Жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығы туралы баспасөз конференциясы өтеді

Жұма күні, 12 шілдеде сағат 11.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Шара спикері – ҚР қаржы вице-министрі Қанат Баедилов.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Ютуб ресми арнасынан, Фейсбук«Вконтакте»Твиттер әлеуметтік желілерінен көре аласыздар. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу