Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Құрылымды оңтайландыру, электронды әмиянды енгізу және онлайн БKM-ге көшу — Қаржы министрлігі атқарылған жұмыстар туралы есеп берді

Жұма, 12 Маусым 2020, 19:44:32

Халыққа есеп беру кездесуінде қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2019 жылы және 2020 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

Министрліктің мақсаттары мен міндеттері экономиканы орнықты дамыту, қазақстандықтардың нақты әл-ауқатын арттыру және цифрландыру бойынша стратегиялық міндеттер мен тапсырмаларды іске асыруға бағытталған.

Министрліктің басымдықтары — салықтардың жиналуын 2025 жылы жалпы ішкі өнімге шаққанда 25%-ға дейін ұлғайту, борыштық шектеулерді сақтау, бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру және бюджеттік рәсімдерді оңайлату және т. б.

 

Құрылымды оңтайландыру

Мемлекет басшысының тексеруші және тиімсіз шығыстарды қысқарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2019 жылы Қаржы министрлігінің штат саны 1 815 бірлікке оңтайландырылды және 17 978 бірлікті құрайды.

Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру шеңберінде Қазынашылық комитеті оған Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетті қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарды оңтайландыру мақсатында Оңалту және активтерді басқару компаниясы Проблемалық кредиттер қорына қосылу жолымен қайта ұйымдастырылды, ал Қаржы академиясы Білім және ғылым министрлігінің қарамағына берілді.

Сонымен қатар «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесін тиісті саланың уәкілетті органы — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағына беру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда Министрліктің оңтайлы құрылымы орталық аппараттан, аумақтық бөлімшелері бар бес ведомстводан және ведомстволық бағынысты төрт ұйымнан тұрады.

 

2019 жылғы бюджет кірістерінің атқарылуы

2019 жылғы бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету аясында бюджеттің барлық деңгейлері бойынша кірістер жоспарлары асыра орындалды.

Мемлекеттік бюджет – 101,2%-ға, республикалық бюджет – 100,6%-ға және жергілікті бюджеттер – 103%-ға асыра орындалды.

Мемлекеттік бюджеттің кірістер 9,7 трлн теңгені құрады немесе жоспарланғаннан 119 млрд теңгеге артық.

Бұл ретте республикалық бюджетке 7,1 трлн теңге түсті, бұл жоспардан 43 млрд теңгеге артық және 2018 жылға қарағанда 1 трлн 276 млрд теңгеге артық.

Кірістердің өсуі мыналардың:

  • 916 млрд теңгеге салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту және оларды цифрландыру, 
  • экономика мен негізгі экспорттық тауарлар бағасының 359 млрд теңгеге өсуі есебінен қамтамасыз етілді.

 

2019 жылғы бюджет шығыстарының атқарылуы

2019 жылы республикалық бюджет шығыстарының атқарылуы 12 трлн 20 млрд теңгені немесе 99,9%-ды құрады. 8,2 млрд теңге атқарылған жоқ. Оның ішінде 2,9 млрд теңге – үнемдеу. Айта кету керек, 5,3 млрд теңге игерілген жоқ.

Игерілмеудің негізгі себептері: бюджеттік бағдарламалар бойынша өтінімдердің болмауы, мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар, шарттар талаптарының өзгеруі және жұмыс кестесінен қалыс қалу.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 6 трлн 179 млрд теңгеге атқарылды. 2019 жылы өңірлерге 1 трлн 916 млрд теңге сомасында қаржылық көмек көрсетілді.

Осы қаражат есебінен «Нұрлы жол», «Еңбек», «Ауыл – ел бесігі», «Нұрлы жер», агроөнеркәсіп кешенін және өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламалары қаржыландырылды.

Бұдан өзге қаражат азаматтық қызметшілердің жалақысын арттыруға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге және жергілікті бюджеттердің қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге бағытталды.

Өңірлер бөлінген қаражатты 99,1% игерді, бұл 1 трлн 900 млрд теңгені құрайды.

 

Мемлекеттік борыш пен бюджетке борыш жүктемесі

2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімге шаққанда мемлекеттік борыш көлемі лимит 50% болғанда 24%-ды құрады. 2020 жылғы І тоқсанның соңына — 25,5%.

Айта кету керек, 2019 жылы бюджетке борыштық жүктеме 15% лимит кезінде 12,9%-ды құрады. Болжам бойынша 2020 жылы бұл көрсеткіш республикалық бюджет кірістерінің шамамен 13,1%-ын құрайды.

Осылайша, мемлекеттік борышты қауіпсіз деңгейде ұстау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

 

Ұлттық қор

2019 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор қаражаты шамамен 27,5 трлн теңгені немесе $65,5 млрд құрады. 

Өткен жылы Ұлттық қорға шамамен 4,5 трлн теңге, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар түсімдері есебінен 2,8 трлн теңге түсті.

 

«Ашық бюджет» тұжырымдамасы

Үкіметтің есептілігі мен ашықтығының басты көрсеткіштерінің бірі — Ашық бюджет тұжырымдамасын іске асыру.

Оны енгізудің мақсаты — азаматтарға бюджет процесімен танысуға және бюджет қаражатының шығыстарын талқылауға қатысуға мүмкіндік беру.

Өткен жылдан бастап Министрлік елімізде «Халықтық қатысу бюджеті» тұжырымдамасын белсенді түрде енгізуде. 2020 жылы халықтың бастамалары мен тілектерін жүзеге асыру үшін елордада 600 млн теңге, Алматыда 1,4 млрд теңге бөлінді.

2 жылда бір рет үш бағыт бойынша халықаралық бағалау жүргізіледі: бюджеттің ашықтығы (айқындығы), жұртшылықтың қатысуы және бюджеттік қадағалау.

«Халықтық қатысу бюджеті» тұжырымдамасы шеңберінде азаматтық бюджетті жасау және ұсыну, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу мәселелері нормативтік түрде реттелген.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында 100 млн теңгеге 14 жоба бойынша пилот өткізілді.

Биыл 600 млн теңгеге жуық сомаға Нұр-Сұлтан қаласында (барлық аудандар) және 1,4 млрд теңгеге Алматы қаласында (8 аудан) пилоттар көзделген. 

Сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау ақпараттық жүйесін «Ашық бюджеттер» порталымен және жеке сектордың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жүргізіледі. 

 

Мемлекеттік сатып алу 

Мемлекеттік сатып алудың барлық процесі автоматтандырылды. Мемлекеттік сатып алу көлемі 3,9 трлн теңгеден астамды құрады.

Соңғы 3 жылда шамамен 1 трлн теңге жалпы үнемдеу кезінде 2019 жылы 361 млрд теңге үнемделді. Айта кету керек, Қаржы министрлігін мемлекеттік сатып алу саласында цифрландыру 5 жыл ішінде бұзушылықтарды 765 есеге азайтты.

Бір көзден сатып алуды қысқартатын және 1 күн ішінде тауарларды бәсекелестік негізде сатып алуға мүмкіндік беретін Электрондық дүкен іске қосылады деп күтілуде.

Электрондық депозитарий құрылады, ол адам факторы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу процесінде рейтингтік-балдық жүйені енгізу жоспарлануда, бұл ретте веб-портал өнім берушілерге баға және сапалық өлшемшарттарды ескере отырып, тиісті рейтингті автоматты түрде беретін болады.

 

Қазынашылық қызмет көрсету 

Қазынашылық жүйесінде 13 мыңнан астам мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсетіледі.

Күн сайын 350 мың транзакция жүргізіледі, ал жылына 11 млн астам қаржы құжаттары өңделеді.

Бюджеттің 4-ші деңгейін енгізу бойынша Ұлт жоспарының 98-ші қадамы орындалды. 2018 жылдан бастап 2020 жыл аралығында 2 350 ауылдық округ қосылды.

Бюджеттің 4-ші деңгейі:

  • жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің 4-деңгейіне уақытылы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;
  • жергілікті атқарушы органдардың қаржылық дербестігін кеңейтуге;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік берді.

 

Мемлекеттік аудит

Мемлекеттік аппарат жұмысын бағалаудың және аудиттің жаңа жүйесін енгізу бойынша Ұлт жоспарының 93-ші қадамы орындалды.

Негізгі екпін ақпараттық жүйелерді цифрландыру және интеграциялау арқылы бұзушылықтардың алдын алуға қойылған.

Мемлекеттік аудит саласын кезең-кезеңмен дамыту елеулі бұзушылықтарды 4 есеге төмендетіп қаржы тәртібін арттырды. Тәуекелді басқару жүйесін қолдану жоспарлы тексерістерді 6,5 есеге қысқартты. 

Мемлекеттік сатып алуды толық цифрландыру осы саладағы бұзушылықтарды 765 есеге азайтты. Камералдық бақылауды автоматтандыру мемлекеттік сатып алуды қамтуды 6 есеге арттырды және бұзушылықтардың үлес салмағын 10 есеге қысқартып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың сауаттылығын арттырды.

 

Мемлекеттік активтер және жекешелендіру

Кешенді жоспарда 863 мемлекеттік меншік ұйымдары мен квазимемлекеттік сектор объектілерін жекешелендіру қарастырылған. Қазіргі таңда 534,1 млрд теңгеге 503 объект сатылды.

Тағы 298 объект қайта құруға және таратуға бағытталды, оның ішінде 220-ы қайта құрылды және жойылды.

Жоспардың орындалуы сатылған және қайта құруға немесе таратуға жіберілген объектілерді қоса алғанда, 93%-ды, ал сауда-саттықта тұрғандарды есепке алғанда 96,8%-ды құрайды.

Кешенді жоспар аяқталғанға дейін 62 объектіні сату қалды, оның 34-і сауда-саттыққа шығарылған. 

 

Салықтық-кедендік әкімшілендіру 

Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру клиентке бағдарлануға бағытталған.

Салықтық бақылау үшін субъектілерді іріктеуге мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесі үнемі жетілдірілуде.

Бұл шаралар салық тексерулерін шамамен 30%-ға қысқартты. Бұл ретте, анықталған бұзушылықтардың сомасы 2 есеге артып, 344 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар қашықтан бақылаудың жаңа әдістері әзірленді.

Мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мақсатында оған қатысушылардың қаржылық тұрақтылығын растау жүргізіледі, бұл қосымша 1 млрд теңгеден астам салықтарды қамтамасыз етті.

Тәуекелдік компанияларды анықтау және электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) жазбаларын ерте сатыда шектеу бойынша пилот іске асырылады, онда жалтару схемалары бойынша 30 млрд теңге қосылған құн салығын заңсыз есепке жатқызудың алдын алу жүргізілді.

Соның нәтижесінде, түсімдердің 36%-ға немесе 323 млрд теңгеге өсуі қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ тауарларды тазалау кезеңінде кедендік тәуекелді басқару жүйесінің тиімділігі 18%-ға және кедендік тексерулер 26%-ға өсті, олар кедендік заңнаманың 80 мыңнан астам бұзушылықтарын анықтауға мүмкіндік берді.

 

Экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтар 

Экономикалық тергеу қызметінің штаты 2019 жылы 40%-ға қысқарды, бұл жалақыны арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және жоғары білікті мамандарды тартуға мүмкіндік берді.

Штатты қысқарту жағдайында маңызды экономикалық қылмыстарды анықтау жағына баса назар аударылды. Осылайша, 26 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.

Іс жүзінде еліміздің барлық өңірлері ойын мекемелерінен тазартылды, мұны қоғам оң қабылдады.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығында алғаш рет салмағы 1,1 тоннадан астам ірі героин есірткі трафигі жойылды. «Қара» нарықта оның құны шамамен $350 млн құрайды. Бүгінгі таңда ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру көлемі 18%-ға дейін қысқарды.

 

Мемлекеттік қызметтер 

Министрлік салықтық-кедендік бағытта, мемлекеттік мүлік, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және аудит саласында 50 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда 42 немесе 84% мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Осылайша, Мемлекет басшысының 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80%-ын автоматтандыру жөніндегі тапсырмасы орындалды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 23 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • электрондық түрде – 21 млн астам немесе 91,8%;
  • қағаз түрінде – 2 млн шамасында немесе 8,2%. 

Биыл электрондық форматқа тағы 5 мемлекеттік қызмет көшіріледі немесе оның үлесі 94%-ға дейін жеткізілетін болады.

 

Ақпараттық жүйелерді цифрландыру

Қаржы министрлігінде 35 ақпараттық жүйе, оның ішінде интернет ресурстары да бар.

Әралуандығы, интеграцияның болмауы, сондай-ақ моральдық ескірген жүйелерді ауыстыру мәселелерін шешу бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда.

Осылайша «АСТАНА-1» және «Е-терезе» кедендік әкімшілендіру саласында іске асырылатын жобаларды 5 ақпараттық жүйе алмастырады.

Бұл екі жүйе осы жылдың 1 қаңтарынан бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

2019 жылдан бастап мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінің (МЖАЖ) жаңғыртылған функционалы пайдалануға берілді. Оған 1 125 мемлекеттік мекеме және 4 мың пайдаланушы қосылды.

Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесін дамыту аясында мемлекеттік органдардың мынадай жүйелерімен: «Е-қызмет», жобалау сметалық құжаттама қорытындыларының деректер базасымен; зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша Еңбек министрлігінің жүйелерімен; тауарларға нақты орташа баға алу жөніндегі электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесімен, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру жүйелерімен интеграцияны жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұл жүйеде бюджеттік өтінімдердің нақты негізділігі бойынша форматтық-логикалық бақылауды жолға қоюға, ал беру кезінде тиімсіздерін қабылдамауға мүмкіндік береді.

Осылайша, бюджеттік өтінімдердің сараптамасы артады.

Республикалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығы мақсатында «Ашық бюджеттер» порталымен интеграциялау және бюджет жобаларын азаматтық қоғаммен келісу бойынша тетік іске асырылуда. 

Есеп комитеті мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде бюджет жобасына талдау жүргізіп, ол бойынша қорытынды бере алады.

Жобаны іске асыру бюджетті жоспарлауға байланысты уақытша және үстеме шығыстарды оңтайландыруға, сондай-ақ бюджеттің транспаренттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Жеке тұлғалар үшін салықтық әкімшілендіру

Салықтық әкімшілендіру үшін әртүрлі мемлекеттік органдардың деректер базасында пайдаланылатын мәліметтердің дәлдігі маңызды.

Мемлекеттік органдардың деректер базасын тазарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, бұл салықтарды қате есептеу проблемасын жойды.

Мемлекеттік органдармен бірлесіп 25 млн астам мәлімет өңделді және 3,6 млн астам қате мәліметтер өзектендірілді.

Атап айтқанда, жылжымайтын мүлік бойынша 2,6 млн қате мәлімет өзектендірілді. Көлік құралдары бойынша – 943 мың, жер учаскелері бойынша – 116 мың мәлімет.

Бұдан өзге азаматтарға алдағы салық сомасын төлеу мерзіміне дейін білуге және дайын деректемелер бойынша төлеуге мүмкіндік беретін алдағы төлемдер сервисі іске қосылды.

Салықтарды төлеуді жеңілдету үшін екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары интеграцияланды.

Мысалы, Kaspi bank-пен интеграция нәтижесінде клиенттерге салықтар бойынша 1,2 млн хабарлама жіберілген. Бұл 2018 жылдың деңгейімен салыстырғанда халықтың салықтық төлемдерінің көлемін 2019 жылы 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. 

Осындай сервис Халық банкімен де іске қосылды. Интеграция басқа банктермен де жүзеге асырылады.

 

Электронды әмиянды енгізу

Осы жылдан бастап «Е-Salyq – Azamat» мобильді қосымшасы (Салық әмияны) іске қосылды, ол көптеген деректемелерді толтырмай салықтарды төлеуге, қате төлемдерді болдырмауға, онлайн толықтыруды жүргізуге, екі минут ішінде салықтарды автоматты есепке алуға және автоматты түрде төлеуге мүмкіндік береді.

Ол үшін мыналар іске асырылды:

  • SMS-пароль бойынша авторландыруды жеңілдету;
  • Халық банкінің картасын байланыстыру арқылы салықтарды төлеуді және Kaspi.kz-ге төлемді аударуды оңайлату;
  • барлық сервистерден төлемдер тарихын көрсету;
  • ақпаратты өзектендіру уақытын 2 минутқа дейін қысқарту;
  • салық салу объектілері бойынша деректерді қарау;
  • бірыңғай жиынтық төлемді төлеу сервисі;
  • Салық әмиянының бірыңғай деректемелерінен қайтаруды жүргізу;
  • «Берешек туралы мәліметтер» сервисінде салықтарды және әлеуметтік төлемдерді төлеу іске асырылды.

2021 жылдың 1 тоқсанына дейін іске асыру көзделген: 

  • бюджеттен салықтарды қайтаруға өтінім беру сервисі;
  • заңды тұлғалар үшін Салық әмиянының тетігі, атап айтқанда бірыңғай деректемелерге ақы төлеу және автоматты есепке алу;
  • Е.gov, Mgov және екінші деңгейдегі банктердің платформаларында Салық әмиянын кеңейту;
  • салық салу объектілері бойынша деректерді түзету сервисі жүзеге асырылады.

Салық әмиянын енгізу салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу деңгейін арттыруға және мүлік салығы мен жер салығы бойынша түсімдердің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Онлайн кассалық аппарат

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлерді міндетті түрде онлайн бақылау кассалық машинаны (БКМ) қолдануға жаппай көшіру қамтамасыз етілді. Бұған дейін ол кезең-кезеңмен іске асырылған еді.

Қазір онлайн БКМ саны 710 мың немесе елдегі бақылау кассалық машинаның жалпы санының 97,5% құрайды.

Қалған 2,5% немесе 18 мыңы БКМ деректерді беру функциясынсыз қолданады, өйткені өз қызметін жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде жүзеге асырады.

БКМ қолдануды ынталандыру бақылау кассалық машинаның құнынан жеке табыс салығын 50%-ға азайту және 2019 жылы берілетін чектер бойынша лотерея жүргізу арқылы жүргізілді.

Онлайн БКМ есепке қою/алу қызметі автоматтандырылды, ал фискалдық деректер операторының функциялары бәсекелестік ортаға берілді.

Бірқатар мобильді онлайн БКМ пайда болды, бұл бақылау кассалық машинаның арзандауына және тіпті тегін мобильді қосымшалардың пайда болуына әкелді.

 

Кедендік әкімшілендіруді цифрландыру 

Экспорт және импорт бойынша барлық операцияларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесі ретінде «Бір терезе» ақпараттық жүйесі енгізілді.

Бұл портал кеден операцияларын жасау кезінде ақпарат алу үшін 13-тен астам ақпараттық ресурстарды біріктірді. Қосымша 11 ақпараттық жүйемен интеграциялау көзделген.

«Бір терезе» электронды түрде барлық қажетті рұқсат құжаттарын және тауарларды әкелу/әкету үшін қажетті алдын-ала ақпаратты (мөлшерлемелер, тарифтер, КТжС сомасы, тауарларға қатысты мемлекеттік бақылаудың қандай шаралары қолданылатынын айқындау) алуға мүмкіндік береді.

Қабылданған шаралардың арқасында аталған қызметтерді алу уақыты 30 күннен 5 күнге дейін қысқарды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайды, кеден және басқа да мемлекеттік органдардың әрекетінің ашықтығы артты.

Сондай-ақ, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде 1 минут ішінде автоматты түрде 1,6 млн астам кеден декларациясын шығаруды атап өтуге болады, бұл барлық декларациялардың 80%-ын құрайды.

Бұл ретте, тауарларды сақтау мен брокерлік қызмет көрсету шығындарын қысқарту есебінен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың үнемдеуі 150 млрд теңгеден асты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Тамыз 2020, 18:46
Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған негіздемелік бағдарламаға қол қойды
12 Тамыз 2020, 16:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
12 Тамыз 2020, 13:54
Электр желілерінің тозуы мен апаттылығын төмендету —  алдағы жылыту маусымында басымдыққа ие
11 Тамыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады
11 Тамыз 2020, 19:56
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
11 Тамыз 2020, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020
11 Тамыз 2020, 13:41
2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ
11 Тамыз 2020, 13:12
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ
11 Тамыз 2020, 12:44
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады — Энергетика министрлігі
11 Тамыз 2020, 10:35
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының базалық салаларында оң динамика сақталуда
11 Тамыз 2020, 10:33
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты
11 Тамыз 2020, 10:13
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.