ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады

2019 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады.

ЕАҮК отырысының күн тәртібінде ішкі нарықтың жұмыс істеуі, өнеркәсіптік кооперация, технологиялар трансфері, ауыл шаруашылығы, кедендік әкімшілендіру, көлік және логистика, трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл салаларында Одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту мәселелері қаралады. 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінің басшыларын Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қабылдайды деп күтілуде.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу