2 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 2 сәуірде, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • су тасқыны жағдайы;
  • моноқалаларды дамыту.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көре аласыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында төтенше жағдайлар министрі Ш.Әрінов, экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев, су ресурстары және ирригация министрі Н.Нұржігітов, көлік министрі М.Қарабаев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қ.Шарлапаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

#Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу