Үкімет отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шараларын іске асыру барысы қаралады

Сейсенбі күні, 1 тамызда, сағат 10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шараларын іске асыру барысы, Ұлттық бірыңғай тестілеу мен қабылдау емтихандарының қорытындылары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және FacebookВконтактеTwitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрайымы Елена Бахмутованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу