19 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 19 мамыр күні сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша сағат 11.00-де ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетовтың қатысуымен брифинг өтеді.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Aitube.kz, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу