Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты

29 маусым мен 3 шілде аралығында онлайн-форматта Astana Finance Days конференциясы өтіп жатыр, онда талқылаудың басты тақырыбы — өзгермелі әлемдегі нарықтарды дамыту және пандемияның жаһандық экономикаға әсері. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар экономикалық жағдайдың қалай өзгеретінін, өмірімізге қалай әсер ететінін және қандай технологиялар көп ұзамай әлемнің ажырамас бөлігі бола алатынын талқылауда. Атап айтқанда, жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, АХҚО құқығы, ислам қаржысы, сондай-ақ адами капиталды дамыту секілді бағыттарға назар аударылуда.

 

Ислам қаржысы деген не және олар Орталық Азия мен әлемде қалай дамуда? Бұл бағытта Қазақстанда қандай перспективалар бар?

АХҚО — инвестицияның жылдам өсіп келе жатқан және перспективалы сегменті Ислам қаржысына бизнеске жүйелі түрде қол жеткізуге мүмкіндік беретін аймақтағы алғашқы алаң. Исламдық қаржыландырудың ең ірі секторы Ислам банкингі болып табылады, сондай-ақ сақтандыру (такафул) және исламдық капитал нарығы белсенді дамып келеді.

Қазақстан мемлекеттік және муниципалдық жобалар үшін де, жекеменшік қаржыландыру көздері үшін де баламалы қаржыландыру көздерін ашу мақсатында Ислам қаржылары индустриясын дамытуды жоспарлап отыр. Бұл үшін елде және АХҚО-да ең үздік халықаралық практикалар мен стандарттарға сәйкес келетін барлық қажетті инфрақұрылым мен нормативтік құқықтық база құрылды.

АХҚО-дағы исламдық қаржылық қызметтер индустриясы Ислам банктерінің, активтерді басқару жөніндегі компаниялардың, инвестициялық қорлардың, такафул және ретакафул-компаниялардың, өзге де исламдық қаржы ұйымдарының, сондай-ақ исламдық қаржыландырудың жетекші халықаралық институттарының қатарынан қатысушыларды қамтиды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы нарықтағы әртүрлі ойыншылармен диалог орнатады, біз оны оң белгі ретінде қарастырамыз», — деді Wahed Invest компаниясының бас стратегі Мехди Бенслиман.

Маңызды мәселенің бірі — инфрақұрылым. Tayyab цифрлық ислам банкінің негізін қалаушылардың бірі Иван Каменскийдің пікірінше, инфрақұрылым деп арнайы цифрлық платформаларды түсіну және сенімді қаржылық шешімдерді пайдалану қажет.

«Цифрлық форматта шот ашу және ол арқылы өз қызметін жүргізу мүмкіндігі болуы қажет. Сондай-ақ біз мобильді қосымшаларды пайдалану туралы айтып отырмыз, яғни банк офисіне бармай-ақ жасауға болатын төлемдер мен ақша аударымдары. Мұндай мүмкіндіктер Қазақстанда да, Орталық Азияның басқа да елдерінде де бар», — деді Иван Каменский.

Сонымен қатар бизнес онлайн ала алатын қаржы құралдарын да цифрландыру керек. Ол үшін клиенттерге кең ауқымды қызметтер ұсынуға болатын арнайы экожүйелер немесе маркетплейстер жасауға болады.

Исламдық қаржы саласындағы халықаралық білім беру орталығының президенті және бас директоры, профессор Дато, доктор Мохд Азми Омар микропроцессория мен шағын және орта бизнес коронавирус пандемиясынан, ең алдымен, карантиндік шараларға байланысты қатты зардап шеккенін атап өтті.

«Шағын кәсіпорындар, шағын және орта бизнес пандемиядан қатты зардап шекті. Бірінші кезекте карантинге байланысты, тіпті оның әлсіреуінен кейін де өзін-өзі оқшаулау ережесі сақталады, сол себепті компанияларға нарыққа оралу қиын», — деп атап өтті доктор Мохд Азми Омар.

Оның айтуынша, пандемия азаматтардың әл-ауқатына айтарлықтай әсер етті. Спикер Малайзияның азаматтардың жинақ ақшасы бойынша статистикасын мысал ретінде келтірді.

Аталған мәліметтерге сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтыған топ өкілдері карантин режимінде өз жинақтарына тек бір ай ғана өмір сүре алады. Ал бір айдан кейін оларға мемлекеттің көмегі қажет екендігін атап өтті доктор Мохд Азми Омар.

«Жеке сектор қызметкерлеріне келетін болсақ, олар екі айдан астам уақыт бойы өз жинақтарына өмір сүре алады, содан кейін қаржылық қиындықтар басталады. Олар кедейлік шегінен төмен түсіп, экономикада регресс болады», — деді сарапшы.

Дегенмен карантин режимі цифрлық төлемдердің дамуына түрткі болды. Mastercard компаниясының соңғы зерттеуі бойынша, көптеген төлем картасын пайдаланушылар онлайн сатып ала бастады. Бұл ретте, интернет-алаңдарда сатып алудың өсуі және байланыссыз кредиттік карталарды пайдалану есебінен Малайзиядағы төлемдердің үлесі өңірдің басқа елдеріне қарағанда айтарлықтай өскен. Жалпы, доктор Мохд Азми Омардың айтуынша, елдегі қолма-қол төлем көлемі 64%-ға қысқарған.

 

Пандемия исламдық қаржыландыру секторына қалай әсер етеді?

Wahed Invest компаниясының бас стратегі Мехди Бенслиман коронавирус пандемиясы аясында байқалып отырған қазіргі экономикалық дағдарыс әлемдік экономика үшін алаңдаушылық тудырды деп санайды. Сондықтан нарық қатысушылары ақша табу әдістерін мұқият қарау керек. Дегенмен Ислам қаржы секторында жұмыс істейтін компаниялар дағдарыстан жақсы нәтижелермен шыға алады.

«Бұл дағдарыс инвестиция тұрғысынан жұмыс әдістерін өзгертуді талап етеді. Олар экологиялық аспектілерге сүйеніп, тұрақты болуы тиіс», — деп атап өтті спикер.

Мехди Бенслиман дағдарыстан кейін Ислам қаржы секторының компаниялары «инвестициялар мен қаржыландыру тұрғысынан жақсы позицияға» ие болады деп санайды. Нәтижесінде қазіргі дағдарыс исламдық қаржы институттарын дамытудың келесі кезеңін іске асыра алады.

Қазақстанға келер болсақ, Ислам қаржыларын дамыту үшін заңнаманы дамыту және өз нарығында Ислам қаржыларын дамыту жолында табысқа жету үшін халық арасында қаржылық сауаттылықты ілгерілету қажет. Оған «Астана» халықаралық қаржы орталығы ықпал етеді. Орталық елде және жалпы аймақта жаңа қаржы құралдарының пайда болуын қолдайды.

«Қазақстан астанасында АХҚО құрылған сәттен бастап Қазақстанда арнайы технологиялар мен қаржыландыру әдістерін, соның ішінде исламдық қаржыландыруды дамыту үшін мүмкіндіктер пайда болды. Енді тұтынушыларымыз үшін қаржыландырудың цифрлық құралдары бар», — деді Иван Каменский.

Мехди Бенслиман Қазақстанның инвестицияларды ілгерілету тұрғысынан «үлкен кеңістігі» бар екенін атап өтті.

«Инфрақұрылымды таратудан басқа, қаржылық сауаттылықты тарату да маңызды. Инвесторларға қаржыны қалай салуды және қолжетімді құралдарды тиімді пайдалануды үйрету керек», — деді Мехди Бенслиман.

 

Қазақстан мен әлемдегі финтехтің дамуы

Коронавирус бүкіл әлемдегі компаниялардың жоспарларына елеулі түзетулер енгізді. Елдер үкіметтерінің енгізген шаралары компаниялардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтатуға алып келді. Осы тұрғыда қаржы технологиясы секторының компанияларында жаңа мүмкіндіктер пайда болды.

Осылайша, Tech Nation amd Dealroom есебіне сәйкес, финтех коронавирустық дағдарыс кезінде тұрақтылық көрсетті, ал 2020 жылы Лондонның технологиялық компаниялары барлық венчурлік инвестицияның 39%-ын құрады. deVere Group консалтингтік компаниясы жүргізген басқа зерттеу пандемия аясында Еуропа тұрғындары финтех-қосымшаларды 72%-ға жиі пайдалана бастағанын хабарлайды.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы жағдай да осы шамалас. Осылайша Қазақстанда банктер мен басқа да кредиттік ұйымдардың уақытша жабылуына байланысты қаржы институттары өздерінің цифрлық сервистерін дамыта бастады. Мысалы, карантин аясында алғаш рет карточкалық шоттарды қашықтан ашу қызметі пайда болды. Сәуір айының соңына қарай 1 млн-нан астам адам карточкалық шоттарды ашуға онлайн өтінім беріп, 700 мыңға жуық адам үйге жеткізумен карта алған.

Финтехтың дамуы және банктерге бармай-ақ алуға болатын жаңа қызметтер тренді одан әрі дами береді деп есептейді сарапшылар.

Орталық Азия елдері халқының жартысына жуығы әлі күнге дейін қаржылық қызметтермен қамтылмаған, дегенмен интернет желілерін дамыту бұл жағдайды түзетуі мүмкін. Мысалы, 2019 жылы Дүниежүзілік Желінің ОА-ға енуінің орташа деңгейі 49%-ға бағаланды және бұл банктерге өздерінің digital-қызметтерін дамытуға мүмкіндік берді. Бұл 79%-дық көрсеткішке ие Қазақстан мен 50%-ды көрсететін Қырғызстан мен Өзбекстан үшін өте өзекті.

Мобильді банкинг қаржы институттарына филиалдары мен бөлімшелері жоқ шалғай аудандар мен ауылдық жерлердің тұрғындарына өз қызметтерін ұсынуға көмектеседі. Бұл көрсеткіш Интернетке мобильді қолжетімділіктің жақсы көрсеткіштерінің арқасында Орталық Азия бойынша орта есеппен 60%-дан асуы мүмкін.

Ислам қаржысы саласында заңнаманы одан әрі дамыту және жаңа финтех-шешімдердің пайда болуы үшін жағдай жасау маңызды деп есептейді Ислам қаржысы саласындағы халықаралық білім беру орталығының президенті және бас директоры Профессор Дато, доктор Мохд Азми Омар.

«Исламдық қаржыландыруда жұмыс істейтін барлық кәсіпорын цифрлық форматқа өтуі үшін жағдай жасау қажет. АХҚО бұған көмектесе алады», — деп атап өтті спикер.

Оның пікірінше, финтех-компаниялар нарыққа p2p шешімдерін ұсына алады, яғни бір жүйенің қатысушылары арасындағы қаржыландыру, краудфандинг. Бұл ақша ШОБ қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Сектор компанияларының дамуына көмектесетін икемді заңнаманың арқасында Қазақстан бүкіл Орталық Азияда ислам қаржы қызметтерін тарату орталығына айналуы мүмкін.

«Инфрақұрылымды таратудан басқа, қаржылық сауаттылықты да тарату маңызды. Инвесторларды ақшаны қалай салуға және қолжетімді құралдарды тиімді пайдалануға үйрету керек», — деді Мехди Бенслиман.

Ислам қаржы саласында заңнаманы одан әрі дамыту және жаңа финтех-шешімдердің пайда болуына жағдай жасау өте маңызды, деп есептейді Мохд Азми Омар.

«Исламдық қаржыландыруда жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар цифрлық форматқа шығуы үшін жағдай жасау қажет. АХҚО бұған көмектесе алады», — деп атап өтті спикер.

 

ТМД-дағы венчурлық капиталдың экожүйесі

Жетекші венчурлік қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері мен Қазақстан, Орталық Азия елдері және Ресей инвесторлары COVID-19 пандемиясының венчурлік нарыққа әсерін және оның одан әрі өсу перспективаларын талқылады.

Қазақстанда стартаптар нарығы әзірге ерте даму сатысында тұр. Мұнда AIFC Fintech hub, Astana hub және TechGarden акселерация бағдарламалары жұмыс істейді. Нарықтың өсуіне қосымша ынталандыруларды АХҚО бере алады.

«АХҚО-ның юрисдикциясы енді пайда болуда, бірақ ондағы принциптер – ТМД үшін алдыңғы қатарлы. Бұл тіптен ТМД-дағы ең жақсы құрылым болуы мүмкін», — деп атап өтті Starta Ventures бас серіктесі және тең негізін қалаушы Алексей Гирин.

Стартаптар үшін ТМД елдерінің нарықтары аз. Мысалы, Ресейде 120 млн-нан астам онлайн пайдаланушы бар, сондықтан ірі жергілікті компаниялар, мәселен, Mail.ru, Яндекс, Ozon және Wildberries бөлшек сегментте жұмыс істейді.

«Корпоративтік ойыншы болу үшін жаһандық нарыққа шығу керек. Мысалы, Израильдегі әрбір стартап – жаһандық, өйткені жергілікті нарық жоқ және бизнестің өсуі үшін АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Қытайға бару қажет», — деп атап өтті FortRoss Ventures венчурлік қорының бас серіктесі Виктор Орловский.

Украинада да осыған ұқсас жағдай. Инвестор Мұрат Әбдірахманов жергілікті компаниялар сыртқы нарыққа шығатынын атап өтті. Нәтижесінде үш дербес компания бар: People.ai, Gitlab және Grammarly.

Өзбекстанда финтех, маркетплейс, сондай-ақ медтех бағыттары дамуда. Елдегі венчурлық капиталдың көлемі – шамамен $10 млн, инвесторлар — жергілікті «періштелер» және шетелдік қорлар. Осыған байланысты Uzbekistan Venture Capital Association бас директоры Дильшод Зуфаров аймақтың барлық инвесторлары мен қорларын біріктіру үшін Central Asian Investment Club құруды ұсынды.

Ағымдағы дағдарыс кезінде технологиялық компаниялар өз артықшылықтарын күшейтті, оларды инвесторлардың бағалауы артты. «Астана» халықаралық қаржы орталығы компанияларға инвестицияларды тарту, іске асыру және қорғау үшін толық және көпфункционалды құқықтық платформаны ұсынады.

 

EdTech білім беру технологияларының қазақстандық форумы

«Online Astana Finance Days 2020» конференциясы аясында цифрлық форматта EdTech білім беру технологияларының екінші қазақстандық форумы өтті. Биылғы жылдың орталық тақырыбы әлеуметтік оқшаулау сабақтары аясында бүкіл әлем бойынша білім беруді цифрландыру болды.

Пандемия мен әлеуметтік оқшаулау білім беру технологиялары индустриясы үшін ынталандыруға айналды – бүкіл әлем бойынша білім беру жүйесінің жеделдетілген цифрлық трансформациясы жүріп жатыр. Мектептер, жоғары оқу орындары және кәсіби сертификаттау жылдам онлайн жүйеге көшуде және осы саладағы жаңа цифрлық шынайылық жақында жүзеге аспақ.

Сарапшылар жоғары білікті АT-мамандарды іздеу және білім беруге тартудың өзекті мәселелерін; индустрияның әлеуметтік оқшаулаудан және білім берудің цифрлық трансформациясынан алған сабақтарды; цифрлық экономикадағы адам капиталының рөлін және Төртінші өнеркәсіптік революциядағы білім берудің орнын талқылады.

«АХҚО әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ернұр Рысмағамбетов 2020 жыл көпке дейін есте қалатынын және замандастары цифрлық трансформация кейстерін кейін мазмұндап отыратынын, мысалы, тұтас индустриялар мен елдер бір ғана мәселені шешу үшін біріккенін – EdTech есебінен әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін дұрыс шешімдерді іздегенін айтып отырады деді.

«Сондықтан біз экономиканың ең экологиялық саласында – білім беруде шешімдер ұсына алатын және халықаралық коллаборация жасай алатын үздік сарапшылардың басын қостық», — деді ол.

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Павел Коктышев қазіргі таңда білім беру саласы үлкен өзгерістерге ұшырап отырғанын атап өтті. Білім берудегі икемді әрі тиімді тәсілдер неғұрлым қолжетімді болып келеді, білім берудің жаңа индустриясын қалыптастыратын инновациялық әдістер пайда болуда.

«Инновациялық технологияларды тиімді қолдануды растайтын қазақстандық жобалар мен бастамалардың табысты жүзеге асып жатқан мысалдары қуантады. Қазір индустрияның бұл өзгерістері мен жаңалықтарын әр түрлі экожүйелердің сарапшыларымен талқылайтын уақыт келді, мұнда ортақ шешімге келіп, білім берудің осы кезеңінде қандай өзгерістер енгізу қажеттігін талқылауға болады», — деді ол.

 

Өзгермелі әлемде қоғам мен экономикада қандай өзгерістер болып жатыр?

Халықаралық валюта қорының соңғы болжамына сәйкес 2020 жылы әлемдік экономика бірден 4,9%-ға төмендейді, бірақ кейіннен 5,4%-ға өседі. Алайда, әзірге пандемиямен күрестегі адамзаттың жетер табысына көп нәрсе байланысты болып отыр, егер ол 2020 жылдың соңына дейін бәсеңдемесе, онда 2021 жылы да рецессия жалғасуы мүмкін. Мұндай жағдайда бизнеске өз жұмысын қолдау немесе дамыту үшін инвестициялар тарту қиынға соғады: инвесторлар абай болып, олардың көпшілігі дамушы нарықтардан капиталын алып кетеді. Қаржы алаңдары – әртүрлі форматтарда қаржыландыруға қол жеткізуді ұсына отырып, нарықтың дамуына көмектесетін халықаралық қаржы орталықтары көмектесе алады. Қазақстан 2018 жылы экономиканы әртараптандыруды қолдау үшін дербес «Астана» ХҚО іске қосты.

«Ozara Services» компаниясының өкілі Пол Пуллингер пандемия жоспарларды өзгертіп, күш-жігерді басқа бағытқа бағыттауға мәжбүрлегенін атап өтті. Атап айтқанда, мұнда ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау туралы айтылып отыр.

«Біз осындай қолдау көрсете алдық. Пандемияға қарамастан, болжамдар бірталай пессимистік болса да, бізде ЖІӨ өсімі бар. Бұдан өзге, біз әртараптандыруды және елеулі инвестицияларды қамтамасыз етеміз. Қазақстан қазіргі таңда әртүрлі автомобильдер мен жүк машиналарын импорттаудың орнына, өзінің кейбір салаларын, соның ішінде көлік пен өнеркәсіпті жергіліктендіруге ұмтылуда. Біз сондай-ақ көлік секторы мен ауыл шаруашылығы техникасына ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Біздің болашағымыз жарқын, мықты экономикамыз бар деп ойлаймыз. Қазақстанда инвесторлар үшін қолайлы ахуал қалыптасқан, даму үшін жақсы мүмкіндіктер бар», — деді ол.

Emirates Legal заң фирмасының серіктес-негізін қалаушы, АХҚО реттейтін Emirates Legal Limited құрылтайшысы Сайед Муджтаба Хусайн пандемия қайта жүктеуді іске қосып, кейбір елдерде дамуды тежегенін атап өтті. Дамыған әлем дамушы әлем деңгейіне оралды.

«Бұл АХҚО үшін өсуге мүмкіндік болса, онда бұл мүмкіндік қазір туғанын білдіреді. Қазақстан туралы айтар болсақ, мұнда экономиканың 4 негізгі секторына қатысты, бұл – сауда (ЖІӨ-нің 17,3%), тау-кен өндірісі (ЖІӨ-нің 16%), мұнай-газ (ЖІӨ-нің 13,3%). АХҚО – бұл Орталық Азиядағы Қазақстан үшін инвестициялық шлюз», — деді ол.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты — халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық қызмет көрсету орталығын құру. АХҚО міндеттері — ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету.

АХҚО-ның Финтех хабы — бұл дүниежүзілік стартаптардың, кәсіпкерлердің, корпорациялардың, инвесторлардың, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандарының түйісу нүктесі. АХҚО-дағы финтехтың дамуына стартаптарды, корпоративтік инновацияларды, венчурлік капитал нарығын қолдау бағдарламалары, финтех саласындағы өнімдер мен шешімдерді тестілеуге мүмкіндік беретін арнайы әзірленген ережелер мен реттеуіштер кіреді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу