Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев ірі әлемдік компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді

Бейсенбі, 04 Шілде 2019, 17:02:01

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласына Astana Finance Days халықаралық қаржы форумына және Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысуға келген ірі әлемдік компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Baker Hughes, a GE company президенті – бас атқарушы директоры Лоренцо Симонеллиді қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканың түрлі саласындағы, соның ішінде машина жасау және энергетика секторларындағы бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысқаны үшін Лоренцо Симонеллиге ризашылық білдіріп, оның компаниясының Қазақстанда жақсы жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

 «Түрлі саладағы табысты іс-қимылдар бойынша мол тәжірибеміз бар. Біздің жемісті ынтымақтастығымыз жалғаса береді деп ойлаймын», — деді Мемлекет басшысы.

Лоренцо Симонелли компанияның Қазақстанда жаңа жобаларды белсенді жүзеге асырып жатқанын айтты.

 «Екінші үйімдей болып кеткен Қазақстанға қайта оралу мен үшін зор қуаныш. Біз өз жұмысымызда жаңа салаларды ашып жатырмыз. Қазақстан біздің компанияның әлеуетін тұтас ел аумағындағы инфрақұрылымды дамыту үшін сәтті пайдаланудың жарқын үлгісін көрсетеді деп ойлаймын», — деді бизнесмен.

Қазақстан Президенті мен компания басшысы келешек ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Polymetal» компаниясының президенті Игорь Финогеновті қабылдады.

Мемлекет басшысына «Polymetal» кәсіпорнының Қазақстан мен Ресей нарығында жүзеге асырылып жатқан ірі жобалары туралы мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті «Polymetal» кәсіпорнының «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына енуімен құттықтап, компанияның біздің елдегі жұмысына тоқталды.

«Polymetal» Астана халықаралық қаржы орталығының биржасында орналасқан алғашқы шетелдік компания атануымен құттықтаймын және ризашылығымды білдіремін. Сіздер Шығыс Қазақстан облысындағы Бақыршық кен орнында «Қызыл» жобасын табысты аяқтадыңыздар. Қостанай облысындағы алтын кен орнында да жобалар жүзеге асыр ып жатырсыздар», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Игорь Финогенов «Астана» ХҚО шетелдік компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеуіне үлкен инвестициялық мүмкіндіктер жасап отырғанын атап өтті.  

«Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына енуімізді үлкен жетістік деп санаймыз. Өйткені, бұл Қазақстанда қаржылық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған алғашқы қадамымыз. Біз  геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция салуға мүдделіміз, ал биржа бұл үшін жақсы мүмкіндік», — деді Игорь Финогенов.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың алдағы уақытта да арта беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы «Тоталь барлау және өндіру» компаниясының президенті Арно Брейякпен кездесті.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық компаниямен жемісті ынтымақтастығын атап өтті.

 «Қашаған бойынша және басқа да энергетикалық жобалар бойынша табысты ынтымақтастық орнаттық. Жалпы, бәрі жақсы жүріп жатыр деп ойлаймын», — деді Қазақстан Президенті.

Арно Брейяк Мемлекет басшысына кездескені үшін алғыс айтып, «Тоталь» мен Қазақстан арасындағы, соның ішінде Қашаған кен орнын игеру консорциумы аясындағы жемісті ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.

 «Мен аталған жоба бойынша көп жылдан бері жұмыс істеп келемін. Біз қазір Қашағандағы өндіру деңгейінің жоғары екеніне өте қуаныштымыз. Дегенмен, өндіруді арттыру үшін әлеуетіміз жеткілікті. Жобаның қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеуіне өз үлесімізді қосуға дайынбыз», — деді компания басшысы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Марубени» сауда компаниясының вице-төрағасы Шигеру Ямазоэні қабылдады.

Мемлекет басшысы жапондық сауда компаниясының табысты қызмет атқарып жатқанын атап өтіп, Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысатынына ризашылығын білдірді. 

 «Біздің Жапониямен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі ынтымақтастығымызға биыл 25 жыл толды. Біз осы аралықта қарым-қатынастарды жан-жақты кеңейтіп әрі нығайта алдық. Соның ішінде, екіжақты тиімді сауда-экономикалық байланысымыз артты. "Марубени" компаниясы Қазақстан нарығында 1993 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шигеру Ямазоэ Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастардың негізін салған ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыратынына сенім білдірді.

 «Біз 30 жылға жуық Қазақстан нарығында жұмыс істеп келеміз. Осы аралықта біз инфрақұрылым, энергетика, көлік салаларына араласып, Нұр-Сұлтан қаласының әуежай құрылысына да қатыстық. Сонымен қатар, біз 2007 жылдан бері екі ел достығының символы іспеттес – "Хорасан" жобасына да қатысып келеміз», — деді Шигеру Ямазоэ.

Қазақстан Президенті «Anadolu Group» компаниясының президенті Тунджай Озильханды қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Anadolu Group» компаниясының тобы әлемде, соның ішінде Қазақстанда танымал екенін және түрлі салада табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы компанияның ел экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалады.

Тунджай Озильхан Қазақстан Президентіне кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, компанияның бизнестің жаңа салаларын игеруге мүдделі екенін айтты.

Қазақстан Президенті мен компания басшысы адам капиталын, «қарапайым заттар» экономикасын дамыту, отандық тауарлардың экспорттық әлеуетін арттыру және Қазақстанның инвестициялық климатын одан әрі жақсарту мәселелері бойынша пікір алмасты. 

Қазақстан Президенті Royal Dutch Shell plc компаниясының бас атқарушы директоры Бен ван Берденді қабылдады.

Мемлекет басшысына трансұлттық компанияның энергетика және мұнай-химия салаларындағы жобаларды жүзеге асыруы жөнінде мәлімет берілді.

«Shell кәсіпорны Қашаған, Карашығанақ, Каспий құбыр желісі консорциумы сияқты ірі жобаларға белсенді қатысуда. Сіздің Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысқаныңызға қуаныштымын. Бұл біздің ынтымақтастығымызға оң ықпал етеді», — деді Қазақстан Президенті.

Компания басшысы бірлескен жобаларды одан әрі жемісті іске асыруға сенім білдірді.

«Біз Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті жалғастыруды және міндеттемелеріміздің бәрін орындауды көздейміз. Алдағы уақытта еліңіздегі бірлескен жобалардың өндіру көрсеткіштерін арттыруды жоспарлап отырмыз», — деді Бен ван Берден.

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі таңда Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан экономикасына инвестиция салып отырған ірі қаржы институттарының бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы банктің біздің елдегі көп жылғы жұмысына жоғары баға берді.

«Сіздердің Қазақстандағы жұмыстарыңыздың басталған кезін жақсы білемін және Сіздің алдыңыздағы басшылармен де таныспын. Банк біздің елімізде табысты жобалар жүзеге асырды. Бұл мақтауға тұрарлық жұмыс деп ойлаймын», — деді Қазақстан Президенті.

Сума Чакрабарти Қазақстанның ЕҚДБ әріптестерінің ішіндегі ірі бестікке кіретінін айтып, жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына үміт білдірді.


Жаңалықтар тізбегі
05 Маусым 2020, 20:17
Тарихи ескерткіштер, спортшыларды даярлау және туризм индустриясы — Қазақстанда мәдениет пен спорт қалай дамуда
05 Маусым 2020, 19:09
Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді
05 Маусым 2020, 17:29
Аты аңызға айналған Алматының апортын жаңғырту: кәсіпкерлерді қолдау және алма бақтарын ұлғайту қалай жүргізілуде
05 Маусым 2020, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №346 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №344 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 02 маусымдағы №342 Қаулысы
05 Маусым 2020, 12:53
Айдын Ашуев ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 17:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 17:16
Қашықтан оқыту, 1 сыныпқа онлайн қабылдау, Абай атындағы мектептер желісін құру — былтырғы оқу жылындағы жаңашылдықтар қандай
04 Маусым 2020, 15:42
Қазақстан Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 13:00
А. Мамин: инвестициялар тарту — экономикалық өсімді қалпына келтірудің негізгі драйверлерінің бірі 
04 Маусым 2020, 12:15
Ерлан Байтұқбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 10:15
Бірқатар өңірлердің әкімдіктеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды
04 Маусым 2020, 08:55
Серік Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 08:41
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 19:15
Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті
03 Маусым 2020, 19:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.