28 Желтоқсан 2018, 06:00
Сенбі күні, 29 желтоқсанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.
Отырыстың күн тәртібінде:
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі.
Коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету шаралары.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Роман Склярдың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу