«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бесінші реформасын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді

Бейсенбі, 27 шілдеде, сағат 15.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» атты бесінші институционалдық реформасын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді. 

Күн тәртібінде - «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» атты бесінші институционалдық реформасын іске асыру барысы.

Баспасөз конференциясының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және FacebookВконтактеTwitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ төрағасы Абылайхан Оспанов баяндама жасайды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу