12 наурызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 12 наурызда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. 

Отырыстың күн тәртібінде:

  • 2019–2023 жылдарға ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019–2021 жылдарға арналған республикалық бюджет болжамы;

  • 2019 жылғы қаңтар-ақпандағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындысы; 

  • ҚР 2019–2025 жылдарға арналған туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловтың және ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу