Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Президент Жолдауын іске асыру: мектептерде — тегін секциялар, өңірлерде Ұлттық қолөнер орталықтары ашылады

Бейсенбі, 03 Қыркүйек 2020, 16:18:43

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг аясында 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру бойынша жоспарланған шаралар туралы айтып берді.   

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұқаралық спорттың дамуына ерекше назар аударды. Қаржы тапшылығы жағдайында, кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен ұстаудың мағынасы жоқ екендігі атап өтілді. Өңірлерде спорт секцияларын ашуға және балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға басымдық беріліп отыр. 

«Бұл мәселені шешу үшін 2020 - 2025 жылдарға арналған дене шынықтыруды және бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспары аясында іс-шаралар жүзеге асырылатын болады, онда білім беру ұйымдарында тегін спорт секцияларын ашу, мектеп оқушылары мен студенттердің спорттық лигаларын құру, мектептерді спорттық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету қамтылады», — деді Н. Дәуешов.

Бүгінгі таңда елімізде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 5 млн астам адам айналысады, бұл ел халқының 30,6%-ын құрайды. 

Кешенді жоспарға сай бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 7,5 млн адамға дейін немесе 45% жеткізу көзделген.

Жалпы, вице-министрдің айтуынша, бүгінде елімізде дені сау ұрпақ қалыптастыру мақсатымен балалар мен жасөспірімдер үшін жағдай жасалып келеді. Мысалы, 2019 жылы 11 жаңа балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды. Елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған 477 спорт мектебінде 350 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спорт түрлерімен шұғылданады. Бұл ретте аталған спорт мектептеріндегі секциялар тегін өткізіледі.

Мемлекет басшысы балалар энергиясын дұрыс арнаға бағыттаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл үшін балалар мен жастардың шығармашылық әлеуеті мақсатында өңірлерде ұлттық қолөнер орталықтарын ашу жоспарлануда, онда жас ұрпақ өкілдері шығармашылық және қолөнер негіздерін меңгеретін болады.

«Бүгінгі таңда осындай кешендердің бірі Жамбыл облысындағы «Шахрестан» орталығы болып табылады. Бұдан басқа, Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті кешенінің базасында қолөнер орталығын ашу жоспарлануда. Осы орталықтардың жұмыс істеу тәжірибесін зерделегеннен кейін ел өңірлерінде қолөнер орталықтарының желісін кеңейту бойынша одан әрі жұмыс жүргізілетін болады», — деді Н. Дәуешов.

Балаларды шығармашылыққа жаппай тартудың осындай қағидаты бойынша республикалық және жергілікті деңгейдегі мәдениет ұйымдарында шығармашылық үйірмелер құруға бастамашылық жасалады. Бұл балаларды дамыту мақсатында бос уақыттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп, талантты балаларды ерте кезеңде анықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, мәдениет және өнер ұйымдарында ересектермен белсенді өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті жағдайлар іске асырылады.

Осы мақсаттар үшін ең алдымен Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет ұйымдарына осындай құқық беру жөніндегі қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық етуді жоспарлауда.

Сондай-ақ, Жолдауда мұғалімдердің әл-ауқатын арттыруға және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың жалақысын 25%-ға арттыруға назар аударылды. Бұл бағытта Мәдениет және спорт министрлігі тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Мәселен, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет және спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледждер қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 25%-ға ұлғаятын болады.

Бүгінде ҚР Парламент Мәжілісінде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған заң жобасы қарастырылып жатыр. Құжаттың аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарына сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде қосымша ақы енгізу мәселесі пысықталуда.

«Мемлекет басшысының Жолдауында аталып өткен стратегиялық бағдарларды сапалы және уақытылы орындау үшін министрлік тарапынан барлық тиісті шараларар қабылданатын болады», — деп түйіндеді Р. Дәуешов.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
17 Қараша 2020, 10:02
Үкімет тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелерін қарады
17 Қараша 2020, 09:48
2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастауымыз керек — А. Мамин
17 Қараша 2020, 08:50
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді
16 Қараша 2020, 18:46
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді
16 Қараша 2020, 17:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №752 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.