Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Президент әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды

Дүйсенбі, 16 Наурыз 2020, 17:32:51

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, мемлекеттік аппараттың тұрақты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін дағдарысты жағдайлар кезінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.   Дағдарысты жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жұмыс істеуінің мынадай тетігі айқындалсын:

1)  Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын және ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін жоғары лауазымды тұлға ретінде, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық салада:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясында реттелген мәселелерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін ұйымдастыру мен қызметі;
  • салық салу, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, нақтылау және пайдалану;
  • халықтың және экономиканың үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды әкелу және әкету;
  • мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
  • еңбекақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету, медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен шарттарын қалыптастыру;
  • шекті тарифтерді және халықтың және экономиканың үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға бағаларды белгілеу;
  • бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
  • лицензиялау, рұқсаттар және хабарламалар;
  • мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
  • құқық  тәртібін қамтамасыз ету;
  • қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдары;
  • елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру;
  • монополияға қарсы заңнама және бәсекелестікті қорғау;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру мәселелері бойынша реттеудің өзге де тәртібін көздейтін актілер қабылдауға немесе мемлекеттік органдарға тапсырмалар беруге құқылы;

2)  Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы органдар жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асыратын орган ретінде, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында тікелей құзыреті болған кезде, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мәселелер бойынша өзге де тәртіпті көздейтін актілер қабылдауға немесе мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беруге құқылы;

3)  Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында тікелей құзыреті болған кезде, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мәселелер бойынша өзге де тәртіпті көздейтін актілер қабылдауға құқылы;

4)  орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларында тікелей құзыреті болған кезде, оның ішінде  осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мәселелер бойынша өзге де тәртіпті көздейтін актілерді қабылдауға құқылы.

2.   Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1)  бір ай мерзімде заңнамалық актілерге осы Жарлықты іске асыруға, оның ішінде қажет болған кезде өзге де функцияларды қайта бөлуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;

2)  осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

3.   Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4.   Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                        Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 16 наурыз   № 286

 


Жаңалықтар тізбегі
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
17 Қараша 2020, 10:02
Үкімет тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелерін қарады
17 Қараша 2020, 09:48
2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастауымыз керек — А. Мамин
17 Қараша 2020, 08:50
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді
16 Қараша 2020, 18:46
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді
16 Қараша 2020, 17:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №752 Қаулысы
16 Қараша 2020, 11:08
17 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2020, 09:56
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №86
14 Қараша 2020, 12:56
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елордада тұрғын үй құрылысының барысын тексерді
13 Қараша 2020, 23:00
Елбасының төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті
13 Қараша 2020, 10:43
БҚО-ға ресми сапар: Роман Скляр бірқатар индустриялық нысандарды тексерді
13 Қараша 2020, 10:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы №746 Қаулысы
13 Қараша 2020, 10:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы №745 Қаулысы
12 Қараша 2020, 12:33
А. Мамин ҚР-дағы Азия даму банкінің жаңа директоры Н. Маннапбековті қабылдады
11 Қараша 2020, 17:52
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
10 Қараша 2020, 18:51
Академиялық еркіндік, оңтайландыру және саралау — қазақстандық ЖОО-лар қалай дамуда
10 Қараша 2020, 15:12
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
10 Қараша 2020, 14:33
Биыл 10 айда мұнай және конденсат өндіру көлемі 71,6 млн тоннаны немесе жоспардан 100% құрады — Н. Ноғаев
10 Қараша 2020, 12:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2020
10 Қараша 2020, 12:25
10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция 7,5%-ға ұлғайды — С. Омаров
10 Қараша 2020, 12:19
Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша елімізде 94 мыңнан аса баспана пайдалануға берілді — Б. Атамқұлов
10 Қараша 2020, 12:09
Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.