ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметінен босатылды.

Елбасы Өкімімен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Президент Жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов ҚР Бас Прокуроры қызметіне тағайындалды.

«Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын», — делінген ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығының мәтінінде.

Бұдан өзге, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

  • Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

  • Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

  • Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне;

  • Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

  • Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу