17 наурызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 17 наурызда, сағат 09.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

  • Кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдау шаралары;

  • 2020 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындық барысы.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Aitube.kzFacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР Президентінің «Мемлекет қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлығын түсіндіру бойынша брифинг өтеді.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов, ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов шара спикерлері болады. 

Брифингтің тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Aitube.kzFacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен және Хабар 24 телеарнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу