Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда

Сейсенбі, 28 Шілде 2020, 17:32:20

Кез келген мемлекетте тұрғын үй мәселесі негізгі мәселелердің бірі болып саналады, себебі, азаматтарының әлеуметтік игілігі олардың тұрғын үймен қамтылуына тікелей байланысты. Қазақстан тұрғын үй саласын дамытудың бірыңғай моделін әзірлеуде, оның негізгі қағидаты әсіресе, әлеуметтік әлжуаз топтағы тұрғындар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болмақ. Осы мақсатта елімізде тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін жаңа тұрғын үй бағдарламалары енгізілуде.   

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық табыстың түрлі деңгейіне сай келетін бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеуді тапсырды. Үш жыл ішінде кезекте тұрған аз қамтылған көп балалы отбасыларға тұрғын үй беру мәселесін шешу қажет, ал тұрғын үй сатып алу үшін табысы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға беру жағдайында тұруға мүмкіндік беру қажет.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне қаржыландырудың барлық көздері бойынша Қазақстанда тұрғын үй құрылысына 769,8 млрд теңге инвестиция салынды, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңінен 26,3%-ға артық. Жалпы көлемі 6 113,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 107,3% құрайды. Республика бойынша барлығы 52 282 бірлік тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 18 996-сы – жеке тұрғын үй. 

Тұрғын үй кезегі жыл сайын 50 мың адамға ұлғаюда, ал әлеуметтік тұрғын үй жыл сайын 20 мың отбасына пайдалануға беріледі. Осыған байланысты, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша азаматтарды олардың мүмкіндіктері мен мәртебесіне қарай тұрғын үймен қамтамасыз етудің градациялық жүйесін енгізу көзделіп отыр. Мысалы, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй табысы жоқ немесе отбасы мүшесіне шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар (29,7 мың теңге) кезекте тұрғандарға берілетін болады.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселік шамасынан (59,4 мың теңге) аспайтын табысы бар кезекте тұрғандарға қолжетімді болады.

ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйі отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еседен 3,1 еселік шамасына дейін (92 мың теңге) болатын кезекте тұрғандарға сатылатын болады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен асатын табысы бар азаматтар «ҚИК» ИҰ» АҚ-нан «7-20-25», «Баспана Хит», «Орда», «ҚТҚЖБ» АҚ-нан «Өз үйім бағдарламаларының құралдарын пайдалана алады.

Бұл тәсілдер мемлекеттік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз етеді және тұрғын үй құрылысын жоспарлаудың тиімділігін арттырады.

«Халықтың табысы айқындаушы фактор болады. Отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы бір ЕТКД (ең төменгі күнкөріс деңгейі) аз отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй ұсынылатын болады. Табысы 2 ЕТКД дейінгі тұрғын үйі жоқ отбасылар «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары бола алады (көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар). «5-20-25» бағдарламасы бойынша және «5-10-20» пилоттық жобасы шеңберінде отбасының бір мүшесіне табысы 3,1 ЕТКД дейін кезекте тұрғандар әкімдіктерден кредиттік тұрғын үй алуға үміткер бола алады. Табысы 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейіндегі азаматтар үшін «7-20-25» бағдарламасы қолжетімді», — делінген хабарламада.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй саясатын одан әрі дамытуды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің базасында құрылатын толыққанды «Отбасы банк» даму және қолдау институты арқылы іске асыру жоспарлануда, онда әрбір жұмыс істейтін азамат үшін тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі үшін еңбекақы қорынан міндетті тұрғын үй аударымдары енгізілетін болады.

 

Пандемия кезінде Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі қалай жұмыс істейді?

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі аурудың таралуының алдын алудың арнайы жоспары бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, банктің барлық бөлімшелері мен аймақтық кеңселеріне маскалар, санитайзерлер және барлық қажетті профилактикалық құралдарды жеткізу жолға қойылған. Барлық бөлімшелердегі қызметкерлер маска киіп жұмыс істейді, дезинфекцияның жиілігі мен қарқындылығы артады. Сонымен қатар, банк қызметкерлерінің іссапарларын шектеді, жеке және бұқаралық кездесулер, бұрын жоспарланған бірқатар іс-шаралар шегерілді. Жұмыс кездесулерінің негізгі бөлігі онлайн режимге ауыстырылды. Қызметкерлердің бір бөлігі дистанциялық режимде жұмыс істейді, бірақ банктің үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті мамандар барлық алдын алу шараларын сақтай отырып, офистерде жұмыс істейді. 

Ағымдағы жылдың сәуір айында банк клиенттеріне онлайн-форматта қызмет көрсету мүмкіндігін жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізді. Оның негізгілері: 

  • 90 (тоқсан) күнтізбелік күн мерзімге қарыз алушылардан төлемдерді кейінге қалдыруға өтініштерін/келісімдерін қабылдау;
  • ағымдағы шот ашу, ТҚЖ туралы келісімшартпен жасалатын операциялар;
  • өз қаражатын ҚТҚЖБ-ның ағымдағы шотынан ЕДБ-ның ағымдағы шотына аудару.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстан қалаларындағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдағанына байланысты, жұмыс банктің кейбір филиалдарында тоқтатылды немесе клиенттерге алдын ала жазылу бойынша  қызмет көрсетілді. ТЖ аясында 6,7 млрд теңге сомасына төлем төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді. 

 

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 6,1 млн ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бірінші кезекте әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету және жеңілдетілген қарыздар алу бойынша қолдау шаралары кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне әкімдіктерде 529 610 азамат кезекте тұр.

Кезекте тұрғандар үшін «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу табыстарына байланысты градациялық жүйе бойынша анықталады. Растау ретінде еңбек немесе кәсіпкерлік қызметінен түсетін кірістері (зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге міндетті аударымдар) қарастырылады. 

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері (2017-2019 жж.) рекордтық 36,8 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 330,3 мың тұрғын үй салынды, оның ішінде:

  • 2017 жылы – 11,2 млн ш.м. немесе 100,8 мың тұрғын үй;
  • 2018 жылы – 12,5 млн ш.м. немесе  113,7 мың тұрғын үй;
  • 2019 жылы – 13,1 млн ш.м. немесе 115,8 мың тұрғын үй.

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 6,1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 52,3 мың тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде 2026 жылға қарай 102,3 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл шамамен 900 мың тұрғын үй, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен 152 436 пәтер (сатып алу құқығынсыз 76 200 пәтер жалға берілетін тұрғын үй және 76 236 пәтер кредиттік тұрғын үй) салу (сатып алу) көзделген. 

Бұдан басқа, «Нұрлы жер»  бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып алуға болады, олар тұрғын үйдің кемінде 50%-ын 1 шаршы метрі үшін белгіленген бағамен ұсынады: Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында 260 мың теңгеге дейін, басқа өңірлерде 220 мың теңгеге дейін.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша 3 004 пәтер (171 мың ш.м.) тапсырылды. Несиеге берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша алдыңғы орында:  Шымкент қаласы — 81,6 мың шаршы метр, Шығыс Қазақстан облысы - 19,2 мың шаршы метр, Алматы қаласы — 13,3 мың шаршы метр. Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша алдыңғы орында: Алматы қаласы — 249,7 мың шаршы метр, Нұр-Сұлтан қаласы — 225,5 мың шаршы метр, Шымкент қаласы — 154 мың шаршы метр.

 

Аз қамтылған 209 азаматқа «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификаты берілді

2019 жылдың шілдесінен бастап жылдығы 2%-бен «Бақытты отбасы» жеңілдікті ипотекалық несиелендіру бағдарламасы іске қосылды. Бұл аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар үшін теңдессіз қолдау. Бастапқы жарна әкімдіктер берген тұрғын үй сертификаттарын пайдалану мүмкіндігімен 10% құрайды. Бұл ретте, тұрғын үй құны Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында 15 млн теңгеден және қалған өңірлерде 10 млн теңгеден аспауы тиіс

2019 жылға 50 млрд теңге беру жоспарланған болса, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі 50 млрд теңгеге 5 028 қарыз берді. 2020 жылға жоспар 100 млрд теңгені құрайды. Республикалық бюджетті нақтылауға байланысты 49 млрд теңге бөлу мақұлданды. Қаражат 2020 жылдың маусым айында түсті. Ағымдағы жылдың 16 шілдесіне ҚТҚЖБ 17,6 млрд теңгеге 1 750 қарыз берді. 2020 жылдан бастап 2023 жыл аралығында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайынғы беру жоспары жылына кемінде 10 мың өтінімді немесе шамамен 100 млрд теңгені құрайды.

Әкімдіктердің ақпараты бойынша бүгінгі таңда 209 аз қамтылған азаматқа «Бақытты Отбасы» бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыз алу үшін тұрғын үй сертификаты берілді (Алматы облысы – 88, Павлодар қаласы – 58, Нұр-Сұлтан қаласы – 60, Атырау қаласы - 3).

Жергілікті бюджеттерден ағымдағы жылы әкімдіктер 509 млн теңгеге жуық қаржы (Шымкент қаласы – 100 млн теңге, Нұр-Сұлтан қаласы - 50 млн теңге, Алматы облысы - 359,2 млн теңге) қарастырған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін «5-10-20» пилоттық жобасын жүзеге асыруға 390 млрд теңге бөлінеді. Оның 180 млрд теңгесі әкімдіктермен әлеуметтік несиеге берілетін тұрғын үй құрылысына және 210 млрд теңгесі Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы кезекте тұрғандарға несие беруге бағытталады.

Бұдан басқа, әкімдіктердің кезекте тұрғандарды және жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін коммуналдық тұрғын үй қорына жеке құрылыс салушылардан дайын тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі көзделеді. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысына берілетін кредиттер бойынша субсидиялар беру арқылы құрылыс салушыларды мемлекеттік қолдау көзделген.

Жанама ынталандыру жаппай тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды инженерлік коммуникациялармен жайластыру есебінен қамтамасыз етіледі. Статистика бойынша нарықтағы тұрғын үй көлемінің 80%-ы жеке инвестициялар есебінен пайдалануға беріледі. Орта есеппен 1 теңге мемлекет қаражатына 6 теңге жеке инвестиция тартылуда.

Коммерциялық банктерден кредиттік қаражатты дербес тартатын жеке құрылыс салушылар үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі көзделген. Оператор «Даму» Қоры болып табылады, ол үш жыл ішінде жылдығы 7%-бен субсидиялайды. Бұл ретте банктің коммерциялық кредиті бойынша жылдық мөлшерлемесі 14%-дан аспауы тиіс. Мемлекеттік қолдау алған жағдайда, құрылыс салушы  тұрғын үйдің кемінде 50%-ын халық үшін белгіленген бағамен ұсынуға міндетті:

  • Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында 260 мың теңгеге дейін;
  • қалған өңірлерде 220 мың теңгеге дейін.

Осы бағытты іске асыру басталғаннан бері (2017 ж. маусым айынан бастап) «Даму» Қоры 118,5 млрд теңгеге (2017 ж. 30,1 млрд теңгеге, 2018 ж. 24,5 млрд теңгеге, 2019 ж. 49,6 млрд теңгеге, 2020 ж. 14,2 млрд теңгеге) келісімшарттарға қол қойды, 661 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді.

 

 «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді қалай алуға болады?

2018 жылы қазақстандықтардың көпшілігі үшін қолжетімді, бұрын-соңды болмаған «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері 20 мың отбасыға 200 млрд-тан астам теңгеге қарыз берілді.

3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары табысы бар азаматтар «7-20-25» бағдарламасына қатыса алады. Кез келген ниет етуші ипотекалық бағдарламаның қатысушысы бола алады, кезектілігі бойынша шектеусіз. «7-20-25» бағдарламасына қатысудың негізгі өлшемдері — қарыз алушыда меншік құқығында тұрғын үйі, қарыз алу үшін банкке жүгінген кезде өтелмеген ипотекалық қарыздары болмауы керек, сондай-ақ сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл құнынан бастапқы жарнаның 20% болуы, табысты растау.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында 115,8 млрд теңге сомасына 9 687 өтінім қабылданды. Оның ішінде 52,6 млрд теңге сомасына 4 173 ипотекалық несие берілді. «7-20-25» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері биылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша 16 418 қазақстандық отбасы өз баспаналарын алды. Оларға 194 млрд теңге несие берілді.

«7-20-25» бағдарламасымен азаматтарға 1 трлн теңге ипотекалық несие беру жоспарланған. Бұл шамамен 87 мың қазақстандық отбасыны қамтиды.

«7-20-25» — қарыз бойынша 7% төмен пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен тиімді ипотекалық бағдарлама. Бастапқы жарнаның мөлшері тұрғын үй құнының 20% мөлшерінде белгіленген (тұрғын үйдің максималды құны — Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары (қала маңы аймақтарын қоса алғанда), Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін 25 млн теңге, Қарағанды қаласы үшін 20 млн теңге және басқа өңірлер үшін 15 млн теңге). Қарызды өтеу мерзімі 25 жылға дейін ұлғайтылды. Бағдарлама ресми табысы бар және тұрғын үйі жоқ азаматтарға арналған. Барлық адамдар үшін шарттар бірдей және халықтың қандай да бір жекелеген тобына, оның ішінде тұрмысы төмен, толық емес және көп балалы отбасыларға шектеулер немесе жеңілдіктер қарастырылмаған. Ипотека принципі сатып алынатын тұрғын үйді қарыз алушының меншігіне беруді білдіргендіктен, жалға берілетін тұрғын үй берілмейді.

Қарыз алушыдан қарыз бергені және оған қызмет көрсеткені үшін комиссия алынбайды. Кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыру міндетті болып табылмайды, қажет болған жағдайда, барлық шығындарды қарыз беретін банк өзіне алуы тиіс.

Негізгі тиімді артықшылықтар: қарыз алушы тұрғын үйді өзі таңдай алады, тіркелу талап етілмейді, төмен ай сайынғы төлемдер талап етілмейді, өтініш бергенге дейін кемінде 5 жыл тұрғын үйдің болмауы қажет емес, кезектер жоқ, бастапқы жарнаның төменгі шегі.

Қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламасының әзірлеушісі — ҚР Ұлттық Банкі қайталама тұрғын үй нысандарын «7-20-25» бағдарламасына енгізу мәселесін қарастырмайды. Сонымен қатар халықтың қайталама тұрғын үй сатып алу жөніндегі сұранысын ескере отырып, «7-20-25» бағдарламасының операторы — «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарламасын іске асыруда, онда қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға несие беріледі.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қадамдық нұсқаулар:

1-қадам. Тұрғын үй сатып алу үшін қарыз алушы құрылыс салушылардан бастапқы нарықтағы тұрғын үйді табуы қажет. Үйді салушымен келісіп, ұнаған пәтерді брондау керек.

2-қадам. Сатып алынатын тұрғын үйді тәуелсіз бағалаушы арқылы бағалау және бағалаушыдан бағалау актісін алу қажет.

3-қадам. Бұдан әрі «7-20-25»  бағдарламасына қатысушы банктердің біріне хабарласып, несие алуға өтініш жазып, барлық қажетті құжаттарды ұсыну қажет. Банк қарыз алушының барлық құжаттарының «7-20-25» бағдарламасының талаптарына сәйкестігін қарайды және ипотекалық кредитті беруді мақұлдайды (не мақұлдамайды). Егер ипотека мақұлданса, қарыз алушы банктен кепілдік хат алады және құрылыс салушыға береді. Банктің шешімі және келісімі бойынша қарыз алушы банкке немесе құрылыс салушыға бастапқы жарнаны береді.

4-қадам. Одан әрі құрылыс салушымен сатып алу-сату шартын жасау қажет. Шартты нотариуспен куәландырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) немесе нотариус арқылы (онлайн EGOV.KZ) тіркеу қажет. Тіркелген сатып алу-сату шартын банкке ұсыну қажет.

5-қадам. Бұдан әрі қарыз алушы банкте: қарыз шартына, төлем кестесіне, сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл шартына қол қояды. Сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл шартын банк электрондық тіркеу арқылы тіркейді. Сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл шартын мемлекеттік тіркегеннен кейін банк сатушыға қажетті соманы аударады. Содан кейін құрылыс салушы тұрғын үйдің кілтін қарыз алушыға береді.

 

«Әскери баспана»: 2020 жылдың соңына дейін ҚТҚЖБ шамамен 45 млрд теңгеге 2,5 мыңға жуық қарыз беруді жоспарлап отыр

2020 жылы «Әскери баспана» бағдарламасына қатысушыларды іріктеудің басты өлшемі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне адалдық танытқан әскери қызметшілердің арнайы шоттарындағы және салымдарындағы жинақтардың мөлшері болды.

2020 жылға ҚТҚЖБ Бағдарламаны ай сайын 5 млн теңге көлемінде игерумен 60 млрд теңге көлемінде қорландыруды мақұлдады. Банк қаражатты еліміздің 17 өңірі бойынша әскери ведомстволар арасында барынша біркелкі әрі әділ бөлуге тырысты. Осылайша, арнайы ағымдағы шоттардағы және арнайы салымдардағы қаражат қалдықтарына байланысты әрбір ведомство үшін несие беру лимиттері анықталды. Осы лимиттер аясында Бағдарлама бойынша қарыз алуға үміткерлердің тізімі қалыптастырылды.

Кандидаттардың тізімі жинақтар сомасына (жинақтардың үлкен көлемінен азына қарай) байланысты, 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақтары бар тұрғын үй төлемдерін алушылар тізімінен ведомстволар мен өңірлер бөлінісінде қарыздың орташа сомасынан 10%-дан 49%-ға (қоса алғанда) дейін (Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қаласы үшін 25 млн теңге, қалған өңірлер үшін 15 млн теңге) қалыптастырылған.

Әрбір үміткер үшін кредиттік өтінім беру кезеңі белгіленген, сол кезде ол Банкке кредиттік өтінім беру үшін жүгіне алады. Мысалы, егер кандидат үшін сәуір айы белгіленген болса, онда кандидат осы жылдың 1 сәуірінен 29 мамырына дейін кредиттік өтінім бере алады. Тізімнің басында 49% жинағандар, содан кейін кандидаттар жинақтар сомасының азаюына қарай бөлінген. Кредиттік өтінім беру үшін тізімге енген үміткерлерге SMS-хабарлама жіберілген, онда бір жыл ішінде банкке жүгіну қажет болатын мерзім көрсетілген. Бұл ақпарат Интернет-банкингтегі жеке кабинетінде де орналасқан.

2020 жылы 11,8 млрд теңге сомасына 507 алдын ала тұрғын үй қарыздары және 2,8 млрд теңгеге 113 аралық қарыз берілді. 6,4 млрд теңгеге 294 өтінім қарастырылуда. 2020 жылдың соңына дейін ҚТҚЖБ өтінімдерді қабылдап, 45 млрд теңгеге жуық сомаға 2,5 мың шамасында қарыз беруді жоспарлап отыр. Бағдарламаның әрекет ету кезеңінде 2018 жылдан бастап 114,3 млрд теңге сомасына 7,2 мың әскери қызметші қарыз алды.

 

Тұрғын үй сертификаттары кімге беріледі?

Жеңілдікті қарыздар бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарын әкімдіктер бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ретінде немесе азаматтардың «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында тұрғын үй сатып алуы кезінде әлеуметтік көмек ретінде береді.

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесін мәслихаттар сұранысқа ие мамандар, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және өзге де салалардағы мамандарды, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын ескере отырып бекітеді.

Әлеуметтік көмек отбасы мүшесіне 2 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстар расталған жағдайда өтеусіз және қайтарымсыз негізде ұсынылады.

