«Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысы туралы баспасөз конференциясы өтеді

Дүйсенбі күні, 2 шілдеде, сағат 15:00-де Үкімет үйінде ҚР Президенті Жолдауының алтыншы бағыты аясында АХҚО жұмысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Шара спикерлері:

  • «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов,

  • АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитетінің (AFSA) басқарушы директоры Мұхтар Бөбеев,

  • Astana International Exchange (AIX) АХҚО Биржасының басқарма төрағасының орынбасары Әмина Тұрғұлова,

  • «АХҚО әкімшілігі» АҚ цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жанасова.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу