Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда

Жұма, 20 Қараша 2020, 13:40:02

Мемлекет басшысы өз сөзінде денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың маңыздылығын атап өтті, ол деректер базасын интеграциялауды, үйде емделіп жатқан пациенттерге мониторинг жүргізу жүйесін құруды және т. б. қамтиды. 2013 жылдың өзінде «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының ережелерін ескере отырып, ҚР электрондық денсаулық сақтауды дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Қазақстандағы цифрлық медицинаның дамуы туралы шолу материалынан оқыңыздар.

Тұжырымдаманы іске асыру денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында қолдау тапты және денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалғасты. 

Биыл ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тұжырымдаманы іске асыру нәтижелерін бағалауды жүзеге асырып, денсаулық сақтауды цифрландыруды дамытудың жаңа стратегиясының жобасын дайындауда.

Тұжырымдаманы іске асырудың 7 жылы ішінде барлық мемлекеттік медициналық ұйымдарда ақпараттық жүйелерді енгізу қамтамасыз етілді. Осыны ескере отырып, Министрлік медициналық құжаттаманың жекелеген түрлерін (формаларын) қағаз түрінде жүргізу міндеттілігін шектеді. 

Республика азаматтары қабылдауға жазылуға, дәрігерді үйге шақыруға, талдау нәтижелеріне және басқа да медициналық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін мобильді қосымшаларды белсенді пайдалануда.

Республикалық деңгейде жекелеген нозологиялар, көмек түрлері және азаматтардың (пациенттердің) санаттары бойынша бірқатар жалпыұлттық тіркелімдер құрылды және қаржыландыру мақсаттары үшін белсенді түрде пайдаланылады. Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін интеграциялауды қамтамасыз ету үшін негізгі стандарттар әзірленіп, бекітілді. 

Сонымен қатар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясында құпия медициналық деректерді қорғауды ескере отырып, денсаулық сақтауды одан әрі цифрландыруды қамтамасыз ететін ережелер көзделген.

2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, цифрлық денсаулық сақтау пайымын табысты іске асыру үшін қажетті негізгі жетістіктердің бірі — медициналық ақпаратты стандарттау арқылы медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Медициналық деректерді стандарттау бұл — медициналық ақпараттың форматтарын, сондай-ақ оны денсаулық сақтау жүйесінде тіркеу, сақтау және алмасу әдістерін анықтайтын талаптар.

 

Қазақстандық жобаны әзірлеу кезінде қандай елдердің тәжірибесі ескерілді? 

Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде электрондық денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша көшбасшы болып табылатын елдердің тәжірибесі ескерілді, атап айтсақ: Канада, Австралия, Ұлыбритания, Эстония және т. б. Бұдан өзге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізген шолулар мен зерттеулердің нәтижелері, ДДСҰ және Халықаралық электр байланысы одағының (ITU) «Электрондық денсаулық сақтаудың ұлттық стратегиясын әзірлеу жөніндегі құралдары» секілді нұсқаулық құжаттары пайдаланылды.

Дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, электрондық денсаулық сақтауды дамыту стратегиясы монополиясыздандыру және орталықсыздандыру қағидаттарына негізделген денсаулық сақтауды ақпараттандыру саласындағы шешімдердің ашық нарығын қалыптастыруға қайта бағдарланған болатын.

Бірінші кезектегі міндет өзара бәсекелес медициналық ақпараттық жүйелерді дамыту және енгізу үшін ынталандырушы және реттеуші ортаны қалыптастыру болып айқындалған. Мұндай тәсіл денсаулық сақтау ұйымдарын түпкілікті пайдаланушылар ретінде де, медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер ретінде жеке секторды да қоса алғанда, барлық мүдделі тараптарды тартуды көздейді. 

Мұндай стратегия еліміздің әрбір медициналық ұйымы үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, енгізуге және қолдауға республикалық бюджет қаражатын инвестициялауды қажет етпестен, денсаулық сақтау секторын медициналық ақпараттық жүйелермен бәсекелестікті және толық қамтуды қамтамасыз ете отырып, өзін толық ақтады.

Көрсетілген институционалдық өзгерістер сонымен қатар назарды басқару органдарына арналған статистикалық деректерді жинаудан дәрігердің де, пациенттің де медициналық деректерді жинауына және күнделікті пайдалануына аударуды білдіреді. МАЖ міндеттері — медициналық ұйымның ішкі бизнес-процестерін автоматтандыру, клиникалық және басқарушылық шешімдер қабылдауды қолдау, медициналық ақпаратты қағазсыз жүргізуге біртіндеп көшу, медициналық қызметтердің сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға, медициналық қателіктер санын азайтуға жәрдемдесу.

Қазіргі таңда Кодексті іске асыру үшін Министрлік теледенсаулық сақтау, қашықтан медициналық қызметтер көрсету, телемедициналық және мобильдік технологиялар саласын реттейтін нормативтік актілерді әзірлеуде. Аталған әрекеттердің мақсаты — цифрлық денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі нормаларды заңнамалық тұрғыдан бекіту. 

 

Дайындық процесі қанша уақытты алады?

Денсаулық сақтау жүйесін толық цифрландыру — бұл әлемнің бірде-бір елі әлі қол жеткізе алмаған ұзақ мерзімді мақсат. Сарапшылардың пікірінше, цифрлық трансформация аясында жаңа мамандықтар пайда болып қана қоймай, классикалық мамандықтар өкілдеріне қойылатын талаптар да өзгереді.

АТ саласы қазіргі уақытта ең жылдам дамып келе жатқан сала болып табылады және ондағы бүгінгі инновация ертең ескіріп қалады. Осының бәрін ескере отырып, жүйе толық цифрландырылған деген қорытынды жасауға болатын қандай да бір түпкі кезеңге қол жеткізуді болжау қиын.

Халықаралық практикада пайдаланылатын денсаулық сақтаудың цифрландырылу критерийлері күрделену жағына қарай үнемі өзгеріп отырады және міндет шартты максимумға қол жеткізу ғана емес.

Қазіргі таңда Қазақстанда тек электрондық түрде жекелеген медициналық құжаттар жүргізілуде, жекелеген қызмет түрлері электрондық түрде ұсынылады, алайда алда геноммен және дербестендірілген медицинамен жұмыс секілді цифрландырумен қамтылмаған тұтас бөлімдер тұр.

Дегенмен, Министрліктің қолданыстағы Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға дейінгі белгілі бір жоспарлары бар. 

Осы кезең аралығында қолда бар цифрлық деректерді жинау құралдарының базасында деректерді верификациялау және ілгері талдау құралдарын енгізу қажет. Бұл ауруханалар, емханалар, дәрігерлер мен медициналық жабдықтар санын үнемі арттыру әрекеті есебінен емес, қолда бар ішкі ресурстар есебінен денсаулық сақтау жүйесінің қарқынды дамуына серпін береді.

 

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде цифрлық форматқа көшуге кедергі келтіретін қандай қиындықтар бар?

Соңғы 7 жыл ішінде цифрландыру бойынша күш-жігер негізінен медициналық көмек көрсету жағына бағытталды. Қазақстан қысқа мерзім ішінде медициналық ақпараттық жүйелер мен пациенттерге арналған мобильді қосымшаларды қоса алғанда, бірқатар технологияларды енгізе алды. Бұл осы бағытты бәсекелі ортаға беру және мемлекеттік медициналық ұйымдармен және ақпараттық технологияларды жеке жеткізушілермен атқарылған белсенді бірлескен жұмыс есебінен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар белгілі бір пациентке қатысты әртүрлі көздерден алынған медициналық ақпаратты біріктіретін ұлттық деңгейде бірыңғай платформа құру жобасы аяқталған жоқ. Мұндай платформа пациенттің өзі үшін де, оған медициналық көмек көрсететін дәрігерлер үшін де, басқару және қаржыландыру органдары үшін де қажет.

Цифрландыру іс-шараларымен қоғамдық денсаулық сақтау саласы да нашар қамтылған, бұл әсіресе COVID-19 туындаған пандемия аясында өткір көрінді. Ғылыми және қолданбалы зерттеулер үшін деперсонализацияланған деректерді жинауға жеткілікті көңіл бөлінбеді.

Денсаулық сақтауды цифрландыруға қатысты көптеген бастамалар онкология және медициналық білім беру үшін толықтырылған шынайылық үшін жасанды зердені енгізу жобаларында болғандай, пилот кезеңінде тоқтап қалады. Бұл жеке инвестицияларды монетизациялау немесе олардың өтелуіне кепілдік беру қиын екеніне байланысты, өйткені елдегі денсаулық сақтау жүйесі әлеуметтік бағдарланған болып қала береді. Өз кезегінде, денсаулық сақтауды цифрландыру жөніндегі іс-шараларға республикалық бюджеттен қаражат бөлу МЖӘ жобаларына көшу жөніндегі жалпы саясатты ескере отырып тоқтатылды.

Шалғай ауылдық жерлерде интернеттің қолжетімділігі, құны мен сапасы, жақсы компьютерлік техниканың болуын қамтитын инфрақұрылымдық проблемалар бар. Медицина қызметкерлерінің жұмыс орындарын компьютерлік техникамен жабдықтау бойынша жүргізілген жұмыстарға қарамастан, көптеген ұйымдарда компьютерлердің моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген модельдері пайдаланылуда.

Денсаулық сақтау менеджерлері мен медицина қызметкерлерінің барлығы ұсынылған цифрлық құралдарды және жаңа мүмкіндіктерді толықтай игерді деп айта алмаймыз. Көптеген егде жастағы дәрігерлер үшін медициналық мәліметтерді электронды түрде жүргізуге көшу өзіндік бір проблема тудырып отыр.

Ауылда зерттеу нәтижелерін цифрлық форматта бермейтін немесе заманауи компьютерлік техникамен пайдалану мүмкін емес, деректермен алмасатын ескірген технологияларды пайдаланатын медициналық техника көп.

 

Денсаулық сақтауды цифрландыру медицина қызметкерлері мен медперсонал жұмысын қалай және қаншалық жеңілдетеді?

Тиісті деңгейде іске асырылған жағдайда цифрлық құралдар медициналық көмек көрсетудің әр кезеңі мен деңгейінде күнделікті клиникалық практикада сүйемелдеуді қамтамасыз ете алады:

  • профилактикалық және жоспарлы медициналық қызметтерді жоспарлауды жеңілдетеді;
  • жасанды зерденің көмегімен цифрлық медициналық кескіндер (рентген, УДЗ, КТ, МРТ) бойынша диагноз қоюды жеделдетіп жеңілдетеді;
  • аллергияға және препараттардың үйлесімділігіне тексеруді қоса алғанжа, тағайындалған препараттың дұрыстығын және оның дозасын тексеру;
  • жедел және шұғыл жағдайларда өмірлік маңызды ақпаратқа (аллергия, төзімсіздік, қарсы көрсетілімдер) қол жеткізуді қоса алғанда, аурулардың және медициналық көмекке жүгінудің толық тарихының қолжетімді болуы;
  • жоспарлы немесе жоспардан тыс медициналық қызмет көрсету қажет болған жағдайда сол жағдай немесе пациент туралы хабарламалар мен ескертулер алу;
  • пациентті қайта бағыттау үшін бос ресурстардың (препараттар, медициналық бұйымдар, техника, қызметтер, төсек-орын) болуы туралы ақпаратқа жылдам қол жеткізу;
  • медициналық зерттеулер, емдеу стандарттары мен хаттамаларын әзірлеу және т. б. үшін сенімді деперсонификацияланған ақпаратқа қол жеткізу.

 

Жалпы цифрлық медицина халыққа қызмет көрсетуде қалай ықпал етеді?

Әдетте, денсаулық сақтау жүйесі деңгейінде цифрлық құралдарды енгізу медициналық көмектің қолжетімділігін, тиімділігі мен сапасын жалпы арттырудан көрініс беретін оң мультипликативтік әсерге ие болады.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүргізген тақырыптық зерттеулер денсаулық сақтау саласындағы АКТ келесі жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін көрсетті:

1) медициналық көмектің қауіпсіздігін арттыру;

2) дәрілік терапияны тағайындау және көмек көрсету орнында клиникалық шешімдер қабылдауды қолдау сияқты әкімшілік және клиникалық міндеттерді жеңілдете отырып, жұмыс процесін жақсарту;

3) медициналық қызметтерге операциялық шығындарды азайту;

4) әкімшілік шығындарды қысқарту;

5) кері жағдайда мүмкін болмайтын өзгерістерді жүзеге асыру үшін құралдарды ұсына отырып, көмек «трансформациясына» қол жеткізу: медициналық көмекке (телемедицинаға) қолжетімділікті жақсарту жолымен, созылмалы аурулар кезінде көмекті жетілдіру, көмек көрсетуді үйлестіру жолымен, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы бойынша кері байланысты жақсарту жолымен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулық сақтаудағы цифрлық технологиялардың жалпыеуропалық зерттеулерінің нәтижелерін қорытындылай келе, денсаулық сақтауды цифрландыру ресурстардың шектеулілігі жағдайында денсаулық сақтау қызметтерінің спектрін кеңейтуге, медициналық көмек пен медициналық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыруға, инновацияларды ынталандыруға және тиімділіктің өсуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

Медицина саласын қаржыландыруда цифрландыру республикалық бюджетке қанша қаражыны үнемдеуге мүмкіндік береді?

Денсаулық сақтауды цифрландыруға арналған инвестициялық шығындарға қаражатты нысаналы бөлу көзделмеген, осыған байланысты қаражат көлемін есептеу мүмкін емес. Алайда, денсаулық сақтауды цифрландыру жеке секторды ынталандыруда қолданылатын болады, бұл IT-компаниялардың денсаулық сақтауды цифрландыруға, оның ішінде мемлекеттік жеке меншік әріптестік шеңберінде қаражатты дербес инвестициялауы үшін қажет.

2020 жылдың қорытындысы бойынша цифрландырудың жоспарланған тиімділігі:

  • медициналық қағаз құжаттамасына қағаз сатып алуда шамамен 187 млн теңге үнемдеу;

  • медициналық кескіндер (флюорография, рентген, маммография және т. б.) үшін сатып алынатын шығын материалдарының 2 млрд 165,6 млн теңгеге санының қысқаруы;

  • электрондық сервистер есебінен қан алуды ресімдеу уақытының 2,5 есеге (60%-ға) қысқаруы;

  • электрондық сервистер есебінен зертханалық зерттеу нәтижелерін алу уақытының 5 есеге қысқаруы (80%-ға);

  • электрондық сервистер есебінен зертханалық және диагностикалық зерттеулерге жолдамаларды тағайындау кезінде уақыттың 4 есеге қысқаруы (75%-ға);

  • үйге шақырту кезінде қызмет көрсетуді ресімдеу уақытының 5 есе қысқаруы (80%-ға);

  • электрондық сервистер есебінен учаскелік дәрігерге жазылу кезінде уақыттың 4 есе (80%-ға), шағын мамандарға жазылу кезінде уақыттың 86,6%-ға (7 есе) қысқаруы.

 

Цифрландыру денсаулық сақтаудағы қандай проблемаларды шешуге мүмкіндік береді?

Денсаулық сақтауды цифрландыру – бұл денсаулық сақтау саласындағы дәстүрлі бизнес-процестерді трансформациялау үшін цифрлық технологияларды пайдалану.

Цифрлық технологиялар клиенттер мен қызмет көрсетушілер үшін көрсетілетін қызметтерді неғұрлым жылдам, арзан әрі тиімді ететін банк саласы немесе сату сияқты экономиканың басқа салаларына ұқсас, денсаулық сақтауда цифрландыру шығындардың төмендеуін, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететінін көрсететін мысалдар аз емес.

Цифрландырудың медициналық көмек көрсету процесіне қалай әсер ететінінің ең қарапайым мысалы, мобильді қосымшаларды пайдалану, соның арқасында пациенттердің зертханалық зерттеулер нәтижелерін алу үшін медициналық ұйымға қайта келудің қажеті жоқ, өйткені олар смартфонда қолжетімді болады. Бұл пациенттің уақытын үнемдеуді ғана емес, сонымен қатар кезектің қысқаруы мен медициналық қызметкерлердің жұмысының тиімді болуын да білдіреді.

Осындай әсерге телемедицина және теле денсаулық сақтау жүйелерін қолдану кезінде консультациялық көмекті қашықтықтан көрсету мақсатында да, сондай-ақ созылмалы жай-күйді мониторингтеу кезінде де қол жеткізуге болады.

Медициналық қызметкерлерге диагноз қоюға және емдеуге көмектесетін сараптамалық жүйелер мен жасанды интеллект медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыра алады.

Бытыраңқы медициналық ақпараттық жүйелердің ұлттық деңгейде бірыңғай стандарттар арқылы интеграциялануы жағдайында қамтамасыз етілуі мүмкін пациенттің бүкіл медициналық тарихына толық қол жеткізу дәрігердің аурудың толық клиникалық көрінісін қалыптастыруына және тиісінше диагностика мен емдеу барысында дұрыс шешімдер қабылдауынаа ықпал етеді.

Дәрілік заттарды қадағалау және пациентпен кері байланыс жүйелері препараттарды, әсіресе шығыны жоғары препараттарды неғұрлым ұтымды пайдалануға ықпал етуі мүмкін.

Бизнес-талдау жүйелері жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіруді, ауру мен өлімді болжауды қоса алғанда, қоғамдық денсаулық сақтау проблемаларын шешуге ықпал ете алады.

Толықтырылған және виртуалды нақтылық жүйелері дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі деңгейлерде медициналық білім беру мақсатында қолданылады, осылайша студенттер мен практик дәрігерлерді оқыту сапасы мен білім деңгейін арттырады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
30 Қараша 2020, 10:51
2 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Қараша 2020, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №785 Қаулысы
30 Қараша 2020, 10:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қарашадағы №775 Қаулысы
30 Қараша 2020, 09:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №768 Қаулысы
29 Қараша 2020, 09:57
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №88
27 Қараша 2020, 10:12
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.