VI Қазақстан машина жасаушылары форумының басталуы туралы баспасөз конференциясы өтеді

Бейсенбі күні, 20 қыркүйекте, сағат 09:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «VI Қазақстан машина жасаушылары форумының басталуы: Отандық машина жасаушыларды дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр, «Қазақстанның машина жасаушылары одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев шара спикерлері болады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу