ҚР машина жасау саласын дамыту жөніндегі жол картасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

Бейсенбі күні, 1 тамызда, сағат 11:00-де, ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «ҚР машина жасау саласын дамытудың 2019–2024 жылдарға арналған жол картасы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан машина жасаушылары одағы» ЗТБ төрағасы Мейрам Пішембаев шара спикерлері болады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан және FacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу