30 Шілде 2018, 12:25
Сейсенбі күні, 31 шілдеде, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңның нормаларын түсіндіру туралы баспасөз конференциясы өтеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаменті директорының орынбасары Алма Мұқанова шара спикері болады.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу