Қазақстан экономикасының өсуінің негізгі драйвері ретіндегі инвестициялар: жаңа кәсіпорындар, озық технологиялар және жаңа жұмыс орындарының құрылуы

Сейсенбі, 17 Желтоқсан 2019, 11:00:00

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда инвестициялық салада ауқымды жұмыстар атқарылды. Ел егемендігінің алғашқы онжылдығында шетелдік инвесторлардың жаңа перспективалы жобаларға инвестиция салу ұсыныстары белсенді қабылданды. Қазақстан қалыптасу жылдары сыртқы қолдауды қажет етті, осы жағдайда шетелдік инвестициялар ағымы ел экономикасының жоспарлы дамуына ықпалын тигізді, тіпті, қандай да бір шамада ол өсу драйверіне айналды. Бүгінде Қазақстан тиімді инвестициялар салу үшін жаңа мүмкіндіктер мен зор әлеует тудырады. Біздің еліміз стратегиялық маңызды орналасқан, бизнес жүргізу үшін қолайлы ортасы бар, инвесторлардың құқығын қорғайды және инвестициялық стимулдарды қолданады.

Өткен аптада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Америка Құрама Штаттарына барды, онда америкалық агробизнес көшбасшыларының Қазақстанның ет өңдеу кәсіпорындарын ашуға және суару жүйелері өндірісіне инвестиция салуы туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Сонымен қатар Үкімет басшысы инновациялық және цифрлық даму, венчурлық қаржыландыру және энергетика салаларындағы жетекші әлемдік компаниялардың басшылығымен америкалық технологияларды тартумен бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында кездесті. 

 

28 жылда Қазақстанға қанша инвестиция тартылды?

Бүгінде біздің еліміз Қазақстан мемлекетінде жұмыс істеуге ниетті кезекте тұрған инвесторлардан өзіне қажеттісін сенімді түрде іріктей алады. Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанға әлемнің 120-дан аса елінен $330 млрд шетелдік инвестиция тартылды. Инвестициялардың негізгі бөлігі - 50%-дан астамы Еуропалық Одақ елдеріне тиесілі, Америка Құрама Штаттарына — 15% тікелей шетелдік инвестициялар, 5%-ға жуығын Ұлыбритания мен ҚХР инвестициялары құрайды. 

Қазақстан экономикасының жылдан-жылға инвесторлар үшін бәсекеге қабілетті және тартымды болып келе жатқанын айта кеткен жөн. Биыл қазан айының соңындағы жағдай бойынша елімізде шетелдік капиталмен 16,8 мың компания жұмыс істейді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18,1%-ға артық (14,3 компания). Биыл Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ТОП-55 елдің қатарына кіріп, 4 жолға көтерілді. 

Жобалар туралы айта отырып, Қазақстанда шетелдік инвестициялар динамикасы мен құрылысы өзгеріп жатқанын атай кеткен жөн. Егер салалар бойынша бұрын кен өндіру салаларында жобалар басым болса, қазір инвесторлардың басқа да секторлардағы жоғары белсенділігі байқалып отыр. 

ҚР экономикасына қандай елдер және қандай бағыттар бойынша көбірек инвестиция салады?

2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанға 26 елден инвесторлар тартылды, тартылған инвестициялар көлемі бойынша ЕС ($10,1 млрд, 37 жоба), Ресей ($5,4 млрд, 26 жоба), Түркия ($1,6 млрд, 16 жоба), АҚШ ($718 млн, 9 жоба) және Сингапур ($2,1 млрд, 7 жоба) тәрізді елдер көш басында. 

Инвесторларды тарту саясатында қосылған құны жоғары өнімдердің өнеркәсіптік өндірісіне, көрсетілетін қызметтер мен жаңа технологияларға баса назар аударылады. 

Нәтижесінде Қазақстанда инвестициялық жобалар көлемі бойынша бүгінде көш басында: машинажасау, тау-кен өндіру кешені және металлургия, АӨК, ЖЭК, мұнайгаз химиясы, химия өнеркәсібі, көлік және логистика, сондай-ақ құрылыс материалдары. 

Инвестициялардың ең көп көлемі әдетте тау-кен өндірісі өнеркәсібінде және карьерлер өндірісінде байқалады: $7,3 млрд немесе барлық көлемнің 60,1%-ы. 

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, инвестициялар сомасы 8,1%-ға өсті. 

Аса тартымды салалардың үштігіне сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі, бөлшек және көтерме сауда кірді. Бұл салалар үштігі Қазақстанның экономикалық дамуына едәуір ықпалын тигізеді. 

Мәселен, а.ж. қаңтар-қыркүйек айларында ел экономикасының өсімі бір жыл бұрынғы тиісті кезеңге 4,3% құрады, негізгі үлесті тау-кен өндірісі саласы (+3,1% жыл ішінде), сондай-ақ қайта өңдеу саласы (+3,5% жыл ішінде) және сауда (+7,6% жыл ішінде) құрады. 

Тікелей шетелдік инвестициялар бойынша салалардың топ-5-іне сонымен қатар көлік пен қоймалау ($642 млн, +49,2% жыл ішінде), құрылыс ($463,2 млн, +45,1% жыл ішінде) кірді. 

Перспективалы салалар қатарына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, туризм және қаржы кірді. Бұл топ инвесторлар ұзақмерзімді перспективада мүдделі бола алатын салалардан тұрады. Бұл салаларда оң нәтижелер қазірдің өзінде байқалып отыр. 

Мәселен, 2018 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағымы ақпарат және байланыс саласында 27,8%-ға, $185 млн дейін артты. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялар ағымы жыл ішінде 14,7%-ға артып, $142,5 млн-ға жетті. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды қолдау кәсіпорындарға жоғары технологиялы әлемдік экономикаға бағдарланған жағдайларда бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Ал қаржы және сақтандыру қызметіне тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағымы 2018 жылы 3 есе, $1,3 млрд-қа дейін артты. 

2027 жылға қарай шетелдік инвесторлардың қатысуымен басымдықты секторларда ұсынылған жобалар саны 124-ке жетуі тиіс, жалпы сомасы — $5 млрд. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына ивнестициялардың өсуі өз кезегінде 2020 жылдан 2027 жыл аралығында жылына 109,8% құрауы тиіс. 

 

«Doing Business 2020»: Қазақстан әлемнің 190 елінің ішінде 25 орынға ие болды

Ұлттық инвестициялық стратегия аясында инвестициялар тарту бойынша қызмет Қазақстан экономикасының басымдықты секторларына шоғырланған. Олардың қатарына тамақ өнеркәсібі, пайдалы қазбаларды тереңінен өңдеу, металлургия, химия және мұнай химиясы, машина жасау кіреді. 

Экономикаға шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі әлемнің кез келген елінде өзекті екенін айта кету керек. Шетелдік инвестициялар үшін дамушы елдер ғана емес, дамыған мемлекеттер де сайысқа түсуде. Елдер инвестициялық ахуалды жақсарту және бизнес жүргізу үшін аса бәсекелі жағдайлар ұсыну бойынша шаралар қабылдауда, салықтарды төмендетуде немесе алып тастауда, көптеген жеңілдіктер мен инфрақұрылымдық жобалар ұсынуда т.б. 

Өз кезегінде инвесторлар капиталдардың сақталуына, заңның үстемдігіне, ашық әрі қолайлы бизнес ортаға кепілдік беретін елдерді таңдайды. Бірқатар сәтті іске асырылған реформалардың, инвестициялар тарту және инвесторлармен жұмыс істеуде жаңа тәсілдерді енгізудің арқасында Қазақстан осындай елдердің қатарынан табылып отыр. 

«Doing Business 2020» Дүниежүзілік банкінің рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 25 орын алды. Біздің еліміз миноритарлық инвесторлардыың құқықтарын қорғау және келісімшарттарды сақтау тәрізді көрсеткіштер бойынша әлемдік ондыққа кіреді. Жуырда жасалған реформалар бизнесті тіркеуді біршама жеңілдетті. мысалы, Қазақстанда бизнес ашу үшін небәрі 1 күн қажет, ал жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін 3 күн жеткілікті. 

Біздің еліміздің инвестициялық тартымдылығы біршама артып келеді. Мәселен, fDi Intelligence (Financial Times еншілес ұйымы) Қазақстанға «2018-2019 жылдарға өндірістік қуаттылықтардың болашақ орналасуына шығындардың тиімділігі» көрсеткіші бойынша бірінші орын берді. 

2017 жылы еліміз халықаралық инвестициялар мен көпұлтты кәсіпорындар бойынша Экономикалық ынтымақтастық дәне даму ұйымының Декларациясына қосылған 48-ші ел және ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің ассоцияцияланған мүшесі болды. 

Сонымен қатар, Қазақстан инвестицияларды өзара қорғау мен мадақтау туралы 47 екіжақты әжне 1 көпжақты келісімдерге қол қойды, олар инвесторлардың құқықтарына кепілдік береді. 

Сонымен қатар, елімізде ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторларының кеңес табысты жұмыс істеуде. Сонымен қатар Үкіметтің қолдауымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес пен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес жүргізеді, онда ел Үкіметінің басшысы Асқар Мамин омбудсмен болып табылады. 

 

Неліктен инвестордың Қазақстанды таңдағаны тиімді?

Қазақстан әлемнің аса ірі екі нарығы - Еуропа мен Азияның қиылысында орналасқан. Бұл экспорттық әлеует және ірі азиялық және еуропалық нарықтарға қолжетімділік тәрізді белгілі бір артықшылықтар береді. Орналасуының арқасында, Қазақстан Еуразиялық құрлықтың дәл ортасындағы заманауи транзиттік торапқа айналды. 

Біздің еліміз 500 млн астам тұтынушысы бар аймақтық нарыққа артықшылықты қолжетімділікке ие, оның ішінде 180 млн астам тұтынушысы бар ЕАЭО, Орталық Азия нарықтары (50 млн), Батыс Қытай (300 млн) және Каспий теңізі елдері (150 млн) бар. 

Сонымен қоса, Қазақстан «Белдеу - жол бастамасын» іске асыруда басты рөл атқарады. Жалпы ұзындығы 10 000 шақырымнан 3000 шақырымнан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді, бұл оны негізгі құрлық жолы дәлізінің маңызды учаскесі етеді және тасымалдау уақыты мен құнын едәуір төмендетеді. 

Ел Тәуелсіздігін алғаннан бері Қазақстанға $330 млрд-дан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. UNCTAD мәліметтері бойынша 2018 жылы Орталық Азия елдеріне инвестициялардың 60%-ы дерлік Қазақстанның үлесіне тиесілі. 

Бұл ретте соңғы он жылда ұлттық экономикаға $250,2 млрд немесе барлық тарихи қалыптасқан инвестициялық ағындардың 80%-дың жуығы түсті. Бұл факт инвестициялық саясаттың тиімділігін көрсетеді. 

Тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп көлемі тіркелді: 

  • 2011 жылы ($26,5 млрд)
  • 2012 жылы ($28,9 млрд)
  • 2018 жылы ($24,3 млрд)

2018 жылы ғаламдық инвестициялық ағындардың қысқаруына қарамастан, Қазақстанда көрсеткіштің өсуі байқалды. 

Мәселен, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялар ағымы жыл ішінде 15,8%-ға $24,3 млрд дейін артты. 

Өсім ЖІӨ-ге шаққандағы ТШИ ара қатынасына ықпал етті, ол 14,5% құрады (2017 жылы — 12,9%). 

Бұл ретте ҚР Үкіметі ЖІӨ-ге жалпы ТШИ көлемінің ара қатынасын 2022 жылға қарай 19%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр. 

2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ҚР экономикасына ТШИ ағымы $12,1 млрд құрады (бір жыл бұрын — $12,5 млрд). 2018 жылы географиялық бөлінісінде тікелей инвестициялардың ең көп бөлігі Нидерланды ($7,4 млрд), АҚШ ($5,3 млрд), Швейцария ($2,5 млрд) инвесторларынан келіп түскен. 

Анықтама: 2018 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың әлемдік көлемі үшінші жыл қатарынан азаюды жалғастырды, ол $1,3 трлн дейін, 13,4%-ға түсті. Құлдырауы негізгінен елде 2017 жылдың соңында жүргізілген салық реформаларынан кейін шетелде жинақталған АҚШ-тың көпұлтты кәсіпорындарының пайдасының аса ауқымды көлемде келуімен түсіндіріледі. 

Дамыған елдерге ТШИ ағымы 2004 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке жетті, сөйтіп, 27% құрады. Еуропаға инвестициялар ағымы екі есе, $200 млрд-тан кемге азайды. 

Бұл уақытта дамушы елдерге инвестициялар ағымы 2%-ға артты. Соның нәтижесінде дамыған елдерде ТШИ артуы мен қалыптан тыс азаюы жағдайында ғаламдық ТШИ-де дамушы елдер үлесі рекордты 54%-ға ұлғайды. 

2018 жылы ТШИ ең көп ағымы АҚШ ($252 млрд), Қытай ($139 млрд), Гонконгта ($116 млрд) байқалды. Елдердің ТОП-5-тігіне сонымен қатар Сингапур ($78 млрд) және Нидерланды ($70 млрд) кірді. 

2019 жылы да ТШИ ғаламдық ағымының азаюы жалғасып жатқанын айта кету керек. ЭЫДҰ деректері бойынша, тікелей шетелдік инвестициялардың ғаламдық ағымдары 2019 жылыдң бірінші жартысында 20%-ға, $572 млрд-қа дейін азайды. Биыл І жартыжылдықта ТШИ ғаламдық ағымы 5%-ға, ІІ тоқсанда — жыл ішінде 42%ға төмендеді.

 

Қазақстанда инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар қалай жасалады?

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап инвестициялар тарту функциясы ҚР Сыртқы істер министрлігіне берілді, өз кезегінде инвестицияларды тарту саясаты ҚР Ұлттық экономика министрлігіне берілді. ҚР СІМ құрылымына ҚР Үкіметімен құрылтайландырылған және оның атынан бірыңғай келіссөз жүргізуші болып табылатын, инвесторлармен келіссөздер жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асыруды бақылау бойынша барлық құзыреттер берілген Инвестициялар жөніндегі комитет пен «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ берілді. 

Инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша идеяларды іздеуден бастап жобаны пайдалануға беруге дейінгі қолдау көрсетудің толық қызметтер спектрі көрсетіледі, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде мониторинг жүргізеді, бұл әрбір инвестормен және жобамен дәлме-дәл, барлық кезеңдерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мұндай механизм өңірлерден жобаларды тікелей шетелдік мекемелерге әлеуетті инвесторларды іздеу үшін және керісінше таратуға мүмкіндік береді. 

Бүгінде Үкіметтің командалық жұмысының арқасында инвесторлар үшін «жұмсақ инфрақұрылым» жасалды: қазақстандық заңнама мен рәсімдерді түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстар жолға қойылды, шешімдер қабылдау ашықтығы қамтамасыз етілді, әкімшілік жкүтеме төмендетілді. 

Кез келген компанияға преспективалы саланың, өткізу нарықтарының болуы ғана емес, бизнес үшін қолайлы ортаның болуы да маңызды. Ал бұл институционалдық орта, заңнаманың тұрақтылығы, визалық режим шарттары мен басқа да көптеген құрауыштар. Сондықтан инвестициялық ұсыныстарды әзірлеуді, инвесторларды қолдауды, қолайсыз факторларды анықтау мен жоюды қамтитын жаңа тәсілдер әзірленіп, енгізілді. 

Отандық инвесторларды қолдау мәселелерінде бизнесті кеңейтуге әзірлік кезінде стратегиялық инвесторларды іздеу, жаңа нарықтарға шығу, өндірістік-өткізу байланыстарының синергиясын қамтамасыз ету тәрізді маңызды мәселелер қамтылады, себебі, инвесторларға жергілікті серіктестер, адал жеткізушілер қажет. 

Ел экономикасына инвестициялар тарту жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық-мониторингтік CRM-жүйесі енгізілуде, оған оларды іске асыру бойынша барлық келісімдер, әзірленген жол карталары кіреді, барлық процеске қатысушылардың - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың міндеттері бекітіледі. 

KAZAKH INVEST ақпараттық-мониторингтік жүйесінде барлығы $54,3 млрд сомасына 228 инвестициялық жоба бар. Оның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен $46 млрд-қа жуық сомаға 168 жоба іске асырылуда және жоғары дережеде пысықталуда. 

Жыл басынан бері барлығы 40-қа жуық жаңа шетелдік инвестор тартылды. Олардың ішінен келесілерін атап өтуге болады: 

  • SUEZ (Франция) – кәріз-тазарту жүйелерін салу және олардың реконструкциясы;
  • Fortescue (Австралия) – геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және түсті металдар кен орындарын әзірлеу;
  • Demir Export (Түркия) – қалайы кенін өндіру және өңдеу бойынша «Сырымбет» тау-кен металлургиясы кешенін салу (инвесторларға кен орнына кешенді сараптама жүргізіледі);
  • Suhail Bahwan Group (Оман) – базалық майлады өндіру зауытын салу;
  • RHI Magnesita (Австрия) – отқа төзімді материалдар шығаратын зауыт салу;
  • Bitfury (Нидерланды) – блокчейн құзыреті орталығын салу;
  • Shanghai Construction (ҚХР) – 1000 төсек-орындық көпбейінді емхана салу;
  • «Бобровский кварцит» (РФ) – кремний карбидін өндіру;
  • «Эко-Культура» (РФ) – өнеркәсіптік жылыжайларды салу.

Бүгінде KAZAKH INVEST паплайнында түрлі іске асырылу сатыларында жалпы сомасы $3,1 млрд болатын 27 АӨК жобасы бар. 

Машинажасау және құрамдас бөліктерін шығару саласы $2,6 млрд-қа 26 жобаны қамтиды, мұнайгаз химиясында - $21,8 млрд-қа 26 жоба, ЖЭК - $1,3 млрд-қа 22 жоба бар. Барлығы шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылуда. 

Елге инвестиция тарту бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

2018-2027 жылдарға арналған KAZAKH INVEST дамыту Стратегиясын іске асыру аясында елге инвестициялар тарту жұмысы жүйеленді. Компания әлеуетті инвесторларға ұсыну үшін жаңа «тауашақ» жобаларды іздеу мен іріктеу жұмыстарын жүргізді. 

Осы жұмыс нәтижесінде жергілікті бизнестен 200-ге жуық инвестициялық жоба жиналды. KAZAKH INVEST Deloitte-мен бірлесіп металлургия, газ химиясы, тамақ өнеркәсібі, туризм және басқалары тәрізді салаларда 60 «тауашақты» жобалар бойынша бизнес-жоспарлар, тизерлер және қаржы модельдерін әзірледі. 

Мысалы, «Kereku-Agro» (Қостанай облысында крахмал өндіретін кешен), «Green Land Alatau» (Алматы облысында жылыжай кешенін кеңейту), «ҚазЭкспортАстық» (СҚО-да соя дақылдарын өңдеу), «ГК Конденсат» (БҚО-да табиғи газдан базалық майлар компоненттерін өндіру), «ҚазАзот» (Маңғыстау облысында минерал тыңайтқыштарды өндіру), «Қазақмыс» (Жамбыл облысында «Жайсан» мыс кен орнын өнеркәсіптік өндіру), «Ақтау құйма зауыты» (Маңғыстау облысында сұрыптық илем өндіру), «South Oil» және «BI Construction» (Шымкент қ. және Түркістан облысында емхана мен көпсалалы аурухана салу) және басқалары. 

Мұндай инвестициялық жобалар тізімінің болуы инвесторлардың Қазақстанда қандай салалар мен өңірлерге инвестиция салу керектігі туралы сұрақтарын тудырмайды. 

Инвестиициялық әлеует пен нақты жобаларды ілгерілетуде ірі компаниялардың басшылығын жинайтын инвестициялық іс-шараларды өткізудің маңызы зор. Бұл - іскерлік байланыстар орнату және инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпараттандыру үшін тіимді алаң, осындай шаралар алаңдарында инвесторлармен егжей-тегжейлі жұмыстар жүргізу, шешімдер қабылдауға ықпал ететін нысаналы инвесторлар, факторлар алдын ала зерделенеді, қазақстандық тараптан мүмкін болатын серіктестері іріктеледі. 

2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 10 жүргізілген шара аясында жалпы көлемі $2 млрд сомасын құрайтын 30-да аса инвестициялық жобаны іске асыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді. Жобаларда 40 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады. 

Сонымен қоса, қазіргі кезде Қазақстанда 13 арнайы экономикалық аймақ пен 24 индустриялық аймақ жұмыс істейді, олар инвесторларды түрлі салық түрлері мен кеден салықтарынан босатады. 

АЭА-ларда құрылған инфрақұрылым қолжетімді, жер телімі бар. ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен инвестициялық келісімшарт жасасқан жағдайда инвесторлар импорттық жабдықтар мен шикізаттарға кеден салықтарынан босатылу, нақты гранттар, салық жеңілдіктері тәрізді ивнестициялық артықшылықтарға ие бола алады. 

Сонымен қатар, Қазақстанның астанасында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) іске қосылуы заңның үстемдігін қамтамасыз ету және инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша маңызды бастама болып табылады. 

АХҚО соты мен International Arbitration Center ( ҚР сот жүйесінен жеке және тәуелсіз) АХҚО-да азаматтық және коммерциялық дауларды шешу үшін ең жоғарғы халықаралық стандарттар бойынша жұымс істейтін ағылшындық құқық сот жүйесін білдіреді. 

Орталық Орталық Азия, Кавказ маңы елдері, ЕАЭО, Таяу Шығыс, Батыс Қытай, Моңғолия және Еуропа компаниялары мен инвесторлары үшін қаржы хабы болып табылады. АХҚО қатысушыларына 50 жылға дейін салық жеңілдіктері, жеңілдетілген валюта, виза және еңбек режимдері ұсынылады. Бұл жұмысы ағылшындық құқыққа негізделген өңірдегі бірден-бір орталық. 

АХҚО бүгінде жасыл, ислам және иннвоациялық қаржы құралдарын дамытудың аймақтық орталығына айналуы үшін барлық мүмкіндіктерге ие. 

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ҚР-да инвестициялық қызметті ынталандыру мақсатында Тікелей инвестициялар қоры құрылды, ол тең инвестиция салу қағидатымен инвесторлардың қатысуымен ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.


Жаңалықтар тізбегі
26 Ақпан 2020, 20:21
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
26 Ақпан 2020, 19:52
Қазақстанның Тұңғыш Президенті түрік саясаттанушысы, профессор Кюршад Зорлуды қабылдады
26 Ақпан 2020, 17:27
Қазақстан мен Өзбекстанның ІІ Аймақаралық ынтымақтастық  форумының қорытындысы бойынша $500 млн жуық болатын 52 келісімге қол қойылды
26 Ақпан 2020, 16:47
Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
26 Ақпан 2020, 15:02
Қазақстан Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевті қабылдады
26 Ақпан 2020, 12:47
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
25 Ақпан 2020, 20:26
Су тасқынына дайындық және бизнес ахуалды жақсарту: Үкімет отырысы қалай өтті
25 Ақпан 2020, 18:57
Жамбыл облысы Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерін дамытуға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 18:49
Жамбыл облысы Қордай ауданында 12 елді мекенді газдандыру жобаларын қаржыландыруға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 18:40
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиеевпен келіссөз жүргізді
25 Ақпан 2020, 18:07
Ветеринария және мал шаруашылығында қолданылатын биопреператтарға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 13:59
ҚР ІІМ су басу қаупі туралы халықты хабардар ету бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде
25 Ақпан 2020, 13:38
Қазақстанда су тасқыны кезеңінің алдында гидротехникалық құрылыстарға талдау жүргізілді — ҚР ЭГТРМ
25 Ақпан 2020, 11:58
2025 жылға қарай ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 4 млн адамға дейін ұлғаяды — Р. Дәленов
25 Ақпан 2020, 11:06
Қазақстанда төтенше жағдайлардың туындау қаупі аса жоғары жерлер көрсетілген Қауіптілік картасы жасалды
25 Ақпан 2020, 10:08
9 мың адам мен 1 730 бірлік техника су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел әрекет етуге дайын — ҚР ІІМ
25 Ақпан 2020, 09:45
Бизнес ахуалды жақсарту бойынша 8-ші шаралар пакетін қабылдауды тездету қажет — А. Мамин
25 Ақпан 2020, 09:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды
24 Ақпан 2020, 20:58
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады
24 Ақпан 2020, 18:12
Мемлекет басшысы «Air Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдады
24 Ақпан 2020, 14:53
ҚР Президенті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады
24 Ақпан 2020, 13:00
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕЭК Алқасының төрағасымен ЕАЭО дамытудың өзекті мәселелерін талқылады
24 Ақпан 2020, 12:21
Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктеріне қатысты депутаттық сауал
24 Ақпан 2020, 10:55
Дәулет Бекманов ҚР ЦДИАӨ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
24 Ақпан 2020, 10:04
25 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
22 Ақпан 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №49
22 Ақпан 2020, 14:18
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы, Ирак және Палестинадағы елшілерін тағайындады
22 Ақпан 2020, 13:17
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мәселелерін талқылады
22 Ақпан 2020, 11:08
Қазақстан ЕАЭО шеңберіндегі өзара сауданы ретке келтірудің нақты шараларын ұсынды
21 Ақпан 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
21 Ақпан 2020, 17:12
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
21 Ақпан 2020, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес салық саясаты мәселелерін қарады
21 Ақпан 2020, 12:57
Мемлекет басшысы Әзірет-Сұлтан мешітіне барды
21 Ақпан 2020, 10:17
Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 20:11
Арыстан Қабыкенов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 17:05
Жүн саласын дамытуға қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:59
«Оңтүстік» АЭА дамыту мәселелеріне қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:19
Мемлекеттік сатып алулардың толық ашықтығын қамтамасыз ету: электрондық форматқа көшудің арқасында 2019 жылы үнемдеу рекордтық 361 млрд теңгені құрады
20 Ақпан 2020, 14:59
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды
20 Ақпан 2020, 12:31
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин елордадағы спорт және мәдени инфрақұрылымдардың салыну барысын тексерді
20 Ақпан 2020, 11:28
Майра Мелдебекова ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды
19 Ақпан 2020, 18:54
2020-2022 жылдары Қазақстанда жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға 9 млрд теңге бөлінеді 
19 Ақпан 2020, 17:27
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 17:25
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Ақпан 2020, 16:43
Дастан Рыспеков ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды 
19 Ақпан 2020, 15:07
Мемлекет басшысы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 11:35
Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі қалай дамуда және келешегі қандай
18 Ақпан 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады
18 Ақпан 2020, 18:37
ҚР Президенті Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды
18 Ақпан 2020, 17:42
Үкіметтік сейсенбі: геологиялық барлау бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама, электрондық сауда және бюджеттік шығындарды қысқарту
18 Ақпан 2020, 17:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 18.02.2020
18 Ақпан 2020, 11:59
Семинарлар, конференциялар өткізу, автокөлік құралдары мен жиһаз сатып алу шығындары қысқартылады — Ә. Смайылов
18 Ақпан 2020, 11:42
2019 жылы қазақстандық интернет-дүкендерде сатып алу көлемі 422 млрд теңгені құрады
18 Ақпан 2020, 11:28
Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру: ҚР-да 6 трлн теңгеге дейін инвестиция тартылып, қосымша 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
18 Ақпан 2020, 10:06
Үкімет басым емес шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады
18 Ақпан 2020, 10:00
Үкіметте электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды
18 Ақпан 2020, 09:37
2025 жылға дейін Қазақстанда геологиялық барлауды дамытуға 800 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылады
17 Ақпан 2020, 14:24
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
17 Ақпан 2020, 12:34
Ержан Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
17 Ақпан 2020, 10:18
18 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
15 Ақпан 2020, 16:20
Қазақстан Президенті Кувейттің Премьер-Министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесті
15 Ақпан 2020, 14:40
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15 Ақпан 2020, 14:22
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №48
15 Ақпан 2020, 11:31
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының ең жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге келісті
14 Ақпан 2020, 20:12
Қазақстан Президенті Германияның ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізді
14 Ақпан 2020, 16:43
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің жетілдірілуі: «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы, заманауи медициналық технологиялар және әлеуметтік сақтандыру
14 Ақпан 2020, 16:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
14 Ақпан 2020, 12:56
А. Мамин Катардың сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауаримен кездесу өткізді
13 Ақпан 2020, 20:02
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
13 Ақпан 2020, 18:52
Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Ақпан 2020, 18:51
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Х. Клюгемен кездесу өткізді  
13 Ақпан 2020, 16:21
2019 жылы Түркістан облысының дамуы: экономикасы, жұмыспен қамту, туризмі
13 Ақпан 2020, 15:23
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласында инфрақұрылымның салыну барысын тексерді
13 Ақпан 2020, 13:11
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 21:04
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шымкент қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
12 Ақпан 2020, 19:26
ҚР Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 15:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
12 Ақпан 2020, 14:51
Мемлекет басшысы «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсіміне қатысты
11 Ақпан 2020, 20:26
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
11 Ақпан 2020, 20:06
Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
11 Ақпан 2020, 17:47
Асқар Маминнің тапсырмалары, министрлердің баяндамалары, үкімет кулуары — Министрлер кабинетінің кезекті отырысы
11 Ақпан 2020, 17:25
Роман Скляр су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
11 Ақпан 2020, 16:05
Қазақстан Президенті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
11 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
11 Ақпан 2020, 11:31
2020 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ға өсті — Р. Дәленов
11 Ақпан 2020, 11:28
11 ақпанда ҚР 217 азаматы Қытайдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді — ҚР СІМ
11 Ақпан 2020, 10:19
Қазір Қордай ауданындағы жағдай тұрақты — Б. Сапарбаев
11 Ақпан 2020, 09:45
Үкімет коронавирус инфекциясына қатысты жағдайды және ҚР азаматтарын қорғау шараларын қарастырды
11 Ақпан 2020, 09:32
Биылғы қаңтар айында экономиканың барлық негізгі салаларындағы оң қарқын ҚР ЖІӨ 3,6% өсімін қамтамасыз етті
10 Ақпан 2020, 20:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жамбыл облысының жаңа әкімі Б. Сапарбаевты таныстырды
10 Ақпан 2020, 18:21
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады
10 Ақпан 2020, 18:18
Жаңа заң аясында педагог біліктілікті арттыру курсынан үздіксіз немесе кезең-кезеңмен өте алады — Ш. Каринова
10 Ақпан 2020, 17:09
Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылады
10 Ақпан 2020, 16:42
Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады
10 Ақпан 2020, 15:10
Аттестаттаудан өткен барлық санаттағы педагогтер 2020 жылдың қыркүйегінен бастап үстемақы алатын болады — ҚР БҒМ
10 Ақпан 2020, 14:39
Қазақстан Президенті Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
10 Ақпан 2020, 14:38
11 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
10 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
10 Ақпан 2020, 13:18
Қ. Тоқаев Жамбыл облысындағы бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды
10 Ақпан 2020, 11:24
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды 
09 Ақпан 2020, 20:25
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдардың тұрғындарымен кездесті
09 Ақпан 2020, 15:35
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды
09 Ақпан 2020, 12:30
Бұзылған барлық үйлер қалпына келтіріледі — Б. Сапарбаев
09 Ақпан 2020, 11:41
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №47
09 Ақпан 2020, 00:48
Премьер-Министрдің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдарда түнгі уақытта қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуін тексерді
08 Ақпан 2020, 23:24
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті
08 Ақпан 2020, 17:27
Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды
08 Ақпан 2020, 14:10
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды
08 Ақпан 2020, 11:41
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі
08 Ақпан 2020, 11:04
Шолу: Қазақстанда экологиялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілуде
07 Ақпан 2020, 18:22
Үкіметте Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың аралық қорытындысы шығарылды
07 Ақпан 2020, 16:57
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Ақпан 2020, 14:24
Б. Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына бірқатар тапсырмалар берді
07 Ақпан 2020, 12:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
07 Ақпан 2020, 10:22
Салықтан босату және тексеруге мораторий – алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды
06 Ақпан 2020, 15:12
Мемлекет басшысы әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті
06 Ақпан 2020, 13:07
Динара Щеглова ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
06 Ақпан 2020, 12:55
Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
05 Ақпан 2020, 19:16
Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
05 Ақпан 2020, 19:08
Б. Сапарбаев коронавирустың таралуына жол бермеу жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруды тапсырды
05 Ақпан 2020, 17:23
Қ. Тоқаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Т. Хельмді қабылдады
05 Ақпан 2020, 16:42
Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың IV отырысын өткізді
05 Ақпан 2020, 16:11
Мемлекет басшысы Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады
05 Ақпан 2020, 12:54
Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады 
05 Ақпан 2020, 11:49
Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады
05 Ақпан 2020, 11:13
«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау
04 Ақпан 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.02.2020
04 Ақпан 2020, 17:10
Үкіметтік сейсенбі: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеу, цифрландыруды дамыту және коронавирустан қорғау бойынша ахуал
04 Ақпан 2020, 16:03
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
04 Ақпан 2020, 15:54
Саннан ‒ сапаға: Б. Сапарбаев әлеуметтік МЖӘ-жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
04 Ақпан 2020, 14:08
Б. Сұлтанов: Тауарларды шекара арқылы өткізу коронавирустың таралуына әсер етпейді
04 Ақпан 2020, 14:02
Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады
04 Ақпан 2020, 12:29
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
04 Ақпан 2020, 11:31
Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда — ҚР СИМ 
04 Ақпан 2020, 10:43
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екі жылында инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды
04 Ақпан 2020, 09:48
Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады
04 Ақпан 2020, 09:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді
03 Ақпан 2020, 18:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин импорт алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ВАК отырысын өткізді
03 Ақпан 2020, 17:17
Мемлекеттік инспекторлар еңбек заңнамасының бұзылуына еш кедергісіз әрекет етуі тиіс — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:24
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінетін квота 40%-ға қысқартылды — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:14
113 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалана алады — ҚР ЕХӘҚМ
03 Ақпан 2020, 12:36
4 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
03 Ақпан 2020, 12:18
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
02 Ақпан 2020, 12:00
Қазақстан өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялады
01 Ақпан 2020, 15:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №46
01 Ақпан 2020, 15:31
Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді
01 Ақпан 2020, 12:46
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
01 Ақпан 2020, 11:35
А. Маминнің Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
01 Ақпан 2020, 11:29
А. Маминнің «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
31 Қаңтар 2020, 20:13
ЕАҮК: Алматыдағы Үкіметтік келіссөздер қалай өтті
31 Қаңтар 2020, 18:38
2019 жылдағы Алматы: өнеркәсіп өнімінің өсімі, инвесторларды қолдау және білім саласындағы жетістіктері
31 Қаңтар 2020, 18:28
Сарапшылар ЕАЭО туралы: ЕАЭО нарығында бәсекелестіктің күшеюі — еуразиялық интеграцияның басты жетістігі
31 Қаңтар 2020, 17:10
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алуларды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынды 
31 Қаңтар 2020, 15:01
Репортаж: Алматыда «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтуде
31 Қаңтар 2020, 13:02
ЕАЭО Премьер-Министрлері «Digital Almaty» форумына қатысты
31 Қаңтар 2020, 10:58
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз өткізді 
31 Қаңтар 2020, 10:28
Алматыда ЕАЭО одан әрі дамыту бағыттары талқыланды
31 Қаңтар 2020, 08:38
Артур ван Дизен: цифрландырудағы жетістіктер - ҚР Үкіметінің бағыттылығының нәтижесі
31 Қаңтар 2020, 08:30
Еуразиялық экономикалық одақ — инвестициялар мен жоғары технологияларды тартудың аймақтық орталығы
31 Қаңтар 2020, 08:00
ЕЭК министрі Т. Жақсылықов ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланатынын айтты
30 Қаңтар 2020, 20:27
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
30 Қаңтар 2020, 19:59
Қазақстан GIGA бастамасының Орталық Азиядағы көшбасшысына айнала алады — К. Фабиан
30 Қаңтар 2020, 19:20
А. Мамин Беларусь пен Молдованың үкімет басшыларымен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:43
А. Мамин инновациялар мен цифрландыру саласындағы шетелдік сарапшылармен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:05
«Туған жер» жобасы, музей экспонаттарының цифрлық каталогын және ұлттық электрондық кітапхана құру  — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда
30 Қаңтар 2020, 14:29
Қазақстанда жоғарғы технологиялар мектебі ашылады — Кваме Ямгнанемен сұхбат
30 Қаңтар 2020, 11:13
Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады
29 Қаңтар 2020, 19:38
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
29 Қаңтар 2020, 16:01
ҚР Үкіметі жанындағы ВАК ҚР-да коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады
29 Қаңтар 2020, 12:43
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі