Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы 10 негізгі бағытты қамтиды

Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2020, 10:06:10

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы туралы баяндады.

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру үшін Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын әзірледі.

Жоба жаңа экономикалық бағдардың 7 негізгі қағидатына негізделген және 10 басты бағыт бойынша 143 іс-шарадан тұрады.

Бірінші бағыт. «Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі»

Мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру жоспарланып отыр.

Тиімді кадр саясаты мен шешімдер қабылдау жүйесі қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында 2021 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылады.

Экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі шаралар жалғасады.

Барлығы 10 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

Екінші. «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму»

Бұл бағыттың негізгі басымдығы өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандық қамту үлесін ұлғайту.

Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылады.

Еліміздің көлік-транзит секторын белсенді дамыту жұмыстары жалғасады.

Шағын және орта бизнесті, оның ішінде экономиканың зардап шеккен секторларын қолдау және дамыту жұмыстары жалғастырылады.

Ақша-несие саясаты маңызды ынталандырушы рөл атқаратын болады.

Салық міндеттемелерін орындауды оңайлату және көлеңкелі экономиканы азайту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Барлығы 42 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

Үшінші. «Теңгерімді аумақтық даму»

Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса назар аударылатын болады.

Өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру әлеуетін ескере отырып, өсу нүктелері қалыптастырылады.

Шекара маңындағы аумақтарда отандық тауарларды ілгерілету үшін ынтымақтастық кеңейтіледі.

Барлығы 2 шараны жүзеге асыру жоспарлануда.

Төртінші. «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық»

Азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу және емделу үшін пайдалануға мүмкіндік беріледі.

Жалға берілетін тұрғын үйді дамыту, әлеуметтік жағынан осал халықты жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені қабылданады.

Әлеуметтік және демографиялық саясатты жетілдіру жалғасады.

Барлығы 10 іс-шара жүзеге асырылады.

Бесінші. «Қолжетімді әрі сапалы білім»

Толыққанды оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай онлайн білім беру платформасы әзірленеді.

 Білім беру жүйесіне білікті кадрлар тартылады, педагог мәртебесі артады.

 Кәсіби білім беру еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға қайта бағдарланатын болады.

Еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылатын болады.

Барлығы 16 іс-шараны жүзеге асыру жоспарлануда.

Алтыншы. «Денсаулық сақтау саласын дамыту»

Медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға және материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады. 

Ауылдық жерлерге қызмет көрсету үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек пен көліктік медицинаны белсенді дамыту жоспарлануда.

Медициналық препараттардың отандық өндірісін дамыту жөнінде шаралар қабылданады.

Барлығы 10 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

Жетінші. «Экология және биоалуантүрлілікті қорғау»

Минералдық-шикізат базасын, су шаруашылығын, балық кәсіпшілігін және ұлттық парктерді дамыту жөнінде кешенді шаралар қабылданады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жалғасады.

«Жасыл өсім» және ұлттық экономиканы терең декарбонизациялау бойынша шаралар қабылданады.

Барлығы 8 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

Сегізінші. «Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында» 

Үш буынды қылмыстық модель құрылып, қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнаманың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. 

Жергілікті полиция қызметін одан әрі жетілдіру жалғасады.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметінің ашықтығы мен есептілігі артады.

Барлығы 30 іс-шараны жүзеге асыру жоспарлануда.

Тоғызыншы. «Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі»

Цифрлық теңсіздікті жою және интернетке барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады.

Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу цифрландырылады.

Деректер базасының бірыңғай жүйесі құрылады.

Барлығы 8 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

Оныншы. «Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы»

Азаматтардың мемлекеттік басқару мәселелерін шешуге белсенді қатысуын кеңейту мақсатында онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институты құрылады.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізіледі.

Мәслихаттар қызметінің ашықтығы артады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен өкілеттіктері күшейтіледі.

Барлығы 7 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді әрі сапалы іске асыру үшін Премьер-Министр орынбасарларының жетекшілігімен 11 жұмыс тобын құра отырып, жобалық тәсілді қолдану ұсынылады. Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын белгіленген мерзімде уақытылы орындауды қамтамасыз етуге арналған барлық қажетті ресурстар мен тетіктер бар», — деп түйіндеді Р. Дәленов.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.