Коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баспасөз конференциясы өтеді

Бейсенбі күні, 20 желтоқсанда, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин шара спикері болады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу