26 Шілде 2019, 16:22
Дүйсенбі күні, 29 шілдеде, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 2019 жылдың І жарты жылдығында іске асыру қорытындылары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов шара спикерлері болады.
Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан және Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу