Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Инвестициялар өсімі, құрылыс қарқынын жеделдету және экономиканы қалпына келтірудің белсенді шаралары — Жамбыл облысы қалай дамып келеді

Сейсенбі, 16 Маусым 2020, 10:12:54

Биылғы 5 айда Жамбыл облысының экономикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Экономиканың барлық дерлік сегментіде оң үрдіс байқалады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары туралы PrimeMinister.kz шолуынан оқыңыздар.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 1690,6 млрд теңге болды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында 99,2%-ға жетті. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша, көлік пен сауданы қоспағанда, экономиканың барлық негізгі саласында оң серпін байқалады.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 193,7 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 102,9% деңгейінде қалыптасты, оның ішінде өсімдік шаруашылығында — 100%, мал шаруашылығында — 102,9%. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға өсті.

Құрылыс көлемі 8,7%-ға өсіп, 28,9 млрд теңгені құрады. Тұрғын үй құрылысында 191,3 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

 

Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру шаралары

ҚР Кешенді жоспарының негізінде облыста 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша Кешенді жоспар қабылданды. Жоспар бойынша 368 млрд теңге көлемінде отандық және шетелдік инвестицияларды тарту көзделген, «Қарапайым заттар экономикасы» аясында жалпы сомасы 96,7 млрд теңге болатын 226 жобаға кредит беру қарастырылған.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында облыста «ҚазАгро» АҚ арқылы 6% көлемінде кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қолдау шараларына қаражат бөлу, су құбыры желілерін жөндеу, су қоймаларын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Егістік алқаптарын 710 мың га дейін жеткізу жоспарлануда, суармалы жерлердің көлемі 25 мың га ұлғайтылды. «Алаңнан сөреге дейін» пилоттық жобасын енгізумен 11 округте жұмыс жалғасады.

Қазіргі уақытта салынып жатқан нысандарда құрылыс материалдарының 13 түрін өндіретін облыстың 112 кәсіпорнының өнімі 100% пайдаланылады. 3446 пәтерлі 59 үй, 180 пәтерлі 4 жатақхана құрылысы жүргізілуде. Биыл 2966 пәтерлік 53 үй мен 4 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда.

Жаңартылатын энергия көздерімен өндірілетін қуат көлемін 17%-дан 22%-ға дейін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар әуе, теміржол, автожол әлеуетін тиімді пайдалана отырып, төтенше жағдайлардан неғұрлым зардап шеккен қызмет көрсету саласын, тасымалдаудың барлық түрін жаңарту жұмыстары басталды.

ТЖ режимі азық-түлік пен тауарларды жеткізу, интернетте сату сияқты жаңа қызмет түрлерінің дамуына әсер етті. Туризм саласы субъектілерінің карантиннен шығуы бойынша іс-қимылдың нақты алгоритмі әзірленуде.

Жыл қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдау арқылы жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесін 21%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. «Еңбек» бағдарламасында қарастырылған шараларды толық қолдану арқылы облыс халқын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ «Ашық кеңсе» жобасын іске асыру, экономиканың нақты секторында кемінде бес жобаны енгізу, өңірлік мониторингтің геоақпараттық жүйесін құру арқылы автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер санын 90%-ға дейін жеткізу жұмыстары жалғастырылды. Қалалық қоғамдық көлікте электронды билеттеу жүйесін енгізуге қаражат бөлінді.

Барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 9,7 мың тұрақты жұмыс орны, жалпы 16,1 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

Облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 831 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Онда 19,6 мың жұмыс орны ашылды.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 29 елді мекенде 109 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсер етеді.

Төтенше жағдай режимі кезеңінде әлеуметтік төлемдер алу үшін бірыңғай жиынтық төлемді бірінші рет төлеген азаматтарды экономикаға барынша тарту қажет.

Жаңа 2020-2021 оқу жылында 392 мектепте аптасына 1-2 пән бойынша дәстүрлі қашықтан оқытуды енгізу жоспарланып отыр.

Телемедицинаны және диагностикалық кеңес беруді жақсарту мақсатында бейінді мамандардың үлесі 5%-ға арттырылатын болады.

Орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп стратегиялық жоспарлау шеңберінде жобалық басқаруды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша облыс халқының жан басына шаққандағы орташа табысының 73,2 мың теңгеден 81,5 мың теңгеге дейін, орташа айлық жалақының 140 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін өсуі күтілуде.



2020 жылдан бастап өңірдің тауар өндірушілері 132,3 тонна ет экспорттады

2020 жылдың I тоқсанында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығында 143,6 мың адам жұмыспен қамтылды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір қызметкерге 1201,1 мың теңгені құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 108,6%-ға жоғары. Бұл — Батыс Қазақстан облысынан кейінгі облыстар арасында республика бойынша екінші орын.

2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің 110% деңгейінде өсуі күтілуде.

Сонымен қатар 2020 жылдың басынан аймақтың тауар өндірушілері барлығы 132,3 тонна ет экспорттады, оның ішінде 50,6 тонна сиыр еті, 81,4 тонна қой еті және 0,3 тонна жылқы еті.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 710 мың гектарға егілді, бұл 2019 жылдан 22,9 мың гектарға (3,3%) артық.

Жыл басынан бері Жамбыл облысының АӨК субъектілеріне 6,4 млрд теңге бюджеттік субсидия төленді. Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы саласында — 0,5 млрд теңге, мал шаруашылығы саласында — 3,1 млрд теңге, инвестициялық субсидиялау — 1,8 млрд теңге және қалған бағдарламалар бойынша — 1 млрд теңге.

 

Облыс өнеркәсібінде 41,3 мың адам жұмыспен қамтылған

Өнеркәсіп Жамбыл облысы экономикасының негізгі салаларының бірі саналады, ол төрт негізгі салалық кешенді қамтиды — тау-кен өндіру және өңдеу, электрмен және сумен жабдықтау.

Облыс өнеркәсібінде 41,3 мың адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 23,5 мың адам жұмыс істейді.

Өнеркәсіп өндірісінің негізін 670 жұмыс істеп тұрған кәсіпорын құрайды, оның ішінде 460-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Өнеркәсіп өндірісі мен өңірдің басым саласын әртараптандырудың негізі өңдеу өнеркәсібі саналады.

2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындары 193,6 млрд теңгенің өнімін өндірді, өнеркәсіп өндірісінің индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 100% құрады.

Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда өнім көлемі 22,7 млн теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 139,3 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98%-ды құрады. Облыс өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағы 71,3%.

«Казфосфат» ЖШС басшылығының мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылдың екінші жартысынан бастап өнім көлемін арттыру жоспарланып отыр, компания 2019 жылғы деңгейге жетеді. Биылғы жылдың екінші жартысынан бастап Тараз қант зауытын іске қосу жоспарлануда, Меркі қант зауыты қант қызылшасының өнімін алғаннан кейін іске қосылады.

 

ИИДМБ аясында жүзеге асырылған жобалар тұрақты жұмыс істеуде

Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Жамбыл облысында жалпы сомасы 52 млрд тенге болатын 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Аталған жобаларды іске асыру барысында 1969 жаңа жұмыс орны құрылды.

Оның ішінде республикалық Карта бойынша жалпы сомасы 16,7 млрд теңгеге 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Бүгінгі күні барлық іске асырылған жобалар тұрақты жұмыс істеуде. Олардың ішінде 10 кәсіпорын бойынша жоспарлы қуаттарды игеру 100%, 8 кәсіпорын бойынша 80%-дан асты. 13 жоба бойынша жоспарлы қуатты орташа игеру 70%-ды құрады, өндірістің маусымдық қызметіне байланысты жоспарлы қуатқа шығу ағымдағы жылдың соңына жоспарлануда.

2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аясында Жамбыл облысында жалпы сомасы 1051,6 млрд теңге болатын 24 инвестициялық жоба іске асырылуда. Аталған жобаларды іске асыру шамамен 6 мың жұмыс орнын құруды көздейді. Оның ішінде республикалық Карта бойынша жалпы сомасы 426,6 млрд теңгеге 2 инвестициялық жоба іске асырылуда, онда 2409 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

2020 жылы 657 жаңа жұмыс орнын құрумен 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың арасында құрылыс арматурасын өндіру бойынша «Тараз арматура зауыты» ЖШС және ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін шығару бойынша «Элнур Адил Групп» ЖШС атап өтуге болады.

 

Өңірде сүт өнімдерінің артуы байқалады

2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында азық-түлік көлемі 15074,7 млн теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,9% құрады. Өңдеуші өнеркәсіптегі саланың үлес салмағы — 10,8%.

Саладағы өндіріс көлемінің төмендеуі облыста ғана емес, республикада да ірі қант өндірушілері — Тараз және Меркі қант зауыттары жұмысының ұзақ тұрып қалуымен байланысты. Жыл басынан бері екі кәсіпорын да шикізаттың жоқтығынан тоқтап тұр.

Сонымен қатар салада сүт өнімдерінің өсімі байқалады. Атап айтқанда, «Бурное сүт компаниясы», «Меркі ірімшік зауыты», «Мерке ет» және шағын кәсіпорындардың тұрақты жұмысы есебінен сары май 10,6%-ға, ет 15,4%-ға, шұжық өнімдері 6,9%-ға өсті. 

Тамақ өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындары: «Тараз қант зауыты» ЖШС, «Мерке қант зауыты» ЖШС (қант өндірісі), «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС, «Бурное сүт компаниясы» ЖШС, «Көкжиек» ЖШС (ірімшік, ашыған сүт өнімдері өндірісі), «Сәуле» кондитерлік фабрикасы» ЖШС (кондитерлік өнімдер өндірісі), «Рола-7» ЖШС, «Та-Мак» ЖШС (макарон өнімдерін өндіру), «Первомайские деликатесы» ЖШС, «Берсанукаев» ЖК (шұжық өнімдерін өндіру), «Мерке ет» ЖШС (ет өнімдерін өндіру), «Kaz-Ir Agro» ЖШС (сафлор майын өндіру) және т. б.

«Сәуле» кондитерлік фабрикасы» ЖШС, «Берсанукаев» ЖК, «Мерке ет» ЖШС, «Kaz-Ir Agro» ЖШС тамақ өнімдерін өндіру саласындағы экспорттаушылар саналады.

 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру

Бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктер мен агрокедиттік корпорациялар 68,6 млрд теңге сомасына 114 жобаны мақұлдады, оның ішінде 2,2 млрд теңгеге 89 жобаны қаржыландырды.

Сонымен қатар 751 млн теңге сомасына 11 жоба қаралуда.

Облыста 69 инвестициялық жоба пулы құрылды

2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында Жамбыл облысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 79 млрд теңге болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға артық. Оның ішінде сыртқы инвестициялар өткен жылдың деңгейінен 33% асып, 19 млрд теңгеге жетті.

Жамбыл облысы әкімдігі инвесторлармен тұрақты негізде кездесулер өткізеді, қаржыландыруды талап ететін жобалар бастамашыларына консультациялар мен қаржы көздерін іздейді. 2019 жылғы 28 қарашада Тұңғыш Президент күні аясында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі өңірлік фронт-кеңсе ашылды. Фронт-кеңсе алаңында инвесторлармен жұмыс істеуге тартылған әкімдік құрылымдары мен ұйымдардың қызметкерлері орналастырылған. Бұл өтініш білдіргендердің бастапқы сұранысының уақытын бір жарым есе қысқартуға мүмкіндік береді.

2020 жылдың басынан бері кәсіпкерлік субъектілерінен 47-ден астам өтініші түсті, инвесторлармен 23-тен астам жеке кездесу өткізілді, 11 жоба сүйемелдеуге алынды.

Бүгінгі таңда облыста 11,4 мың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 69 инвестициялық жоба (2020-2025 жж.) пулы құрылды.

Жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді уақтылы анықтау және шешу үші барлық жобаға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. 

Биыл құны 94,2 млрд теңге болатын 19 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

 

ШОБ-та 126 мың адам жұмыспен қамтылған

2020 жылдың 1 мамырындағы мәлімет бойынша облыста 67 899 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100%-ды құрады. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 126 655 адамды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106%-ды құрайды.

Статистика органдарының мәліметтері бойынша 2019 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен (заңды және жеке тұлғалармен) өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі 511,7 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,3%-ды құрады.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың пәрменді шараларының бірі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру болып табылады.

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының мәліметі бойынша, 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында екінші деңгейлі банктер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 7 818,8 млн теңге несие берді.

 

2020 жылы Жамбыл облысында шамамен 550 мың м2 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Бүгінгі күні облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде (01.05.2020 жылғы жағдай бойынша) 32 261 адам тіркелген, оның ішінде әлеуметтік әлсіз топтар санатынан — 15 210 адам, көп балалы отбасылар — 4 242.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2020 жылы жалпы 23 млрд теңге бөлінді. Жалға берілетін тұрғын үйге — 5,5 млрд теңге. Несиелік үйлерге 12 млрд теңге тиесілі. Жатақхана құрылысына 0,9 млрд теңге бөлінді.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 7,4 млрд теңге немесе жоспарлы кезеңге 100% игерілді.

2020 жылы 48 көппәтерлі (2 820 пәтер) тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін 2 260 пәтерлі 41 үйді тапсыру жоспарлануда. 2021 жылға 7 үй есепке алынған.

Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен көпбалалы отбасылар үшін 180 пәтерлік 4 жатақхананы тапсыру жоспарлануда.

Сондай-ақ ағымдағы жылы 4,6 млрд теңгеге алаңдарға инженерлік желілерді жүргізу және тұрғын үйлердің алаңішілік желілерін жүргізу бойынша 24 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде жалпы көлемі 151 га 1 794 жер учаскесі инфрақұрылыммен қамтылатын болады және бөлуге дайындалады, сонымен қатар 8 көппәтерлі тұрғын үйді алаңішілік желілер мен абаттандыру жүргізіледі.

Тараз қаласында жеке құрылыс салушылардың қаражаты есебінен бірыңғай сәулеттік стильде 20 үйдің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ 35 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде 04.06.2020 жылғы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге 738 өтініш түсті, оның ішінде 2 987,3 мың теңге сомасында 428 өтініш мақұлданды.

2020 жылға барлық қаржыландыру көздері есебінен 541,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған (2019 жылмен салыстырғанда 106%).

Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 191,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артық.

 

Жамбыл облысының 50 ауылында су құбыры тартылып, 84-і газдандырылады

Бүгінгі күні облыстың 57,8% елді мекені орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 2023 жылы облыстың барлық тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Биыл 17,4 млрд теңге сомаға 50 сумен жабдықтау нысанының құрылысы жүргізілуде, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Жыл соңына дейін 34 нысан пайдалануға беріледі. Қаражат Өңірлерді дамыту бағдарламасы мен Жұмыспен қамту жол картасы аясында бөлінген.

Аудандар бөлінісінде сумен жабдықтау нысандары Жуалы, Байзақ, Рысқұлов және Жамбыл аудандарында көбірек салынатын болады.

2021 жылдан 2023 жылға дейін 84 елді мекенге жүздеген шақырым су құбыры тартылмақ. Осылайша, 2023 жылы облыстың барлық тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Облыстық және республикалық бюджеттерден, оның ішінде Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша қаражат ауылдарды газдандыру үшін де бөлінеді. Барлығы 84 ауылды газдандыру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде биыл табиғи газ 30 ауылда пайда болады.

Бүгінде облыстағы 377 елді мекеннің 192-і газдандырылды, бұл 51% құрайды.

 

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 23 жоба жүзеге асырылуда

 «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл 8,3 млрд теңге бюджет қаражаты есебінен жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеу бойынша 23 жоба іске асырылуда (оның ішінде 2019 жылдан бастап іске асырылып жатқан 5 нысан).

Бөлінген қаражат есебінен 18 км жаңа жол құрылысы, 6,1 км қайта жаңарту және 233,3 км орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Бүгінгі таңда 23 нысанның 4-де жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған 19 объектіде жол жөндеу жұмыстары өндіріс кестесіне сәйкес жүргізілуде.

Айта кету керек, 3 ірі жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ:

  • «Тараз қаласынан Қырғызстан шекарасына қарай оңтүстік айналма жолы» автомобиль жолын салу»;

  • «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» облыстық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңарту, 3,4-14,4 км;

  • «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» 1,7-7 шақырым автомобиль жолын қайта жаңарту».

Жыл қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесін 85%-дан 90%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

 

Жамбыл облысында 7,6 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 16 935 адам қамтылды, оның ішінде жұмыс орындарына — 7 671 адам жұмысқа орналастырылды, қысқа мерзімді курстарға — 171 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына — 1 295 адам, жастар тәжірибесіне — 973 түлек жіберілді, ақылы қоғамдық жұмыстарға — 6 171 жұмыссыз жандар тартылды, 344 адам шағын несие алды, 310 адам грант алды. 16 110 адам жұмысқа орналастырылды, жоспар 34,8%-ға орындалды.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бағдарламасының бірінші бағыты аясында 2020 жылы 2291 адамды оқытуға 1898,7 млн теңге бөлінді.

Оның ішінде 770 адамды кәсіптік даярлауға 1554 млн теңге бөлінді, 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап кәсіптік даярлауға 770 адам жіберіледі.

1521 адамды үш айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жіберу үшін 344,7 млн теңге бөлінді. Өңірлік комиссияның шешімімен Тізілімге енгізілген білім беру ұйымдары бойынша қысқа мерзімді оқыту мамандықтары бойынша орындар бөлінген, оқу құны белгіленген. Оқыту 7 мамандық бойынша 2 білім беру ұйымының базасында жүргізілді. Қысқа мерзімді оқуға жіберілген 171 адамның 150-і есепті айда оқуын аяқтады, оның ішінде 20-ы жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 6722 адамды қамту үшін 7349,6 млн теңге бөлінді. Осы бағыт шеңберінде қатысушылар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтеді. 2020 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 1602 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған.

Ауылдық елді мекендер мен қалаларда шағын несиелеуге 1326 адамға 5355,8 млн теңге қарастырылған. Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 344 адам 1374,2 млн теңгеге шағын несие алды.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты аясында 21078 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту үшін 7505 млн теңге бөлінді.

Осы бағыт бойынша бағдарлама аясында 1168 әлеуметтік жұмыс орнын құруға 241,6 млн теңге қарастырылған. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарымен 1295 адам қамтамасыз етілді. 4566 түлекті жастар тәжірибесіне жіберу үшін 1826,7 млн теңге бөлінді. Есеп беру кезеңінде 973 түлек жастар тәжірибесіне жіберілді.

15344 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін жергілікті бюджеттен 4080 млн теңге қарастырылды. 1 маусымдағы жағдай бойынша қоғамдық жұмыстарға 6171 адам тартылды.

Сонымен қатар «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде еңбек тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру көзделген. Тұрақты негізде осы бағытта тұрғындар арасында толық ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысынан еліміздің еңбек күші тапшы өңірлеріне барлығы 57 отбасы немесе 163 адам қоныс аударды. Қоныс аударған отбасылар қоныс аударушылардың квотасына енгізілді, көшуге субсидия төленді және жалға берілетін тұрғын үй берілді.

 

3,6 мың жамбылдық «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының қатысушысы болды

2010 жылдан бастап 2019 жылға дейін 3603 жамбылдық бағдарлама қатысушылары болды. Олар жалпы сомасы 564,4 млн теңгеге көтерме жәрдемақы алды. 1814 маманға жалпы сомасы 5,2 млрд теңгеге несие берілді. Қызметкерлердің басым бөлігі білім беру саласында — 1027, денсаулық сақтау саласында — 347, ауыл шаруашылығы саласында — 119, мәдениет саласында — 51, спорт саласында — 40, әлеуметтік қамсыздандыру саласында — 6.

Осы жылы 101 маман 27,7 млн теңгеге көтерме жәрдемақы, 38,4 млн теңгеге тұрғын үйге 10 адам несие алды. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын іске асыруға биыл 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Жалпы, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы ауылдық жерлерге кадрлар ағынының айтарлықтай өсуіне және жұмыссыздық өсімінің төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

 

Халықтың табысын арттыру жобасы

«Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» жобасы аясында 7,2 млрд теңге сомасына 2478 өтінім қаржыландырылды.

Жобамен 7 856 аула қамтылды (барлық аулалардың 94%).

Құрылған 11 кооперативке 125,9 млн теңге айналым қаражаты аударылды. Өсімдіктерді қорғау үшін қажетті тұқымдар, тыңайтқыштар мен химиялық заттар сатып алынды. Көктемгі егіс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы көлемі 2,125 га 16 жылыжай құрылысы жүргізілуде.

Мал шаруашылығына арналған үй жанындағы аулаларды пайдалану үшін 6,9 млрд теңге сомасына 44 850 бас мал сатып алынды.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 1,736 млрд теңге сомасына 192 бірлік түрлі техника сатып алынды.

Жергілікті тұрғындарға шағын бизнес ашу үшін құны 64,7 млн теңге тұратын 12 жоба қаржыландырылды, шағын цехтар үшін қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, жабдықталуда.

Соның нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша орташа айлық атаулы жалақы 140 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін артады.

Пилоттық жобаны одан әрі іске асыру үшін қосымша 20 ауылдық округ іріктелді (әр ауданнан 2 округтен) , қажетті қаражат — 3 631 жобаға 11,5 млрд теңге.

Таңдалған округтердегі халықтың жалпы саны 11,1 мың аулада 63,5 мың адамды құрайды.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Келесі жылдың қорытындысы бойынша 3631 адам айына 45,6 мың теңгеден 162 мың теңгеге дейін тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі, 2022 жылы бұл табыс 2 есеге артады.

  2. 3631 өз бетінше жұмыспен айналысушылар мен жұмыссыздарды кәсіпкерлікке тартады, олар міндетті зейнетақы, салық және басқа да төлемдерді төлейтін болады.

  3. 20 ауылдық округте ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2,2 есеге, 2,8 млрд теңгеден 6,1 млрд теңгеге дейін артады.

  4. Сүт және етті қайта өңдеу бойынша кәсіпорындардың жүктемесі 20-30%-ға артады.

 

2020 жылы білім беру сапасы 69,6%-ға дейін артты

2020 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 173 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде облыстың білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын арттыруға және білім беру сапасының өсуіне қол жеткізілді.

Мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінеді.

Бүгінгі таңда 552 мектепке дейінгі мекемелерде 58087 бала тәрбиеленуде.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың оқумен және тәрбиемен қамтылған үлесі 91%-ды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі 100%-ды құрайды.

Осы оқу жылында 9 үш ауысымды мектеп, 5 апатты мектеп, орын тапшылығымен 8 мектеп тіркелген.

2020 жылы 20 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде (11 мектеп, 5 мектеп пен 1 колледж жанындағы құрылыс, 1 ғимаратты қайта жаңарту). Оның 15-і жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

51 білім беру нысанына күрделі жөндеу, 215 білім беру нысанына ағымдағы жөндеу жүргізілуде.

Облыста білім беру сапасын арттыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Жоғары оқу орындарымен, «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымымен меморандумдар жасалды. Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі 80 жетекші мектепте көрсетіледі.

Білім беру сапасы 2016 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 60,5%-дан 69,6%-ға артты.

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау көрсеткіштері жақсарды. 4-ші сыныптарда 8-ші орыннан 7-ші орынға, 9-шы сыныптарда 5-ші орыннан 4-ші орынға және 11-ші сыныптарда 6-шы орыннан 5-ші орынға көтерілді.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы өткен жылы 2018 жылмен салыстырғанда 1,3 балға артты.

PISA халықаралық зерттеуінің нәтижелері бойынша «Математикалық сауаттылық» бағытында облыс республика бойынша І орынды, «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» бойынша 9 орынды иеленді. «Оқу сауаттылығы» бойынша — 11 орында.

Өткен жылғы түлектердің 75,5%-ы жоғары оқу орындарына түсті, олардың 55%-ы мемлекеттік грант бойынша білім алуда. Соңғы екі жылда Назарбаев Университетіне 89 түлек оқуға түсті, 1137 түлек шет елдердің (АҚШ, Венгрия, Канада, Корея, Қытай, Малайзия, Ресей, Сингапур, Түркия, Чехия) үздік жоғары оқу орындарына оқуға түсті.

Облыс оқушылары халықаралық, дүниежүзілік, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 2019 жылы 132 медаль жеңіп алды. Әр түрлі пәндер бойынша 10 мектеп республиканың «100 үздік мектебінің» қатарына енді. Сонымен қатар шығармашылық байқауларда 2967 жүлделі орын, әртүрлі спорттық жарыстарда 238 медаль жеңіп алған.

1891 педагог республикалық, халықаралық конкурстар мен қашықтан өткен олимпиадалардың жеңімпаздары атанды.

«Үздік педагог» республикалық байқауында 31 педагог жеңімпаз атанды, оның ішінде 14-і — ауыл мектептерінің мұғалімдері.

2020 жылы 44 мыңнан астам педагогтің жалақысы 25%-ға артып, 16,6 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар педагогтердің біліктілік санаты үшін 30%-дан 50%-ға дейін қосымша ақы төленеді.

Облыстың барлық мектептері 100% 4 мегабит/сек жоғары жылдамдықпен интернетке, «Күнделік» жобасына, «Bilimland» цифрлқ білім беру ресурстары порталына қосылған. 48 АТ-сыныбы ашылды, 235 (53,1%) мектеп роботты техника кабинеттерімен жабдықталған. 2020 жылы мектептердің 70%-ын жабдықтау жоспарлануда.

Басты міндет — балалардың бос уақытын ұйымдастыру. Қосымша білім беру ұйымдарында спорт, техникалық және шығармашылық үйірмелер, қолөнер, шахмат, домбыра және т. б. үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылардың 92,8%-ы қосымша білім берумен қамтылған. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобалары аясында «Өз жеріңді таны», #BestвидеотуғанӨлке, «Bilim анимация», «Bilim FM мектеп радиосы», «Ogy, tap», «Менің Отаным – Қазақстан», «Сүйікті мектебім», «Мен домбраны сыйладым», «Кітап сыйла» жобалары үнемі іске асырылуда.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 12 382 (50%) жастар тегін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқиды.

40 колледжде 42 мамандық бойынша қосарлы білім беру жүйесі енгізілген, онда 5266 студент қамтылған. 201 әлеуметтік серіктеспен шарттар жасалды.

Облыста 2 колледжді базалық алаң ретінде қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілді, оған 665,6 млн теңге бөлінді. Облыста WorldSkills стандарттарына сәйкес 10 құзыретті орталық (химия, энергетика, құрылыс, механотроника, машина жасау, агрономия, ветеринария) құрылды, Құлан ауыл шаруашылығы колледжінде жаңғырту үшін заманауи жабдықтар орнатылды, жылыжай, ветеринарлық клиника ашылды.

Қалыптасқан қажеттілікке сәйкес өңірде сүт өндірісі, ет өндірісі, орман шаруашылығы сияқты ауыл шаруашылығы бойынша жаңа мамандықтар ашылды.

Сонымен қатар «Жас маман» жобасы 11 колледжде жүзеге асырылады.

 

Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша оң динамика байқалады

2020 жылдың 4 айында нәресте өлімі 2,2%-ға, 5 жасқа дейінгі нәресте өлімі 2,5%-ға төмендеді. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 0,4%-ға төмендеді. Туберкулезбен ауыру 2,2%-ға төмендеді. Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші 0,6%-ға төмендеді.

Бүгінгі таңда облыста республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының деректері бойынша 4992 жұмыс орны құрылды, барлық медицина қызметкерлері компьютермен 100% қамтамасыз етілген. Тараз қаласы мен аудан орталықтарында 384 мемлекеттік мекеме интернет желісіне қосылған, бұл 100% құрайды.

92 медициналық ұйым кепілді медициналық көмек көлемін ұсынады. Барлығы интернет желісіне қосылған және медициналық ақпараттық жүйеде жұмыс істейді.

Жамбыл облысының медициналық ұйымдары 4 медициналық ақпараттық жүйемен жұмыс істейді.

2018 жылғы шілдеден бастап Жамбыл облысында медициналық ұйымдарды цифрландыру бойынша пилоттық жоба енгізілді. 2020 жылдың ақпан айында «Бекітілген халық тізілімі» ақпараттық жүйесіне 1054655 электрондық денсаулық паспорты қосылды, бұл 96,2% құрайды. Сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу жөніндегі пилоттық жобаны енгізу жоспарлануда. Жамбыл облысы бойынша бастапқы медициналық құжаттаманың 233 формасының 208-і цифрлық форматта медициналық ақпараттық жүйелерге толығымен енгізілді.

Сонымен қатар «Damu Med» медициналық ақпараттық жүйесінде 53 232 адам тіркелген мобильдік қосымша әзірленді, бұл адамдар электрондық қызметтерді алады. Бұл онлайн режимінде дәрігерге жазылу, дәрігерді үйге шақыру, еңбекке жарамсыздық парағын қарау, рецепттерді, зерттеу нәтижелерін қарау секілді медициналық қызметтің барлық түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл пациенттердің медициналық ұйымға келу санын 2,5 есеге төмендетуге және пациенттердің де, медицина қызметкерлерінің де уақытын үнемдеп, науқастардың келу санының азаюына жол ашты.

Халық, жұмыс берушілер және медицина жұртшылығы арасында МӘМС мәселелері бойынша жоспарлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Облыста оңалту қызметі дамып жатыр.

72 ұйымның қалпына келтіру еміне және оңалтуға лицензиясы бар. 2019 жылы оңалту қызметі аясында 336 төсек, 2020 жылы — 394 төсек орны болды. Дәрігерлер — 127 адам, оның ішінде 41 адам оқытылды.

 

2019 жылы Жамбыл облысында сырттан келушілер туризмі бойынша туристер саны 20%-ға артты

Коронавирус пандемиясына орай енгізілген шектеулер біртіндеп алынып жатқаннан соң Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесе отырып, туристік объектілерге жергілікті мониторинг жүргізді. Нысандарды тексеру алгоритміне сәйкес, туристік индустрияның бизнес-объектілерінің келушілерді қабылдауға дайындығына тәуелсіз бағалау жүргізілді, пандемия кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау бойынша объективті рәсімдер жүргізілді.

Бүгінгі таңда туристік нысандар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық аудиттің аудиторлық есебінің қорытындысына сәйкес дайындық актілерін беру жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысының аумағында орналасқан 37 туристік тартымды нысанның 33-і өз жұмысын қайта бастауға дайын, ал қалған 4 нысан республикалық маңызы бар нысандар тізімінде (« Қарахан» кесенесі, «Айша бибі» кесенесі, «Көне Тараз» ашық аспан астындағы музейі, «Ақыртас» сарай кешені) ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы негізінде қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Олардың жұмысын 2020 жылғы 15 маусымнан бастап жаңарту жоспарлануда.

2019 жылы Жамбыл облысында барлық бағыттар бойынша туристік ағындардың ұлғаюы байқалды. Мәселен, сырттан келушілер туризмі бойынша туристер саны 19,8%-ға артты және ішкі туризм бойынша туристер саны 19%-ға өсті.

Биыл 682 млн теңгеге «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің екінші кезеңінің құрылысы, сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен 1,4 млрд теңгеге «Қар – Алма» тау шаңғысы базасының екінші кезеңінің құрылысы жоспарланған, құрылатын жаңа жұмыс орындарының саны — 150.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Тамыз 2020, 15:39
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
14 Тамыз 2020, 14:58
Қазақстан Президенті индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады
14 Тамыз 2020, 14:41
Түйе шаруашылығын мемлекеттік қолдау: Қазақстанда түйе шаруашылығының әлеуеті жоғары
13 Тамыз 2020, 18:48
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесті
13 Тамыз 2020, 18:07
Мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 17 тамыздан бастап Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекітті
13 Тамыз 2020, 11:39
Арман Абдрасилов «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Тамыз 2020, 18:46
Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған негіздемелік бағдарламаға қол қойды
12 Тамыз 2020, 16:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
12 Тамыз 2020, 13:54
Электр желілерінің тозуы мен апаттылығын төмендету —  алдағы жылыту маусымында басымдыққа ие
11 Тамыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады
11 Тамыз 2020, 19:56
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
11 Тамыз 2020, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020
11 Тамыз 2020, 13:41
2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ
11 Тамыз 2020, 13:12
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ
11 Тамыз 2020, 12:44
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады — Энергетика министрлігі
11 Тамыз 2020, 10:35
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының базалық салаларында оң динамика сақталуда
11 Тамыз 2020, 10:33
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты
11 Тамыз 2020, 10:13
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.