жылдан бастап құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.  

Сондай-ақ өткен жылы «Ботай қонысындағы әлеуметтік-экономикалық және дүниетанымдық контекстерді зерттеу және қайта құру» ғылыми жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қонысының маңынан көне Ботай мәдениетінің үйі салынды.

Алматы облысындағы «Таңбалы», Түркістан облысындағы «Отырар» музей-қорықтары сапар орталықтарының құрылысы аяқталды. 2019 жылы 1 желтоқсанда «Отырар» музей-қорығының сапар орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының сапар орталығының құрылысы ағымдағы жылы аяқталады. 

Қазіргі уақытта Күлтөбе қалашығында археологиялық зерттеу жұмыстары белсенді жүргізілуде, 15 ғылыми қызметкер мен 40 зертханашы жұмыс жасауда. Археологиялық саябақ құру бойынша жұмыстар 2021 жылы толық аяқталады.

Жалпыұлттық киелі нысандар туралы мобильді форматтағы 30 дана бейнеролик түсіріліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әлеуметтік желілерде таратылды.  

Қазақстанның киелі жерлерінің жалпыұлттық тізіміне енген 15 нысанның 3D моделі жасалды олардың ішінде: саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Алжир» мемориалды кешені, Қабанбай батыр кесенесі, Қосбатыр-Құмай мемориалдық кешені, Кенесары үңгірі, Беспақыр, Рабия Сұлтан Бегім, Гауhар ана, Есім хан, Ибраһим ата, Қарашаш ана, Үкаша ата, Қарабура, Домалақ ана, Хақназар хан кесенелері, Бірлік – Ордабасы кешені бар.

«Қасиетті Қазақстан» энциклопедициясының қазақ және орыс тілдерінде 3-ші томы жарыққа шықты. Онда Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарының киелі жерлері қамтылған.

Жоба аясындағы жұмыстар биыл да жалғасады. Киелі жерлер көп шоғырланған өңірлерде: Алматы облысындағы «Есік», Түркістан облысындағы «Ордабасы» және «Әзірет Сұлтан» музей-қорықтарында сапар орталығының құрылысы басталады. 

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жоспарланған «Ежелгі Отырар қаласын ішінара қалпына келтіру» жобасы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарланған. Оның ішінде көне қалашықтың 10 нысанын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ Қазақстандағы киелі жерлер туралы деректі фильм («Туркестан – вчера, сегодня, завтра») түсіріледі. 

 

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асыру

Жоба шеңберінде қазіргі заманғы қазақ әдебиетін Біріккен Ұлттар Ұйымында қабылданған 6 тілге аудару көзделген. Аударылған шығармалар заманауи қазақ әдебиеті прозасының антологиясы мен заманауи қазақ әдебиеті поэзиясының антологиясына енгізіледі, бұл антологияларды да БҰҰ тілдерінде басып шығару қолға алынады.

Поэзия және проза жанры бойынша 30 қазақстандық автордың қазіргі заманғы 290 шығармасы ағылшын, француз, испан және орыс тілдеріне аударылды. 

2019 жылы Лондон қаласында «Заманауи қазақ әдебиеті прозасының антологиясы» мен «Заманауи қазақ әдебиеті поэзиясы антологиясын» таныстыру шаралары өтті.  Қазақ әдебиетінің жауһарларының жинақтары ағылшын тілінде 100 052 данамен жарық көріп, әлемнің 94 еліне таратылды.

Шетелдерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды:

  • кітап, фото және өнер туындыларының көрмесі;
  • Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы фильмдер көрсетілімі;
  • қазақстандық шығармашылық ұжымдардың концерті;
  • дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар.

Бұдан өзге, шетелдік БАҚ-та 100-ге жуық мақала жарық көрді. 

Шетелдерде қазақ әдебиетінің  танымалдығын арттыру мақсатында сол елдердегі Қазақстанның ресми мекемелері қазақстандық жазушылардың туындыларын шет тілдеріне аудару және басып шығару бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің парсы, малай, поляк, голланд және португал тілдеріндегі жинақтары дайындалды.

Анкара қаласында Халықаралық түркі академиясы басып шығарған «Түркі интеграциясының архитекторы» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шара түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру жөніндегі Нахчыван келісімінің 10 жылдығына орайластырылды. Жинаққа Түркі кеңесі мемлекеттері басшыларының, сондай-ақ шетелдік ғылыми және мәдени қайраткерлердің мақалалары енді. Сонымен бірге профессор Г. В. Канның «Қазақстан тарихы» атты кітабы қытай тіліне аударылды.

Мәскеудегі «Современник» драма театрында қазақстандық драматург Р. Мұқанованың ақиық ақын Ф. Оңғарсыноваға арналған «Фариза» спектаклінің премьерасы өтті. 

Канадада, Иорданияда, Швецияда, Румынияда, Франция және Беларусьте қазақстандық кино фестивальдері өткізілді. Шетелдік көрермендерге отандық режиссерлердің «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Көшбасшы жолы. Жұлдыздар тоғысқанда», «Әміре», «Әруақ», «Талан», «Анаға апарар жол» және т.б. фильмдері көрсетілді. «Азиатика» (Рим қаласы, Италия) және «DORF» (Винковци қаласы, Хорватия) халықаралық кинофестивальдері аясында да Қазақстан фильмдерінің жеке көрсетілімдері өтті. Ал Нью-Дели қаласында шығыстың әйгілі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған әл-Фараби үйі ашылды.

Қазақстан халықаралық деңгейдегі түрлі кітап, өнер және археологиялық көрмелерге қатысты. Қытай ұлттық музейінде өткен «Жібек жолы бойындағы елдер ұлттық мұражайларының қазыналары» көрмесі аясындағы «Алтын адам» жәдігерлер көрмесінде, Литвада өткен «Qazaq brands showroom» қазақстандық әйелдер киімдерінің көрмесінде көпшілік назарына қазақ тарихы мен өнерінің теңдессіз қазынасы ұсынылды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан мәдениетін шетелде ілгерілету мақсатында шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған мәдени баспасөз турлары өткізілді. Мәселен, өткен жылы 4-6 қыркүйек