Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Үкіметінің отырысына шолу: Министрлер кабинеті қабылдаған шешімдер мен кулуарларда министрлердің берген түсініктемелері

Сейсенбі, 10 Қыркүйек 2019, 15:20:53

10 қыркүйекте өткен ҚР Үкіметінің отырысында Президенттің «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданып, 2019 жылдың 8 айындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары қаралды. Үкіметтің кулуарында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері күн тәртібінің тақырыптары бойынша қызығушылық танытқан өзекті мәселелерге жауап алды.  

Үкімет биылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі 5 бағыт бойынша 81 іс-шарадан тұратын Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын қабылдады. Құжат Мемлекет басшысына бекітуге жіберіледі. 

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге аталған құжатты Мемлекет басшысы мақұлдағаннан кейін бірден алға қойылған міндеттерді орындауды бастауға кірісуді тапсырды және Үкіметтен нақты жұмыс нәтижесі күтілетінін атап өтті.

Екінші мәселені қарау барысында Үкімет басшысына 2019 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ЖІӨ өсімі 4,3% құрағаны баяндалды. Бірқатар бағыт бойынша оң өсім қарқыны байқалады. Асқар Мамин Үкіметтің басты міндеті — ЖІӨ-нің жыл сайынғы тұрақты өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтіп, кейбір өңірлерде құрылыс, инвестициялар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіштерінің төмендеуіне қатысты жағдайды қысқа уақыт ішінде түзеуді тапсырды.

«Өткен аптада Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, онда Елбасының саясатымен сабақтастық көрініс табады және Үкіметтің экономиканы одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар негізгі міндеттері белгіленген. Үкіметтің басты міндеті – ЖІӨ-нің жыл сайынғы тұрақты өсуін қамтамасыз ету және оны 2025 жылға қарай 5% және одан да жоғары деңгейге жеткізу», — деп А. Мамин, салалық министрліктерге белгіленген мақсатты индикаторларға қол жеткізу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Үкіметтің кулуарында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов салмағы ауыр мектеп сөмкелері мен мектеп оқушыларының едендерді мәжбүрлі түрде жууына қатысты мәселеге түсініктеме беріп өтті.

Оның айтуынша, мектеп сөмкелерінің салмағының тым ауыр болу мәселесі әлі толық шешілмеген, дегенмен аталған процесс қазіргі таңда белсенді түрде талқыланып жатыр. 

«Бұл біз ұмтылып жатқан үдеріс, мақсат және бұл жұмысты біз қолға алдық. Бүгінде біз жергілікті атқарушы органдардан қосымша сұрап жатырмыз, соның ішінде келесі жылдың бюджетінде мектеп оқушыларына арналған шкафтарға қаражат қарастыру мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл өте маңызды мәселе», — деді білім және ғылым министрі.  

Мектеп оқушыларын еден жууға мәжбүрлеу бойынша мәселеге қатысты А. Аймағамбетов мұндай мәселенің Білім және ғылым министрлігінің күн тәртібінде көтерлімегенін айтты. Қазақстанда еңбекке мәжбүрлеу тек тиісті органдардың шешімі бойынша ғана іске асырылады. 

«Мектептердің бюджеттерінде әкімшілік-техникалық персоналға бөлінген тиісті қаражат пен штат бар. Мұндай жұмыстар тек мектеп оқушыларының өздерінің бастамасы бойынша және ата-аналарының рұқсатымен шешіледі. Мектеп пен отбасы еңбекке баулуға тиіс, сондықтан мұндай жұмыстар жүргізілуде және мектептерде түрлі іс-шаралар арқылы жүзеге асырылуда. Бұл балалардың бойына кішкентай кезінен сіңіріліп, үйретілуі тиіс қарапайым нәрселер. Бұл маңызды сұрақ әрі маңызды мәселе. Өте маңызды мәселе көтерілді деп есептейміз, алайда бұл жүйесіздікке айналмауы тиіс. Мұнда ата-аналар мен балалардың бастамасы болуы қажет», — деді ҚР білім және ғылым министрі. 

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов кулуарда журналистерге шағын және орта бизнесті салықтан босату перспективалары туралы айтып берді. 

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында барлық кәсіпорындарды, микро және шағын бизнес субектілерін табыс салығынан босату туралы тапсырма берді. Микробизнес — бұл 15 адамға дейін жұмыспен қамтылған, жылдық табысы 30 мың АЕК дейінгі немесе жылына 76 млн теңгеге жуық болатын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар. Шағын бизнеске штатында 100 адамға дейін болатын, шамаланған шекті жылдық табысы 300 мың АЕК құрайтын ұйымдар жатады. Бұл ұйымдар мен жеке ұйымдар табыс салығынан босатылады: олар ЖТС және КТС», — деп түсіндірді Ә. Смайылов.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының айтуынша, жалпы өткен жылы микро және шағын бизнестен бюджетке табыс салығы ретінде 190 млрд теңгеге жуық қаржы түскен. 2020 жылы кәсіпкерлерді салықтан босатқан жағдайда, бюджет тапшылығы 200 млрд теңгеден асатын болады. Бұл тапшылықты салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту есебінен өтеу жоспарланған. 

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу туралы сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 10 трлн теңгеге жуық қаражат бар. Оларды 10 млн адам жинаған. 

«Адамдардың зейнетақы жинақтарын зейнет жасына жеткен соң емес, қазір пайдалану ниеті болды. Бұл түсінікті де, сондықтан да мен бұл Президенттің жауабы деп санаймын. Ол Үкіметке және Ұлттық банкке жыл соңына дейін қажетті тетікті әзірлеуді тапсырды. Халықтың ниеті бар, сондықтан бұл тапсырма берілді», — деді Б. Нұрымбетов.

Оның айтуынша, орта есеппен алғанда, бұл 1 адамға 1 млн-нан келеді. Бірақ, барлық тәуекелдерді есепке алу қажет, себебі зейнетақы жинақтары бұл ең алдымен, болашақтағы қарттыққа деген жинақтау. 

«Оларды алып, зейнетке ештеңе қалдырмау дұрыс болмайды. Түрлі нұсқалары бар, біз өзекті есептеулер жүргізетін боламыз», — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Б. Нұрымбетов сонымен қатар осы жинақтардың оларды шешіп алу үшін жеткілікті болуы мәселесі туындап отырғанын айтты. 

«Зейнетақы жинақтары өмірінің соңына дейін ең болмаса төменгі деңгейдегі зейнетақыны алуға жеткілікті болуы ұғымы бар бұл еркектер үшін шамамен 11 млн теңге және әйелдер үшін 13 млн теңге. Біз бұл қызметті табысы аз адамдар да пайдалана алуы үшін түрлі нұсқаларын қарастыратын боламыз», — деп түсіндірді спикер.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.