Осы шекті шектеуден асып кеткен жағдайда тұрғын үй сертификаты жылдық 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесі бойынша бюджеттік несие түрінде қайтарымды негізде әлеуметтік қолдау ретінде беріледі. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін бірыңғай мөлшерде 1 млн теңгеге дейін анықталады.

Әкімдіктердің ақпараты бойынша 2019 жылы 749 тұрғын үй сертификаты берілді ( Алматы – 57, Маңғыстау – 11, Алматы қ. – 284, Нұр-Сұлтан қ. – 397).

Биыл жергілікті бюджеттерде әкімдіктер 509 млн теңгеге жуық қаражат қарастырды (Шымкент қаласы – 100 млн теңге, Нұр-Сұлтан қаласы – 50 млн теңге, Алматы облысы – 359,2 млн теңге). Бүгінгі таңда көп балалы отбасыларға 179 тұрғын үй сертификаты берілді (Алматы облысы – 88, Павлодар қ. – 58, Нұр-Сұлтан қ. – 60, Атырау қ. – 3).

 

Жұмыс істейтін жастарға бір мың пәтер алуға 7,2 млрд теңге қарастырылған

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін жұмыс істейтін жастарға қойылатын негізгі талаптар:

  • жиырма тоғыз жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • Нұр-Cұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында соңғы 2 жылдан кем емес тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелгендігін растау (осы қалаларда тұрғын үй алуға үміттілер үшін);
  • құлау (қирау) қаупі төнген авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының өтініш беру алдындағы 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға алылған үйі, меншік құқығында тұрғын үйінің жоқтығын растау;
  • ережемен анықталған мөлшерде төлем қабілеттілігін растау;
  • өзге талаптар ережелермен анықталады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша бөлінген 21,6 млрд теңгеге үш мың жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

2020 жылдың бюджетінде бір мың пәтер сатып алуға 7,2 млрд теңге қарастырылған:

  • Нұр-Сұлтан қаласы бойынша — 2,5 млрд теңге (350 пәтер);
  • Алматы қаласы бойынша — 2,5 млрд теңге (350 пәтер);
  • Шымкент қаласы бойынша — 2,2 млрд теңге (300 пәтер).

Осы жылдың бюджетін нақтылау кезінде Қаржы министрлігі қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты екі мың жас азаматты қамтамасыз ету үшін 14,4 млрд теңге сомасында қосымша шығындар бөлуді қолдамады. Әкімдіктердің берген ақпаратына сәйкес, пәтерлерді биылғы жылдың соңына дейін беру көзделген. 2021-2023 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру аясында Қаржы министрлігіне үш мың жас азаматты қамтамасыз ету үшін 2021 жылға 21,6 млрд теңге сомасында бюджеттік өтінім жіберілді.

 

«Е-Құрылыс» жүйесі алдағы уақытта құрылыс саласының барлық субъектілері үшін бірыңғай онлайн платформаға айналады

Құрылыс процестерінің сапасы мен ашықтығын бақылау мақсатында «Е-құрылыс» жүйесі енгізілуде, ол камералық мониторинг жүргізуге және тексерулер санын төмендетумен мемлекеттік функциялардың едәуір бөлігін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда осы жүйені сынақтан өткізу аясында «Е-құрылыс» жүйесінің атрибуты болып табылатын МСҚБ органдарына техникалық қадағалаудың ай сайынғы есептерін тапсыруды автоматтандыру жұмысы аяқталды.

Бұдан өзге Е-license базасында лицензиаттардың бірыңғай тізілімі құрылады және кейіннен «Е-Құрылыс»-пен біріктіріледі. Аталған жүйені өнеркәсіптік пайдалануға 2021 жылдың соңына қарай енгізу жоспарланып отыр.

Анықтама: «Е-Құрылыс» жүйесі құрылыстың барлық қатысушылары үшін бірыңғай цифрлық портал болып саналады. Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен барлық қажетті рұқсат беру құжаттары мен ЖСҚ жүктелетін болады және құрылысқа қатысушылардың барлығы жүйеде атқарушылық-техникалық құжаттаманы (актілер, журналдар, ұйғарымдар және т. б.) толтырып, жүргізеді. Барлық деректер бақылау органдары үшін сақталады.

Осы жүйеге сондай-ақ ЖАО МСҚБ органдарының және басқа да бақылаушы органдардың объектінің құрылыс барысын қадағалау және камералық мониторинг жүргізу үшін шолуды қамтамасыз ететін құрылыс алаңдарында орнатылған бұрылыс камераларын қосу көзделеді. Тұрғын үй құрылысын ынталандыру және тұрғын үй құрылысына инвестициялар тарту мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары, бірінші кезекте, халықтың төлемге қабілетті сұранысын қолдауға бағытталған.

 

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды

2019 жылы жергілікті атқарушы органдар үлескерлердің қаражатын тартуға 123 рұқсат берді және Кепілдік беру қоры кепілдік беруге 23 шарт жасады.

Биыл үлестік қатысу шарттарын есепке алу үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың Бірыңғай ақпараттық жүйесі (“ҚАЗРЕЕСТР» АЖ) іске қосылды. Ақпараттық жүйенің негізгі мақсаты — тұрғын үй құрылысындағы үлестерді есепке алуды мемлекеттік тіркеу саласындағы мәліметтерді автоматтандырылған жинау (енгізу), өңдеу, өзектендіру, сақтау және талдау.

Әсері:

  • үлестік қатысу шарттарын есепке алуды орталықтандыру;
  • берілген рұқсаттар бойынша ақпарат мониторингі;
  • жылжымайтын мүлікті заңсыз сату, оның ішінде қосарланған сату қауіптерін жою.

Ақпараттық жүйе базасында жергілікті атқарушы органдар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы көшірме беру» мемлекеттік қызметін іске асыруда. Шарттарды есепке алуды уәкілетті компанияның ұсынуы бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша әкімдіктер жүргізеді.

Ақпараттық жүйені енгізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 6-дан 3 жұмыс күніне дейін қысқартуды қамтамасыз етті. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіру мақсатында кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар әзірленді. Бұл өзгерістер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманы айналып өтіп, құрылысты жүзеге асыратын құрылыс салушылардың жауапкершілігін күшейтуді көздейді.

2016 жылғы қазаннан бастап елімізде «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР жаңа заңы әрекет етуде, онда құрылыс салушылардың үлестік құрылыс нарығындағы барлық қатысу ережелері көрсетілген. 

Үлескерлердің қаражатын тарту мына тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:

  1. «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігін алу;
  2. Екінші деңгейлі банктің жобасына қатысу;
  3. Тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлердің қаражатын тарту.

2 және 3 тәсіл үлескерлердің қаржысын тартуға әкімдіктің рұқсатын алуды білдіреді. Егер 2020 жыл туралы айтар болсақ, бүгінде (жыл басынан бері ғана) Кепілдік беру қоры 18 кепілдік берген, әкімдіктер үлескерлердің ақшасын тартуға 37 рұқсат берген. 

 

Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінде ипотеканы мерзімінен бұрын өтеуге бола ма?

Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес, қарызды мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл қарыз бойынша негізгі қарызды мерзімінен бұрын өтеу сомасының 1%-ын құрайды. Айыппұл қай уақытта өндіріп алынады:

  • қарыз берілген сәттен бастап 6 ай ішінде қарызды нақты пайдаланғаны үшін есептелген сыйақыны төлеумен қарыз бойынша берешекті мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеген кезде;
  • банктік қарыз шарты жасалған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде қарызды мерзімінен бұрын толық өтеу кезінде. Банктік қарыз шарты ҚТҚЖБ қарыз алушыға ақша берген сәттен бастап жасалған болып есептеледі;
  • тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы бір шарт аясында тұрғын үй заемына көшуді тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы басқа шарт бойынша негізгі тұрғын үй заемымен аралық/ алдын ала тұрғын үй заемын қайта қаржыландыру.

Қарыздар бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу үшін минималды сома — 50 000 теңге.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.