Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

АӨК-тегі озық технологиялар және өңірдің инвестициялық әлеуеті: 2019 жылғы 8 айдағы Түркістан облысының даму қорытындылары

Сәрсенбі, 11 Қыркүйек 2019, 21:53:10

2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев Үкіметке өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, атап айтқанда, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, тұрғындардың табысын өсіруге және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар кешенін уақытылы іске асыруды тапсырған болатын. ҚР Президентінің тапсырмаларының Түркістан облысында орындалуы туралы PrimeMinister.kz материалында.

Түркістан облысы 2018 жылы 19 маусымда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен құрылған. Өңір аумағы 116,1 мың шаршы км құрайды. Облысқа облыстық маңызы бар 3 қала, 13 аудан, 836 елді мекен, 177 кент және ауылдық (селолық) округ кіреді. Өңір халқының саны – 1 995,3 мың адам.

2019 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өнімінің көлемі 6%-ға артты

Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынын арттыру, жаңа қуаттылықтарды енгізу және технологиялық процесті жаңғырту өңірдің өнеркәсіптік секторына қарқынды дамуға мүмкіндік берді. Өңір соңғы жылы инвестициялар тарту орталығына айналды. Негізгі капиталға инвестициялар 203,3 млрд құрады.

2019 жылдың соңына дейін ИИДМБ аясында 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құрумен 14,4 млрд теңге сомасына 19 жобаны іске асыру жоспарланған. 2020 жылы 503 млрд теңге сомасына 87 жобаны іске асыру көзделген, 2021 жылы — 865 млрд теңге сомасына 145 жоба. 2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 124,8 млрд тг-ден 179,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды, өңдеу өнеркәсібіне 7,01-ден 8,4 млрд теңгеге дейін, тікелей шетелдік инвестициялар 11,9-дан 19,1 млрд теңгеге дейін артты.

Инвестициялар салуда басымдықты салалар өнеркәсіп, жылжымайтын мүлікпен операциялар, сондай-ақ білім беру болып табылады. 2019 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өнімінің көлемі 323,9 млрд теңгені құрады. Өсім өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға жуықты құрады. Өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері азық-түлік өнімдерін өндіру, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтикалық өнімдер және басқа да металл емес минерал өнімдер өндіру тәрізді бағыттар бойынша артып келеді.

Олар – жобалық қуаттылығы айына 4500 тонна болатын мақта өңдейтін зауытты, қуаттылығы жылына 20 000 тоннаны құрайтын мақта өңдейтін зауытты, қуаттылығы 2000 тонна бройлер еті болатын құс өсіру кешенін салу. Сонымен қатар ағаш жоңқасынан ламинатталып жасалған тақтайды өндіру және жиһаз қасбетін дайындау қарастырылған. Жобалық қуаттылығы жылына 198 мың дананы құрайды, травертин мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру қуаттылығы жылына 6000 тонна. Темірбетон бұйымдар өндіру зауытын, ет өңдеу цехын, сүт өңдеу зауытын, макарон өнімдерін өндіретін цехты салу жоспарланған.

Пластикті, барит кенін екінші рет өңдейтін кәсіпорын, балық өңдейтін цехты, йодталған тұз өндіретін, жиһаз қасбетін дайындайтын, тауарлық бетон, асфальтбетон қоспаларын, темірбетон және бетон бұйымдарын т. б. өндіретін кәсіпорындар салу жоспарланған. 

Өңірде жалпы аумағы 1 938 га болатын «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы құрылды, оған тарихи-мәдени орталық, әкімшілік-іскерлік орталық және өнеркәсіптік аймақтар кіреді. АЭА аумағында туристерді орналастыратын орындар, санаторийлік және сауықтыру нысандары, инфрақұрылым нысандары, тұрғын үй кешендері, мектептер, музейлер т.б. орын тебеді. 

Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 2019 жылғы қаңтар-маусымда $164 млн немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 33,7%-ға артықты құрады, оның ішінде экспорт тиісінше – $120,2 млн немесе 30,8%-ға артқан, импорт – $43,8 млн немесе 142,4%.

2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да төлемдердің көлемі 98,6 млрд теңгені құрады, бұл жоспардағыдан 3,4%-ға артық. Республикалық бюджетке 66,7 млрд теңге түсті (жалпы кіріс сомасынан 67,6%), бұл жоспардағыдан 3%-ға артық. Жергілікті бюджетке 31,9 млрд теңге түсті, бұл жоспардағыдан 4,1%-ға артық. Облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының саны 2019 жылғы ІІ тоқсанда 818,7 мың адамды құрады.

Облыс әкімдігінің мәліметтері бойынша, а.ж. жеті айында электрмен жабдықтау, газ, бу жеткізу және ауаны желдету көлемі 18,6 млрд теңгені құрады, сумен қамту саласында жұмыс көлемі 3,8 млрд теңгені құрады. Маңызды өнім түрлерінен мұнай өнімдерін өндіру 2,2 есеге (108,5 мың тоннаға), мақта талшығын өндіру 2,5 есеге (37,9 мың тоннаға), ақ май өндіру 70,4%-ға (46 тоннаға) артты.

АӨК — өңірлік экономика драйвері ретінде 

2019 жылғы 8 айда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 290,4 млрд құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсім 4,2% болды. Бұл көрсеткіш бойынша өңір еліміз бойынша екінші орында. Мал шаруашылығы өндірісінің көлемі 1,7%-ға артып, 174,6 млрд құрады, егін шаруашылығы – 113,9,3 млрд-қа артты, өсім 9,3% құрады.

Облыстағы барлық шаруашылық санаттарында тірі салмағында 121,3 тонна ет өткізілді, 452,1 тонна сүт, 114,8 млн дана жұмыртқа өндірілді. 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара мал саны 1 070,1 немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,9% құрады, қой мен ешкі саны – 4 812,1 мың бас немесе 101,6%, жылқы – 341,1 мың бас немесе 108,9%, түйе – 30,1 мың бас немесе 107,5%.

Өткен жылы ауыл шаруашылығына 25 млрд теңге бөлініп, 27,5 мыңнан аса ауыл шаруашылығы өндірушілері мемлекеттік қолдауға ие болды. Өткен жылы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің 72,1%-на электронды түрдегі мемлекеттік қызметтер көрсетілді. 2017 жылы бұл көрсеткіш небәрі 6,6% деңгейінде болды.

Сонымен қоса, ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау жеңілдетілді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін минералдық тыңайтқыштардың бағасын субсидиялау және өсімдіктерді қорғау мақсатында гербицидтердің, биоагенттердің және биопрепараттардың құнын субсидиялау QOLDAU.KZ ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.

АӨК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 178,2 мың адамды құрады, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 1 140 мың теңге болды немесе өсім 103,4% құрады.

Статистикалық мәліметтер бойынша, еліміздегі жеміс-жидек өндірісінің 40%-ы және жүзім өндірісінің 73%-ы Түркістан облысының үлесіне тиесілі.

Сонымен қатар, тамшылап суару жүйесінің қосымша 7174 га пайдалануға берілді, жалпы аумағы 65 017 га құрады. Республика бойынша үлесі 73% құрады. Осы әдісті енгізудің нәтижесінде су тұтыну 3-4 есеге азайды, ал көкөністер түсімі 3 есеге артты, жемістер түсімі 1,5 есеге, мақта түсімі 2,5 есеге ұлғайды.

Соңғы екі жылда 52 су шаруашылығы жөнделді. Нәтижесінде 45,5 мың га жердің сумен қамтылуы және мелиорациясы жақсарып, 1000 гектар айналымға енгізілді.

Ірі қара мал, қой мен ешкі, жылқы басын өсіру және ет пен сүт өндіру бойынша облыс елімізде алдыңғы қатарлы орында.

Жыл басынан бері 370 мың шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілді

2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 70,9 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,6% құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы саны 370,5 мың шаршы метрді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 127% құрады.

2019 жылғы қаңтар-тамыз айларында статистикалық мәліметтер бойынша тұтынушылық бағалар индексі 2018 жылың қаңтар-тамыз айларына 105 % құрады. Бөлшек сауда көлемі 104,9 млрд теңгені немесе 104% құрады.

Жүк айналымының тасымалы өткен жылдың сәйкес кезеңіне 6,1%-ға артты. Жолаушылар тасымалының көлемі 700,7 млн адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 5%-ға ұлғайды (ҚР – 103,4%, 6 орын).

Байланыс қызметінің көлемі 3,9 млрд теңгені немесе 108,5% құрады (ҚР – 103,4%, 4 орын).

Өңірдің облыс орталығы — Түркістан қаласының құрылысы қарқынды жүріп жатқанын айта кеткен жөн. Бүгінде қалада жаңа автовокзал ашылды, оның өткізу қабілеті түрлі бағыттар бойынша тәулігіне 600-ге жуық автобусты құрайды. Вокзалда тәулік сайын 10 мың жолаушыға дейін қызмет көрсетіледі деп күтіліп отыр. Автовокзал көлік ағынын оңтайландыру және облыс орталығындағы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында салынған.

Әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи мақсаттардағы нысандар салынып жатыр. Олар — оқушылар сарайы, әкімдік ғимараты, медиа орталық, конгресс-холл, «Нұр-Сұлтан» алаңы, Тұңғыш Президент саябағы, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, неке сарайы, Қазақ драма театры, Қ. А. Яссауи музейі, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің ұлттық орталығының ғимараты, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана және т.б.

Облыста білім беру мен денсаулық сақтау саласының дамуы

2019 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 21,5 млрд теңге қарастырылған. Денсаулық сақтау нысандарын дамытуға 7,4 млрд теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға — 6,8 млрд теңге қарастырылған. Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісі 740 нысанды қамтиды, оның ішінде: ауруханалар – 30, амбулаторлық-емханалық мекемелер, медпункттер, фельдшерлік-амбулаторлық пункттер, басқа да ұйымдар – 710.

Білім беру саласында жүйені қаржыландыруға биыл 264,2 млрд теңге қарастырылған. 68 мектепті салуға 24,2 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен – 10 932 млн теңге. Күрделі жөндеу жүргізуге 3 млрд теңге қарастырылған. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту — 92,4%-ды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 96% құрайды.

Облыста оқушылар саны 467,7 мың болатын 901 жалпы білім беретін мектеп бар. Кең жолақты ғаламтор желісіне 901 мектеп немесе 100% қосылған. 1 423 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді, оларда 149 250 бала немесе 91,6% қамтылған. 897 мектепте 2 675 интерактивті тақта орнатылған. Мектептерде 42,8 мың компьютерлік техника бар немесе орта есеппен алғанда 10,5 оқушыға 1 компьютерден келеді. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.