ТКШ ашықтығын арттыру: «е-ПИК» және «E-SHANYRAQ» ақпараттық жүйелерінің артықшылықтары қандай

Сәрсенбі, 27 Қараша 2019, 09:20:00

Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Қуатты ел – Қуатты өңірлер» бағыты бойынша өңірлерді дамытудың маңыздылығын атап көрсетті. Соның ішінде, Қазақстан Президенті 2022 жылға қарай өңірлерді дамыту бюджеті 800 миллиард теңгеден асып кететініне тоқталып, әкімдерге жергілікті мәслихаттармен бірігіп, осы қаражаттың жартысын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту ісін бірлесе қаржыландыруға және өңір тұрғындарының өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Сондай-ақ ол Қазақстанның технологиялық серіктестік орнату, мәлімет орталықтарын құру, мәліметтер транзитін дамыту, цифрлық қызметтердің жаһандық нарығына қатысу үшін ашық юрисдикция ретінде өзіндік брендке айналуы тиіс екенін айтқан еді. Бұл орайда, елімізде 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын да айта кеткен жөн. Мемлекет басшысының тапсырмасын және аталмыш бағдарламаны іске асыру аясында жаңғыртуды қажет етіп отырған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қандай шаралар қолға алынуда? Ортақ мүлкін күтіп ұстауға төлейтін қаражатының қайда жұмсалатынын көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары қалай қадағалай алады? Пәтер иелері кооперативтері (ПИК) қашан таратылады? Мүліктің меншік иелері бірлестігі қалай құрылады? «е-ПИК» пен «E-SHANYRAQ» ақпараттық жүйелері нені көздейді? Бұл туралы толығырақ Рrimeminister.kz-тің шолу материалында. 


ПИК-тердің орнына МИБ-тердің құрылуы: артықшылықтары қандай? 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту әрі көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару тиімділігін арттыру мақсатында еліміздегі пәтер иелері кооперативтері таратылып, оның орнына Мүліктің меншік иелері бірлестігі құрылмақ. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрсетілген. «Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидасы бойынша жұмыс істейтін мүліктің меншік иелері бірлестігі құрылуынан тұрғындар не ұтады? Бірлестік елімізде нақты қашан енгізіледі? Ол қалай жұмыс істейтін болады? Бұл туралы келесі мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.

Бүгінгі күні тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалардың бірі – көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруды, оның ішінде басқару нысандарының кең тараған түрі – пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) қызметін реттеу.

C:\Users\User\Desktop\ШОЛУЛАР\шолу ТКШ\tksh2.jpg

Қазіргі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында орын алған өзекті мәселелерді жан-жақты шешу мақсатында «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Заң жобасына сәйкес, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істейтін субъектілерге (қатысушыларға) уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту орталығы, табиғи монополиялар субъектілері, мүліктің меншік иелері бірлестіктері, серіктестіктер, көппәтерлі тұрғын үйді басқарушылар, басқарушы компаниялар, сервистік қызмет субъектілері, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері және өзге де субъектілер жатады.

C:\Users\User\Desktop\ШОЛУЛАР\шолу ТКШ\tksh6.jpg

Заң жобасының негізгі тұжырымы – әр көппәтерлі тұрғын үйде «бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидасы бойынша жұмыс істейтін мүліктің меншік иелері бірлестігі коммерциялық емес ұйымын құру болды. Мүліктің меншік иелері бірлестігі әрбір тұрғын үйді басқаруда дербес тәсілді қолдануды көздейді және тұрғындардың мүддесіне сай келетін басқару функцияларын атқару үшін құрылады. Мүліктің меншік иелері бірлестігінде тұрғындарды толғандыратын тұрғын үйге қатысты мәселелер көпшіліктің жалпы жиналысында шешіледі. Бұл ретте, көппәтерлі тұрғын үйді басқаратын басқару органын таңдау кезінде тұрғындар мүліктің меншік иелері бірлестігімен қатар, серіктестік құруға да құқылы және ортақ мүлікті күтіп ұстау үшін сервистік компаниялармен келісімшарт жасасу мүліктің меншік иелері бірлестігінің немесе серіктестіктің тікелей құзыретіне жатады. 

Сондай-ақ жалпы жиналыс кезінде тұрғындар кондоминиум объектісін басқаруға және оның ортақ мүлкін күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстардың бір жылға арналған сметасын бекітіп, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады. Кондоминиум объектісін басқаруға және оның ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын пайдалану шығыстарының мөлшері осы белгіленген шығыстардың мөлшерінен алынады. Мұндай шығыстардың ең төменгі мөлшерін сол өңірдің ауа-райы жағдайларын, орташа жалақы мөлшерін т.б. ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдар анықтайтын болады.

«Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданғаннан кейін қазір жұмыс істеп тұрған ПИК-тер өз жұмыстарын автоматты түрде тоқтата алады немесе заң жобасының өтпелі ережесіне сәйкес өз қызметін 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғастыра алады. Олар басқарушы және сервистік компаниялар ретінде қайта тіркеліп, мүліктің меншік иелері бірлестігімен келісімшарт жасасқан соң көппәтерлі тұрғын үйді басқару функцияларын атқара алады. Қазір аталмыш заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінің қарауында.

 

МИБ жұмысын үйлестіру және тексеру 

Мүліктің меншік иелері бірлестігінің қызметін үйлестіруді және кондоминиум объектісін басқару және оның ортақ мүлкін күтіп ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептерді Үй кеңесі тексеріп қарайды. Үй кеңесінің құрамына сол тұрғын үйдің жалпы жиналысында сайланған кемінде үш тұрғын кіреді. Сонымен қатар, Үй кеңесіне жалпы жиналыста өкілеттіліктер беру туралы шешім қабылданған жағдайда, ол басқару нысанын ауыстыруға және таңдауға құқылы.

Жалпы жиналыста тұрғындар ревизиялық комиссияны сайлауға құқылы. Бұл комиссия кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау қызметіне бақылау жүргізетін, тұрғындар арасынан сайланған кемінде үш адамнан немесе ревизордан тұрады. Бұған қоса, жалпы жиналыста қабылданған шешімнің негізінде тұрғындар меншік мүлік иелері бірлестігінің жұмысын тексеру үшін сырттан аудиторлық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасаса алады. Сонымен қатар, тұрғын үйді басқару органын меншік иелеріне тоқсан сайын есеп беруден ай сайын есеп беруге көшіру жоспарланған. Осы орайда, бірлестіктің шығыстары мен кірістерін толық көрсету үшін уәкілетті орган көппәтерлі тұрғын үйді басқару бойынша ай сайынғы есеп формасын әрбір шығыс түрін ашып көрсету арқылы толықтыра отырып, қайта бекітетін болады. Мұндай шаралар көппәтерлі тұрғын үйді сапалы басқару қызметін және оның ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. 

C:\Users\User\Desktop\ШОЛУЛАР\шолу ТКШ\tksh4.jpg

Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық саласына осы және басқа да жаңашылдықтарды енгізуді мақсат етіп отырған «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындау кезінде халықаралық тәжірибе жан-жақты зерделенді. Соның нәтижесінде көппәтерлі тұрғын үйді басқаруда мүліктің меншік иелері бірлестігін құру бойынша Германияның үлгісі басшылыққа алынды. Тұрғын үйлердің басқарудың германиялық үлгісі қаладағы әрбір тұрғын үйде мүліктің меншік иелерінің бірлестігін құру пәтер иелерінің өз үйін басқару және күтіп ұстау істеріне мүдделілігін арттыруға және осы функцияларды кәсіби басқарушы компанияларға, сервистік қызмет көрсетушілерге берудің ең оңтайлы жолы екенін көрсетті. 

 

Тұрғын үйлерді жөндеуге қаражат жинайтын қордың құрылуы және МИБ тарифтері туралы

Қазіргі таңда ел өңірлеріндегі көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарып отырған ПИК-тер үйді басқарумен қатар, сол тұрғын үйге ортақ мүлікті күтіп ұстау функцияларын қатар атқарып отыр. Мұның кемшілігі мынада: осы міндетті жүзеге асыру үшін қызметкерлер штаты (төраға, бухгалтер, сантехник, электрик т.б.) құрылады да, оған жалақы, әлеуметтік, медициналық сақтандыру жарналарын төлеу еріксіз тұрғындардың мойнына жүктеледі. Ал жаңа заңға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді басқару үшін мүліктің меншік иелері бірлестігіне тек бір адам – мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе серіктестіктің сенімді өкілі жеткілікті және оның жалақысы тұрғындардың жалпы жиналысында келісіледі. Тұрғын үйді күтіп ұстау бойынша жұмыстарды жасалған келісімшарт негізінде кәсіби сервистік қызмет көрсетуші компаниялар (клинингтік, лифт жөндеу, бейнебақылау жүргізу және т.б.) жүзеге асырады, олардың қызмет ақысы атқарылған жұмыстар актісі негізінде төленетін болады. Осы себепті, мүліктің меншік иелері бірлестігі құрылғаннан кейін де тұрғын үйлерді басқару қызметіне тарифтер көтерілмейді.

C:\Users\User\Desktop\ШОЛУЛАР\шолу ТКШ\tksh3.jpg

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылып отырған тағы бір жаңалық – тұрғын үйлерді толық жөндеуден өткізуге қаражат жинайтын арнайы қор құрылады. Қорды ҚР Үкіметі айқындайды. Қордың мақсаты – тұрғын үйлерді жөндеуден өткізуге, күрделі жөндеулер жүргізуге қажетті қаражат көзін жинақтау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге қажетті қаржыны жинау үшін мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе серіктестіктің сенім білдірілген өкілі екінші деңгейлі банктердің бірінде жинақ есепшотын ашады. Бұл ретте, тұрғындар күрделі жөндеуге тиіс пайдалы алаңының 1 шаршы метрі үшін жинақ есепшотында жинауға ең төменгі міндетті сома 0,005 есе АЕК-ке дейін төмендетіледі (қолданыстағы көлемі – 0,02 АЕК). Көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге қажетті қаражаттың ай сайын төленуі тиіс мөлшері тұрғындардың жалпы жиналысында белгіленеді. 

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы

1. «е-ПИК» жобасы нені көздейді? 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан электронды пәтер иелері кооперативі – «е-ПИК» жобасы нені көздейтіні туралы толығырақ айта кетсек. Қазіргі уақытта «е-ПИК» жобасы еркін нарықтық ортада жеке кәсіпкерлермен немесе жергілікті атқарушы органдарда жасалған бағдарламалық жабдықтар негізінде енгізілуде. Еліміз бойынша бағдарламалық жабдықтар саны 15-тен асады. Әрбір бағдарламалық жабдықтың әзірлеушісі өз мүмкіндігі аясында порталы мен мобильдік қосымшасын іске қосуда.

«е-ПИК» нарығындағы бағдарламалық жабдықтардың жұмысын реттеу мақсатында, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында ақпараттандыру субъектілерінен орталықтандырылған ақпарат жинау, талдау және сақтау ережелерін бекіту қарастырылған. Бұл ережеде «е-ПИК» бағдарламалық жабдықтарына қажетті базалық функциялар тізімі және Тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ақпараттық жүйесіне (E-SHANYRAQ) жолданатын ақпарат құрамы бекітілетін болады.

C:\Users\User\Desktop\ШОЛУЛАР\шолу ТКШ\tksh7.jpg

Сонымен қатар, аталған Заң жобасында ақпараттандыру объектісін («е-ПИК») қолдану және тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ақпараттық жүйесіне ақпарат жолдау басқарушы органға жүктелуде. Осы себепті, Заң күшіне енгеннен бастап, басқарушы орғандар және тұрғындармен «е-ПИК» бағдарламалық жабдықтарын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Тұрғындар және басқарушы органдар ақпараттандыру объектінің («е-ПИК») бағдарламалық жабдығын қолдану арқылы келесі негізгі функцияларды жүзеге асыра алады:

  • жеке кабинетін тіркеу;

  • көппәтерлі тұрғын үйдің төлқұжаттық мәліметтерін көру;

  • жоспарлау;

  • өтінім беру және оның орындалуын қадағалау;

  • пәтер иелерінің жиналысын ұйымдастыру, электронды дауыс беру, өзекті мәселелерді талқылау;

  • басқарушы органның берген есептерін көру және оның жұмысына баға беру;

  • ағымдағы және жинақ есепшоттарын қадағалау.

Сонымен қатар, «е-ПИК» ақпараттандыру объектісінің бағдарламалық жабдықтарынан «E-SHANYRAQ» жүйесіне ақпарат жолдау арқылы басқарушы органдардың атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат талданып, қажетті әкімшілік шаралар қолданылатын болады. Сол ақпараттың негізінде тұрғындар өзінің тұрғын үйін басқарушы органның жұмысын зерделеп, қажет болған жағдайда басқарушы органды ауыстыру туралы шешім қабылдай алады. Ағымдағы және жинақ есепшоттарын, тұрғындардан жиналған ақшаның жұмсалу негізділігінің қадағалау мүмкіндігі туындайды. Осының арқасында, көппәтерлі үйдің басқарудың ашықтығы мен сапасы артады. 

C:\Users\User\Desktop\ШОЛУЛАР\шолу ТКШ\tksh11.jpg

Электронды пәтер иелері кооперативі – «е-ПИК» жобасына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПИК-тердің 97%-ы қосылғанымен, тұрғындар оны қолданудың пайдасын әлі де болса жеткілікті түсінбей отыр. Мүмкін, бұған себеп, халықтың бұл жоба туралы хабарының аздығында болар. Осы ретте, Нұр-Сұлтан қаласында «е-ПИК» жобасы жеке компанияларымен енгізілгендіктен, кәсіпкерлер арасында ол туралы ақпарат тарату, жобаның функцияларын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

C:\Users\User\Desktop\ШОЛУЛАР\шолу ТКШ\tksh8.jpg

Бұдан басқа, «ТКШ ҚазОрталығы» кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару және күтіп ұстау мәселелері бойынша, оның ішінде деректерді «E-SHANYRAQ» жүйесіне жолдау бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін ақпараттық-әдіснамалық қолдауды жүзеге асыруда. 

2. «E-SHANYRAQ» жүйесі қандай мүмкіндіктер ұсынады? 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының жаңалықтарының бірі – «E-SHANYRAQ» деген атаумен тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ақпараттық жүйесін енгізу. «E-SHANYRAQ» интеллектуалдық-ақпараттық жүйесі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда.

Тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ақпараттық жүйесін құрудың негізгі мақсаты – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқару процесін, оның ішінде алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттық қолдау, соның негізінде кешенді талдамалық ақпаратты жедел қалыптастыру есебінен қызмет көрсететін ұйымдардың (ПИК), сервистік компаниялардың, табиғи монополия субъектілерінің, сондай-ақ олардың қызметін бақылайтын органдардың қызметінің жеделдігін, тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған қажетті ақпаратты бірыңғай деректер базасына шоғырландыру.

C:\Users\User\Desktop\ШОЛУЛАР\шолу ТКШ\tksh10.jpg

Жүйенің арқасында, тұрғын үй қоры, энергия ресурстарын тұтыну, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының объектілерінің, инженерлік коммуникациялардың ағымдағы жағдайы туралы барлық мәліметтер ақпараттандыру объектілері үшін қолжетімді болады. Бұл саланың барлық қатысушыларына бір көзден нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Саланың барлық субъектілерін бір ақпараттық өрісте шоғырландыру, сандық экономика құралдарын қолдану, талдау ақпаратының көзі ретінде ауқымды деректерді (Big Data) пайдалану мемлекет тарапынан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының саласын басқаруда ақпараттық-талдамалық қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы орайда, «E-SHANYRAQ» жүйесінің жұмысы – ақпараттандыру объектілерінен ақпарат жинау және оны талдау. Жиналған ақпарат негізінде әрбір басқару органының жұмысын, тұрғындардың көрсетілген қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін, тұрғын үй қорының жағдайын, күрделі жөндеу қажет ететін үйлерді анықтауға мүмкіндігі туындайды.

«E-SHANYRAQ» жүйесінде жасалған талдамалық есептер арқылы нақты шешімдер қабылдап, жүйеде модельдеу арқылы предикативті болжаулар әзірленеді. 

«E-SHANYRAQ» жүйесі қалай жұмыс істейді? Алдымен, тұрғындардың ақпараттандыру объектісінде («е-ПИК») қалдырған арыз-шағымы немесе өтініші «E-SHANYRAQ» жүйесіне бағытталады. «E-SHANYRAQ» жүйесі шағымды тіркеуге алып, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тұрғындар ақпараттандыру объектілерінің мобильдік қосымшасы немесе Интернет арқылы шығындар мен кірістер есебін, басқарушы органның қысқа немесе ұзақ мерзімді жоспарларын көру, электронды дауыс беру сияқты мүмкіндіктерге ие болады. 

Барлық субъектілердің ақпараттық жүйелерін «E-SHANYRAQ» жүйесімен интеграциялау тұрғын үй құқықтық қатынастары субъектілері арасындағы өзара іс-қимылды тез және сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Сәуір 2020, 13:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №160 Қаулысы
03 Сәуір 2020, 13:17
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді
02 Сәуір 2020, 20:40
Растаушы құжаттарды тапсырмай төлемді кейінге шегеру - төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?
02 Сәуір 2020, 15:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №153 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №147 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №126 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №124 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №123 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №122 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:52
Қазақстан Республикасы Үкіметініңі 2020 жылғы 16 наурыздағы №116 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №115 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 11:51
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру 7 мың жобаны қамтиды — ҚР ЕХӘҚМ 
02 Сәуір 2020, 10:42
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыруға жұмсалатын шығындар 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады — ҚР Қаржы министрлігі 
02 Сәуір 2020, 10:20
Үкімет азаматтар мен бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қабылдады
02 Сәуір 2020, 10:13
ШОБ биылғы 1 қазанға дейін салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады — ҚР ҰЭМ
01 Сәуір 2020, 20:17
Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады 
01 Сәуір 2020, 10:32
2 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
22 Наурыз 2020, 13:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53
21 Наурыз 2020, 16:09
Қ. Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
21 Наурыз 2020, 14:50
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
21 Наурыз 2020, 12:34
Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:06
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 08:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
21 Наурыз 2020, 08:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы
20 Наурыз 2020, 17:52
А. Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен және ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
20 Наурыз 2020, 12:00
Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді — Е. Тоғжанов
20 Наурыз 2020, 11:53
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
20 Наурыз 2020, 11:29
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
20 Наурыз 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді 
20 Наурыз 2020, 07:55
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі