«Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын іске асыру бойынша өңірлерге жасаған сапарлардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді

Дүйсенбі күні, 6 мамырда, сағат 11.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Үкіметтік жұмыс тобының Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын іске асыру бойынша өңірлерге жасаған сапарларының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді.

Шара спикерлері:

  • ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова;

  • ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев;

  • ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова;

  • ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов;

  • ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу